Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары


І.3. Іскерлік ойындарын жұптықтарда жұмыс істеу арқылы ұйымдастыру әдістері



бет15/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
І.3. Іскерлік ойындарын жұптықтарда жұмыс істеу арқылы ұйымдастыру әдістері

Математика сабағында дидактикалық іскерлік ойындарды қолдану оның сапасын арттырады. Дидактикалық іскерлік ойындары арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақты және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық іскерлік ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан, біз белгілі ойын түрлерін сұрыптай, ой елегінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық іскерлік ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін пайдаланудың маңызды екендігін ескердік. Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың психофизилогиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде пайдалануға болады. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс-әрекет үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын және сол сәттің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық іскерлік ойыны шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.

Ойын ұйымдастырудың өзі қандай да бір дидактикалық мақсат пен міндетке бағындырылуы керек.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға,ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.

5-6 сыныпта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақта ойын элементтерін көбірек қолдануға болады.

Математикалық іскерлік ойындары – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Математика пәні бойынша әр түрлі ойындар жүргізуге болады. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің ролі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғарғы көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлауын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімге қызықтырады. Математикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта қолдануға болатын ойындарды атап өтейік.


  1. Сан ретін тап.

  2. Ханым, дат.

  3. Құстарға қамқорлық.

  4. Доп қағу.

  5. Ақсүйек.

  6. Үндемес ойыны.

  7. Гүлдер, аралар.

  8. Төртіншісі артық.

  9. Қалаларға саяхат.

10. Тартыспақ.

11. Шыншыр.

12. Кім тауға тезірек шығады.

13. Кім арқанмен жылдам көтеріледі.

14. Кім алғыр ойыны.

15. Кім жылдам.

16. Ханталапай.

17. Лото.

18. Қарлы кесек.

19. Брейнг – ринг.

20. Жұлдызды сағат.

21. Интеллект клубы.

22. Рөлді ойындар.


Бұл ойындардың төмендегідей тиімді жақтары бар:

  1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру;

  2. Оқушыларды оқу процесіне түгел тартады;

  3. Оқушылардың ойлау жүйесін дамытады;

  4. Оқушыларды есептерді шапшаң шығаруға, шапшаң ойлануға дағдыландырады;

  5. Жаңа сабақты ұқыпты тыңдауға дағдыландырады;

  6. Аз уақыттың ішінде бірнеше оқушыны бағалауға мүмкіндік береді;

Жоғарыдағы ойындар былайша жұмыс істегенде оң нәтиже береді. Оқу жылының басында барлық сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлуге болады, 5-ке оқитындарды 1-ші, 4-ке оқитындарды 2-ші, 3-ке оқитындарды 3-ші категорияға шартты бөлінеді.

Оқушыларды жұптарға бөліп оқыту оңды нәтижелер береді. Біріншіден оқушылардың өз деңгейіне деген жауапкершілігін арттыруды әсіресе, 1, 2 топтағы оқушылар өз беделін түсіріп алмауға әрекеттенеді екен. Категориясына қарай сұрыптап, сыныпты үш топқа бөлеміз, әр топтың капитанын сайлаймыз. Жоғарыда аталған жұмыс пен ойын элементтерін үнемі үш топты жарыстыру арқылы жүргіземіз.

Жарыс табыстың көзі демекші оқушылардың білім сапасын арттыруда жарыстың үлкен пайдасы бар. Жарыс кезінде 1-ші сұрыпты оқушылармен 1-ші сұрыпты оқушыларды, 2-ші сұрыпты оқушылармен 2-ші сұрыпты оқушыларды, 3-ші сұрыпты оқушылармен 3-ші сұрыпты оқушылар жарыстырылады. Әлсіз оқушыны күштімен сайысқа қойып болмайды, себебі, ол күшті оқушыға ілесе алмай қолын бір сілтейді, алға ұмтылмайды, егер өз теңімен жарыстырсаң әрекеттенеді. Озат оқушылардың жарысынан үнемі бірінші орын алған оқушыны мадақтап, оған математика сабағының үздік оқушысы деген атақ беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет