Мамандығы «Мейіргер ісі», біліктілігі «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»



бет4/6
Дата07.06.2023
өлшемі25,94 Kb.
#99360
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Неврологиядағы мейірбике ісі СТАНДРТТАР (1)

Б)Жүзбе - жүз тану . Сырқатқа таныс адамдарының суреттері көр сетіледі . Түрлі түсті анықтау . Әр түрлі түстерді ажыратып айтып беру .
В) Көру - кеңістіктігін ажырату . Сырқаттан жасанды циферблатты сағат тілдерін тиісті орнына қоюды , географиялық карта схема сындағы бағыттарды ажыратып беру өтініледі . Сырқат айнадағыдай теріс түскен элементтерді ажырата алмауы немесе фигура элементтерінің арақатынасын дұрыс түсінбеуі мүмкін
Г)Кеңістіктік таным (Иерекс сынағы)сынақ жүргізу:
Сырқатқа көрініп тұрған немесе көрінбеген текшелерден тұрған немесе көрінбеген текшелерден жасалған фигуралар схемасы көрсетіледі де , одан олардың неше текшеден құрастырылғандығын есептеп шығаруды өтінеді . Осы сынақ орындалу кезінде сырқат қате жіберіп алса , оның кеңістіктік ажырату қабілетінің бұзылғаны.

  1. Сезімталдықты зерттеу тәсілдері:

І. Үстірт сезімталдықты зерттеу: Сезімталдықтың барлық түрлерін зерттеу кезінде сырқаттың көзі жұмулы болу керек .
А)Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дерігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас , дене , аяқ - қол теріле рінің әр түрлі жерлеріне тигізеді . Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны « иә » деп мақұлдап отырады . Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді . б)Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың , дененің , аяқ - қолдын әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді . Науқас түрткілеудің « өткір » не месе « өткір емес » екендігін айтып отыруға тиіс . Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса ( аналгезия ) , немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе , ( гипалгезия ) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе ( гипе ралгезия ) , « өткір » , « тұтқыл » немесе « өте өткір » екендігін білдіріп отырады .
В)Температура сезімталдығын тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай , екінші пробиркаға 18-20 градус шамасында су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне , денесіне , кол аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді . Сонда тексерілуші « жылы » немесе « салқын » деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады . Егер тигізген тұсында ыстық немесс суықты сезбесе ( термо анестезия ) , әйтепесе күштірек сезінсе ( термогиперестезия ) , сезімтал дық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақым данған болып табылады .



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет