Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары


Ұлттық ойындар- Асыл қазына



бет32/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Ұлттық ойындар- Асыл қазына

Ұлт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлай бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған жөн. Өйткені ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезеңінде тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын, адамдармен, жолдастарымен қарым-қатынасын елеп ескермей өмір тәжірибелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге көшуге мәжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бұл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа, жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қағидаға да қайшы келмейді.

Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиелеп, үлгі берерліктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған, соң арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу құралдары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын- сауықтарда бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Сондықтан ұлт ойындарын бүгінгі мектептегі және мектептен тыс оқу-тәрбие жұмысына, әсіресе оқушылардың туристік іс- әрекетін ұйымдастыруға енгізудің әлеуметтік- педагогикалық негіздері белгілі бір ғылыми- педагогикалық алғы шарттарға бағындырылуы тиіс.

Мектептегі және мектептен тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы педагогикалық шарттардың бірі- өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеументтік – педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізетін түрлерді (формаларды) дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіншілігін пайдалану.

Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану оқушылардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын оқшы санасына жақындатады. Ал оқушылардың табиғи жағдайында өткізілетін туристік іс- әрекетіне (туристік жорықтарда, туристік жарыстарда, туристік экскурсияларда) ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтырып, еліктіре түседі.

Ұлт ойындары оқушылардың туристік іс- әрекетінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде оқушылардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, жорықтар барысында туындайтын табиғи қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады.

И.Павловтың рефлекстік теориясына сүйенер болсақ, барлық оқыту, тәрбие үрдісі бейтаныс жүйесінің құрылымына негізделеді, ал оның қажетті шарты „Орталық ми қабығының әрекетіне“ байланысты болып келеді. Олай болса, ойын қолданылған сабақ, тәрбие жұмысы оқушыға өзінің етене жақындығымен, түсініктілігімен ерекшеленеді.

Ойын әрекеті - өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жұмыс өз алдына жеке тұрып оқыту ұстанымы бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін- өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығыуы, шыңдалуы, оның ақыл- ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік- қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен дербес белсенділігі пайда болады. Соның нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы оқушы белсенділігі мен білімді игеруге деген саналылық ұстанымы оқушы дербестігін туғызып, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастырады.

Оқушы мектеп қабырғасында, мектептен тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім алғанымен, ол әрдайым өз алдына дербес тұлға ретінде танылады. Сондықтан туризм нұсқаушылары (инструкторлары) ұлттық ойын қолданған туристік іс- әрекеттерде әр оқушының дербес белсенділігін қамтамассыз етуі тиіс. Ойын ұжым арқылы іске асқанымен, ойынға қатынасқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Ал ойынға қатынасатын туристік іс- әрекеттер әр оқушының баратын жорығының мазмұнын ұғу, олардың алдына қойылған міндетке сай саналы түрде дұрыс жауап беру талабы жүктеледі. Олай болса, ұжым арқылы жеке тұлғаны ажыратып алу ойын пайдаланылатын туристік іс-әрекеттердің негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Адамның қандай әрекеті болсын қоғамдық-әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Оқушы өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл-ой, дене дамытуы үшін қажет. Оқушының ойын әрекетіндегі белсенділігін туризм нұсқаушылары дұрыс бағалап, туристік іс-әрекетте оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқу мен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе – күнгі тәжірибеде, өмірде пайдалана білуге, үйренуге оқушының саналылықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.

Оқушы белсенділігі негізінен екі түрлі: сыртқы және ішкі белсенділіктен тұрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл қозғалысы, әсіресе өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Оқушының ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады. Туристік іс-әрекетке ынтамен саналы қатынасуын, өзін- өзі дербес ұстай білуін талап етеді.

Оқушының ішкі, сыртқы белсенділігін бөле-жара, бір-бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады.Нақтылыап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А.Макаренконың «бала ойында қандай болса, өмірде де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың ойынымен тең» деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.

Ұлт ойындарын оқушылардың туристік іс- әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысын жетілдіруге пайдалану, оны әлеументтік- педагогикалық іс-әрекеттің негізіне айналдыру, сөйтіп оқушының туристік іс-әрекетін дамытуға бағыттау туризм мамандарынан, нұсқаушыларынан үлкен педагогикалық шеберлікті қажыр- қайратты, еңбекқорлықты, әдіс- тәсілдерді орынды жұмсай білуді талап етеді. Олай дейтініміз ұлт ойындарының бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері ұшаң- теңіз, соның бәрі әлеуметтік-педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелеу ісіне қосар үлесі мол екені даусыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет