Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану. Орындаған: Темирханов Бекзат



бет6/8
Дата31.12.2021
өлшемі21,13 Kb.
#21943
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады. Бірақ, саяси оқиғалар ситуативті және субъективті болғандықтан саяси шынайылықты тану — өте күрделі әрі қарама-қайшылықты процесс, Ситуативтілік саяси ақиқат үшін нақтылықтың жоғары дәрежесінің тән болуынан және саяси проблемалардың шешімінің алдын ала берілмейтіндігінен көрінеді. Сондықтан да, жалаң пікірлерді басшылыққа алуға болмайды, керісінше дәл осы зерттелініп отырған жағдайды, оның мазмұнын бар байлығымен ашу қажет. Субъективтілік саяси оқиғалардың саяси қатынастар субъектісінің шығармашылық әлеуетіне, оның саяси мәдениетті игеруіне, оның еркіне, мақсатқа ұмтылысына, саяси интуициясына, шынайылықты сезінуіне тәуелділігін бейнелейді. Ситуативті және субъективті сәттердің мазмүны өткінші, өзгермелі болғандықтан, оларды саяси ақиқатта көрсету өте қиын. Бұдан өзге, саяси оқиғалардың — өткеннің, бүгінгінің және болашақтың бір-бірімен өзара тығыз байланысып жаткан процесс екендігін ескерген абзал. Өткен уақыт жоғалып кетпейді, ол өңін өзгерткен формада бүгіннің негізі, алғышарты, шарты ретінде, ал болашақ қазіргі уақыттағы дамудың объективті ағымы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет