Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Ұрғашылық қыласың осындайда (Қозы Көрпеш-Баян сұлу). 1. “Мақтаған ат көті кұң



бет15/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
Ұрғашылық қыласың осындайда (Қозы Көрпеш-Баян сұлу).

1. “Мақтаған ат көті кұң осы ма”? - деп,

Жөнелді қайтып Теңге ел жағына.

2. Сыртымнан қатыншылап күңкіл қылмай

Көзіме еркек болсаң, айтшы баян (Айман-Шолпан).

Лиро-эпостық жырлардағы дисфемизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігіне, үйлену салтына, әдет-ғұрпына байланысты пайда болған. Жоғарыдағы асты сызылған дисфемизмдер ішкі сезім, қуаныш пен мұң, қайғы-шерді айқын суреттеу үшін таптыртпайтын тілдік құрал.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерте заманнан келе жатқан тағы бір үлкен саласы – айтыс. Айтыс өлеңдеріндегі халықтық дисфемизмдер халқымыздың басынан кешірген әр замандағы тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына мәдени өмірі мен шаруашылығына байланысты пайда болған. Дисфемизмдер, көбінесе, айтыс ақындарының жеңу құралы ретінде бір-бірінің кемшіліктерін бетіне басу үшін қолданылған. Мысалы: Мырзан би мен Тайбан бидің шешендік айтысында мынадай жолдар бар:

- Ей, Мырзан!

Жалқы жігітше жалбаңдай берме,

Жарлы жігітше жалтаңдай берме.

Құлағы жоқ, шұнақ Мырзан,

Құйрығы жоқ, шолақ Мырзан (Айтыс).

Осы жолдардағы “шұнақ“, “шолақ” деген дисфемизмдер адамды кемсітуден пайда болған.

Атақты “Біржан-Сара” айтысында Сара Біржанға былай деген:

Жүз Жанақ, он Орынбай жолдас алсаң,

Мен кепіл сен жеңілмей тұрмасыңа.

Санаң болса осымен тоқта Біржан,

Арғынды бос қоздырмай ұрғашыға.

Немесе: Қонжиып мінер құла жорға болса,



Келе алмас ол шірігің қорғаласа (Біржан-Сара айтысы).

Осы мысалдарда жұмсалып тұрған дисфемизмдер тура мағыналы атауларымен былайша үйлесім табады: Әйелге-ұрғашыға, намыссызың-шірігің. Сара ақын осы жолдарда “ұрғашыға” деп өзін мегзесе, “шірігің” деп Жиенқұлды айтқан.

Дисфемизмдер қазақтың қара өлеңдерінде де кездеседі.

Жаманның жемтік түссе жүргегіне,

Жолдасының қарамас өлгеніне.

Мұндағы жемтік сөзі олжа, табыс мағынасында жұмсалып тұрған дисфемизм.



Өлеңімнің басы еді быжық-тыжық,

Басы быжық болғанмен арты қызық.

Осы жолдардағы быжық-тыжық, быжық дегендер ауыспалы мағынада келіп дисфемизмдердің міндетін атқарып тұр. Тура мағыналары: жамау-құрау дегенді білдіреді.

Сөйтіп, халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілеріндегі дисфемизмдер ұлтымыздың болмыс-бітімі мен дүниетанымын, мәдениеті мен руханиятын, тіршілігі мен тұрмысын айшықтауға айтарлықтай көмектескен. Жоғарыдағы мысалдардан көрінетіндей дисфемизмдердің мағыналық өрісі мен қолданыстық қызметі күшті, ауқымды болған. Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі дисфемизмдерді сонау көне замандардан бүгінге дейінгі аралықта жан-жақты дамыған тілдік құбылыс деп танимыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет