Мақсаты: Балалар және ересектер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру. Міндеттері



бет6/6
Дата01.03.2023
өлшемі28,52 Kb.
#70716
1   2   3   4   5   6
Қатысушылар: педагогтар.
Мақсаты: педагогтардың психологиялық қалпын жақсарту.
Міндеттері:

  • Педагогтардың арасында жағымды психологиялық климат қалыптастыру;

  • Педагогтардың психоэмоционалды стресін азайту.

Көрнекілік құралдар: қаламдар.
Құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

  3. Негізгі бөлім.

1-жаттығу. «Шар» тыныс алу жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар тік тұрып, терең демалады және беттерін шар сияқты үрлейді.
2-жаттығу. «Мен қуаныштымын...»
Нұсқау: Қатысушылар сөйлемді толықтырады: «Мен бүгінгі күніме ... үшін қуаныштымын».
3-жаттығу. «Бәріміз бірге».
Нұсқау: Қатысушыларға ақ парақ пен байланған жіптері бар маркер беріледі. Қатысушылар маркерді жіптерінен ұстап, параққа бір сөзді біріге отыра жазады.
4-жаттығу. «Оқушымды тап».
Нұсқау: Бір қатысушы бір оқушыны сипаттап береді, ал қалғандар оны тауып, есімін атаулары қажет.
5-жаттығу. «Мен көрсеткен жерге қарама» ойыны.
Нұсқау: Жүргізушінің алдына бір мұғалім тұрады. Жүргізушінің қолында сілтеу таяқшасы (указка) болады. Ол үшке дейін санап, жоғары, төмен, оңға немесе солға таяқшаны бұрады. Педагог таяқша көрсетіп тұрған жерге қарамауы шарт. Ойын тез жылдамдықта ойналады.
6-жаттығу. «Сымсыз телефон».
Нұсқау: Педагогтар бір қатарға тұрады. Қатардың алдында тұрған қатысушы бір сөзді іс-қимыл арқылы жасырады. Қимыл қатардың соңына дейін қайталанып, соңғы тұрған адам жасырылғн сөзді табуы қажет.
Қорытынды бөлім.
Рефлексия. Педагогтар таратылған стикерлерге «Сізге бүгінгі тренингтен не ұнады?», «Тренингтен өзіңізге қандай түйін алдыңыз?», «Тренингтен алған әсеріңіз қандай?» сұрақтарына өз жауаптарын жазады.
Педагогтарға жақсы күн тілеп, тренингке қатысқандары үшін алғыс айту және қоштасу.

Қоңырауда ойналатын ойындар:



  1. «Сізге не БАҚЫТ алып келеді?» плакаты – 10 минут.

  2. «Ақыл алыбы» - хаттардың ішінен логикалық сұрақ алу ойыны – 5 минут.

  3. «Жағымсыз сезімдерден арыл» қоқыс жәшігі – 5 минут.

  4. «Көңілді куб» - іс-әрекет жазылған кубты лақтыру арқылы түскен нұсқауды орындау – 5 минут.

Жабылу салтанаты
Марапаттау рәсімі.
Ән айту.
Жүргізуші барлық қатысқандарға рақмет айтып, әрдайым жақсы көңіл-күйде болуды тілейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет