Дата
журналистика
Дата–журналистика, яғни деректер журналистикасы
деген не екенін
білгіңіз келе ме?
Бұл сұраққа әр дата журналистің өз жауабы бар. Сондай–ақ мифтер мен
жаңсақ пікірлер де көптеп кездеседі. Кері дәлел жасап көрелік. Дата–
журналистика үлкен деректі немесе цифрларға
толы хикаялар болуы
міндетті емес; деректер журналистикасы үнемі инфографика немесе
күрделі бола бермейді.
Десек те, деректер журналистикасында цифрлар да, инфографика да бар,
онда үлкен деректер қолданылуы мүмкін. Сондай–ақ ол
шынымен өте
күрделі.
Бірақ басқа нәрсе маңызды: деректер журналистикасы – ең алдымен,
деректерді қолданатын журналистика.
Ең кең қолданылатын анықтама былай дейді: Дата–журналистика –
“журналистік материалдарды жасау үшін
деректерді жинау, тазалау,
ретке келтіру, талдау, визуализациялау және жариялау ”. Бұл анықтамада
деректер хикаясын жасаудың негізгі қадамдары келтірілген. Мұның бәрін
рет–ретімен түсіндіріп көрелік.
Деректерді жинау
Деректер хикаясын жасаудың бірінші кезеңі – деректер жинау. Бірақ қандай
деректі жинау керегін қалай түсінесіз? Мұның екі жолы бар: о баста
деректерден жауабын тапқыңыз келетін сұрағыңыз
болады немесе ішінен
қызықты жайттарды тапқыңыз келетін деректер қолыңызға түседі.
Бірінші тәсіл үшін шабыт кез келген нәрседен туындауы мүмкін. Мысалы, күн
тәртібінен. Жаңалықтар сайтын аштыңыз да,
қалаңызда жаңа мектеп
салынады деп уәде берілгенін оқыдыңыз. Мұны сұраққа айналдырып,
жауабын деректерден іздей аласыз. Мысалы: қалада қазір қанша мектеп бар,
оларда қанша оқушы оқып жатыр және мектептердің
жетіспеушілігін бір
жаңа мектеп шеше ала ма? Демек мұндай сұрақтарға жауап беру үшін орта
мектеп білімі статистикасы бойынша деректерді жинауыңыз керек.
Ал кейде деректер қолыңызға өзі түседі. Мысалы, Білім және ғылым
министрлігі елдегі жоғарғы оқу орындарын
бітірушілердің саны туралы
деректерді жариялады. Оларға қарап отырып,
келесідей сұрақтау туындауы
мүмкін: елде қандай мамандарды ең көп оқытып шығарады? Бұл жаңа үрдіс
пе әлде жыл сайын қайталанып отыра ма? Мұндай мамандар үшін нарық бар
ма? Деректердің бір бөлігі қолыңызда тұр,
бірақ мамандықтар бойынша
жұмыс орындарының саны сияқты қосымша деректер қажет болуы мүмкін.
ДЕРЕКТЕР
Үлкен
Жинау
Талдау
Дайындау