Математиканы оқыту әдістемесі



бет38/49
Дата11.06.2023
өлшемі313,26 Kb.
#100530
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
тапсырма. Абстрактілі-дедуктивтік жолмен енгізу ұғымы неден тұратынын еске түсіріңіздер. «Квадраттық функция» (1нұсқа), «Ұқсас функциялар» (2 нұсқа) ұғымын классификациялауды осы жолды қалай қолдануға болады?

  • тапсырма. 8 сыныпқа арналған геометрия оқулығымен танысыңыздар. Оның әдістемелік негіздері қандай? 8 сыныпта планиметрия курсы бойынша қандай тараулар мен тақырыптар оқытылады? Әр тақырыпқа қанша сағат бөлінген? Қандай теоремалар дәлелденеді? Қандай салу есептері шығарылады?

  • тапсырма. 7 сыныпта «Бұрыштың косинусы» ұғымына сабақ жоспарын құрастырыңыздар. Осы ұғымды оқу кезінде оқушылардың ынтасын қалай арттыру керек?

  • тапсырма. «Параллелограмм», «ромб», «тіктөртбұрыш» ұғымдары арқылы шаршыға анықтама беріңіздер. Осы тапсырманы орындау үшін оқушы қандай білім мен іскерлікті меңгеруі тиіс? Осыған ұқсас бірнеше тапсырмаларды құрастырыңыздар.



    1. тақырып. Математиканы есептер арқылы оқыту




    Негізгі сұрақтар: 1) математиканы оқытуда есепті рөлі; 2) қазіргі математиканы оқытуда есептің міндеттері; 3) есеп шығаруға үйрету;
    4) 9 сыныпқа арналған геометрия оқулығының мазмұны.
    Әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5, 14, 15, 20, 25, 27, 28, 33, 37, 39, 40, 41, 48, 49,
    50, 51], сонымен қатар геометрия оқулығы, дидактикалық материалдар, мұғалімдерге арналған оқулықтар (9 сынып).

    1. тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.

    2. тапсырма. Мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою жолдары қандай?

    3. тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай түрлерге бөлінеді?

    4. тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?

    5. тапсырма. Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбының есептеріне осы көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.

    6. тапсырма. Бірнеше есепті бір тәсілмен шешуден гөрі, бір есепті бірнеше тәсілмен шешу пайдалы екені белгілі. Мысалы, кестені пайдаланбай, өрнектің мәнін табу керек:

    1. тәсіл.

    2 cos 450 sin150  sin(450  15)  sin(450 150 ) 
    3 1.
    2

    1. тәсіл.

    2 cos 450 sin150  2sin 450 sin150  (cos 600  cos 300 ) 
    3 1.
    2


    1. тәсіл.

    2 cos 450
    sin150
     2 
     .
    2

    1. тәсіл.

    2 cos 450 sin150  2 cos 450 sin(450  300 ) 
    3 1.
    2

    Бір не екі мысалдар келтіріп, шешу тәсілдерін көрсетіңіздер.

    1. тапсырма. «Үшбұрышты шешу» (9сынып) тақырыбы бойынша танымдық сипатта есептерді қарастырыңыздар және сабақта тәрбиелік мәнін талқылаңыздар.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет