Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары



бет19/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
«Ақсүйек»

Дидактикалық мақсаты: Белгісіз санды өрнектің мәнін табуға машықтандыру.

Қажетті құрал жабдықтар: Белгісіз санды табуға арналған кесте, әріпті өрнектер мен теңдеулер.

Ойын мазмұны: Ойынға сынып толық қатысады.Кестедегі белгісіз сандардың аржағында «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарып сол ақсүйекті табады. Дұрыс шығармаса көрмей аттап кетеді. Кім «Ақсүйек» көп жинаса, сол ұтады. «Ақсүйек» жинаған бала мадақталады. Ойынды осылай жалғастыра беруге болады.




А

90

322

120

64

В

5

14

10

8

А*В













А•В












Үндемес ойыны

Дидактикалық мақсаты: Шапшаң есептеу дағдысын қалыптастыру.




Қажетті құрал жабдықтар: Сандар және таңбалар жазылған, сызбалық сурет үлгісі берілген. Мысалы мынадай түрде берілген:

Ойын мақсаты: Мұғалім сызбадан көрсеткіш таяқшамен нұқып, орындалатын амалдар мен сандарды көрсетеді, оқушылар үнсіз келіп жауаптарын тақтаға жазады, ал басқаларды дұрыс жазылса «жасыл» түсті текше, қате болса «қызыл» түсті текшелерін көрсетеді. Біраз ойындарды сабақ мазмұнына орай басқа тақырыптарда пайдалануға болады. Соның ішінде бұл ойынды да ондық бөлшектерді натурал санға, ондық бөлшектерді ондық бөлшектерге бөлуге және көбейтуге ұсынуға болады.

Гүлдер, аралар

Дидактикалық мақсаты: Натурал сандарды бөлу дағдыларын қалыптастыру. Ойын тест арқылы қажетті жауапты таңдай білуге дағдылау.

Қажетті құрал-жабдықтар: Өрнек жазылған гүлдер (әр түсті). Сандар жазылған қағаздар. Аралардың суреттерін іліп қоюға болады. Ойында олардың ролін оқушылар атқарады.

Ойын мазмұны: Ойында қатарға бөліп ойнатуға болады. Тақтадағы гүлдердің күлтелеріне өрнектер жазылған. Әр күте жапырақтарында төрт түрлі жауап. Мысалы: 96:8(10,12,16) 39*6(230,214,234).

Әр қатардағы оқушылар өздерінің гүлдеріндегі өрнектің мәнін дұрыс есептеп өз жауаптарына қонуға тиісті. Қай қатар тез орындаса, сол қатар жеңімпаз атанады. Ойын нәтижесі арқылы балалардың білім деңгейі тексеріліп байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет