Математиканы оқыту әдістемесі



бет1/49
Дата11.06.2023
өлшемі313,26 Kb.
#100530
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49

Алпысов А.Қ.




МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Оқу құралы



Павлодар, 2012


ӘОЖ 373: 51(075,8)
ББК 21.1 я 73
А 45
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:


Исин М.Е. – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, п. ғ. д.
Найманов Б.А. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, п. ғ. к.

Алпысов А.Қ.


А45 Математиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Павлодар, 2012. -151 б.
ISBN 978-601-267-163-6
Ұсынылып отырған оқу құралында математиканы оқытудың теориялық негіздері, мақсаттары мен міндеттері, оқыту әдістері және болашақ математика мұғаліміне қажетті математиканы оқытудың жалпы заңдылықтары баяндалған. Оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, орта мектепте математикадан сабақ беретін мұғалімдерге арналған.


ISBN 978-601-267-163-6 ӘОЖ 373: 51(075,8)
ББК 21.1 я 7
© Алпысов А.Қ., 2012.
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2012.

Алғы сөз




Математиканы оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеудің жалпы теориясын математиканың көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математиканы оқытудың негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды түсіндірудің жолдарын жоғары мектеп қабырғасында игеруі тиіс. Осыған орай, оқу құралында математиканы оқытудың теориялық негіздері, мақсаттары мен міндеттері, оқушылардың танымдық қызметіне жетекшілік ету әдістері және бүгінгі таңдағы талаптарға сәйкес оқыту тәсілдері баяндалған. Сонымен бірге, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, сабақтан және сыныптан тыс жұмыстарына басшылық жасау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, оқулықтың мақсаты студенттердің өздігінен білім алуына көмектесу, олардың шығармашылық қызметтеріне бағыт беру және математикалық оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерінің жалпы қағидаларын меңгеруге жәрдем жасау болып табылады.
Оқу құралы математиканы оқыту әдістемесінің типтік бағдарламасына сәйкес жазылған. Мектепте математиканы оқытудағы басты мәселе ол мұғалімнің шеберлігі. Шеберліктің алғашқы табалдырығы – математиканы оқыту әдістемесін меңгеруден басталады. Оқыту әдістерін саналы түрде табыспен пайдалану үшін мұғалім оқытудың қағидаларын, таным әдістерін, оқыту жабдықтарын, сабақты ұйымдастыру сияқты білім-білікті меңгеруі тиіс. Оқулықтың соңында студенттердің алған білімін қорытындылау және пысықтау мақсатында студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест тапсырмалары берілген.
Бұл оқу құралын дайындау барысында құнды пікірлер айтқаны үшін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры М.Е.Исинге, Павлодар мемлекеттік педагогикалық нститутының профессоры Б.А.Наймановқа зор алғысымды білдіремін. Айтылар тілектер мен сын-ескертулерді ықыласпен қабылдаймын.
Автор
Математика бүкіл ғылымдардың ішінде айрықша қадір–құрметке бөленген; мұның бір- ден бір себебі оның қағидаларының абсолют ақиқаттығымен даусыздығында жатыр.
Эйнштейн А.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет