Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде дидактикалық ойын



бет3/3
Дата09.05.2023
өлшемі41,1 Kb.
#91373
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Қатарды жалғастыр:
2, 4, 6, 8, ...
1, 3, 5, 7, ...
1, 10, 100, 1000, ...
1, 2, 4, 8, ...
Мына теңдіктерде бір таяқша дұрыс қойылмаған. Қатесін түзе.
XII + IX = II IV – V = I
X = VII – III X + X = I
VI – VII = XI VI – I + V = II
Мына сандарды цифрмен жаз.
67 мың ........; 18 млн .......; 98 млрд........ 45 млн .....
8 мың ..........; 2 млрд ....... 756 мың ...... 802
Разрядтық қосылғыштар түрінде жіктеп жаз.
274= 5277= 463004= 506789=
Əр сіріңкенің шиінің ұзындығы 4 см 5 мм. 15 сіріңкенің шиінен метр сөзін қалай шығаруға болады?
1 «б» сыныбында 27 бада бар. Ұлдардың қыздардан 3-уі артық. Сыныпта неше қыз бала бар?
Жандос 7 дəптер сатып алды. Егер бір дəптер 5 теңге тұрса, ол барлық дəптерге қанша төлеген?
Дүкенге əрқайсысы 4 адамнан 5 машина келді. Дүкенге барлығы неше адам келді?
Өлең есеп
(Бəрі нешеу)
Асан, Арман екеуі,
Қос қуыршақ
Бір құлыншақ
Екі ойыншық
Құстай ұшып
Үйден шықты
Нешеуі? (жетеуі)
Табақта екі алма
Қолымда екі алма
Қосқанда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма? (төрт)

Сабақтың басында өткізілетін жаттығулар оқушыларды бірден жұмысқа кірістіретіндей қызықты болуы тиіс. Сабақтың ортасында немесе соңында, балалар жазбаша немесе практикалық жұмыстан шаршаған кезде, қызықты есептеулер оларды сергітеді, жұмыс қабілетін арттырады


Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек. Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте – бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.
Мысалы:
Үш үйрек қатар тізіп ұшып келеді екен. Бірінші үйрек “Менің артымда екі үйрек бар” депті. Екінші үйрек “менің артымда бір үйрек бар” депті. Үшінші үйрек “Менің артымда үш үйрек бар” депті. Бұл қалай болғаны?
Жауабы: Үшінші үйрек өтірік айтқан
Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?
Жауабы: Әсем – «5», Анар – «4», Ардақ – «3» алған
Қарапайым логикалық, яғни әртүрлі мазмұндағы стандартты емес есептерді ауызша шығара білудің білімділік және тәрбиелік мақсаты зор. Бұндай есептер оқушылардың математика пәніне қызығушылығына және ойлау қабілетінің дамуына әсерін тигізері сөзсіз.
Мысалы:
Шопанның барлық қойларының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар екенін анықтаңыз.
Шешуі: 320+320:4=320+80=400
42 қызыл шар, 54 көк шар және 78 сары шарды әр түсті шарлардың сандары бірдей болатындай неше топқа бөлуге болады?
Шешуі: ЕҮОБ (42, 54, 78) =6
Зеректілікке берілетін арифметикалық есептерді шешудің өзіндік жолы бар екендігін түсіндіру керек. Бұл қиынға түссе де, ойлау қабілетін дамытуға көп әсерін тигізеді.
Мысалы:
Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқатары 66. Аулада неше қаз және неше қоян бар?
Шешуі: Бас –x, аяқ – y. Енді теңдеулер жүйесін құрамыз:
Жауабы:( 15, 9)
Осыдан үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 15 жас болды. 9 жылдан соң олардың жастарының қосындысы қанша жыл болатынын анықтаңыз?
Шешуі: ағасы –x, қарындасы – y. Осы белгілеудің негізінде теңдеу құру әдісімен шығарамыз: 
Жауабы:39
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу. Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн. Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын, таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Жалпы қорытындылай келе, математика сабағында қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері қазіргі кездегі математиканы терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді, білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді, соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады, оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың танымдық қызығушылығы білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағымыздың өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін және дидактикалық ойын түрлерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Жаңа әлем жасаушыларын білімді, қабілетті, дербес, адамзатқа тән асыл өнер мен имандылықты бойына жиған жеке тұлға етіп қалыптастыру – білім беру жүйесінің негізгі мақсаты.




Əдебиеттер:
Бидосов Ə. Математиканы оқыту методикасы / Ə. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
Ушинский К.Д. Балаларды тəрбиелеу жəне оқыту жөніндегі пікірлері / К.Д. Ушинский .-Алматы: Мектеп,
Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет.
.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет