Мазмұны: Алғашқы бет бет Анотация бет Пікір бет Жоспар


Аққулар туралы тақпақтар, мақалдар



бет4/4
Дата03.02.2023
өлшемі3,23 Mb.
#64842
1   2   3   4
2.7. Аққулар туралы тақпақтар, мақалдар
Құс патшасы аққулар,
Сән берген жермен аспанға.
Көктемде көлде саңқылдар,
Ұқсайды сырнай тартқанға.
Аққардай аппақ алыстан,
Ақ құстар көзді арбайды.
Қос аққу жаңа танысқан,
Жігіт пен қыздан аумайды.
Өтседе қанша замандар,
Тәртіпті берік сақтайды.
Ешқашан есті адамдар,
Аққуларды атпайды.
“Аққу құстың төресі, жалғыз жүріп оттамас ”
“Аққуды атпа-досыңды сатпа ”
“Сүйріктей аққу мойын ”, “Аққудай ару”

А

Қ

Қ

У

Қ

А

Р

Л

Ы

Ғ

А

Ш

Қ

А

М

Ы

С

У

Ы

Қ

1. Киелі құс?
2. Құс атасы?
3. Аққу ненің арасында ұя салады?
4. Киіз үйдің бөлігі?
ІІІ. Қорытынды
Көгілдір көлдің көркіне айналған аққу дегенде сұлулық пен махаббат символы деген тіркес тіл ұшына орала кетеді. Көргенде көзің сүйсінеді. Расында, бар әсем дүниені аққуға үйіп-төгіп бере салған ба дейсің. Қазекем тал-мойнында міні жоқ перизатты аққуға теңейді. Ақындар жүрек сырын шерткен өлең жолдарында осы бір көркем құсқа теңеу айтудан жалыққан емес. Тіпті ерте кездегі бірқатар белгілі адамдар ол жайында сүбелі туындысын бізге тарту етіп кетті. Алаштың арасы Сәкен Сейфуллин “Аққудың айырылысуы” деген шығармасын оқырман қауымға көзайым жасады. Қазақ поэзиясын шырқау көкке көтере білген марқасқамыз Мұқағали Мақатаев та сезім шуағына бөлене отырып, жүрек қылын шерткен “Аққулар ұйықтағанда” атты өлеңін өресі биік жұртқа кәде-сый жасады.
«Қызыл кітапқа» енген әрбір киелі құстарды атқаны үшін жауапқа тартылатынын көпшілік біле бермейді.
Біз әшейінде аққу жайлы ауыздыға сөз бермей, ол жайында талай адамға әңгіме айтуға әуеспіз. Қашаннан да жүрекке жылулық алып келетін қасиетті құсты қорғауға келгенде ауызды құр шөппен сүртіп қалатынымыз тағы бар. Бұл тек аққуға қатысты нәрсе емес. “Қызыл кітапты” парақтай қалсаңыз, еріксіз еңсең түсіп кетері анық. Қаншама аң мен құс осындай жанашыр пейілдің жоқтығынан азайып, кейбірінің тұқымы тұздай құрып кетуге жақындады. Осы деректер бізді қашан ойландырар екен?
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Балалар Энциклопедиясы, 2 том.
2. Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы
(“Қызыл кітап” беттерінен) – Алматы: “Алматы кітап” ЖШС
2008 ж.
3. Ғаламтор материалдары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет