Мазмұны I. Кіріспе II. Жылу энергиясының тиімді технологиялары



бет3/8
Дата19.12.2022
өлшемі2,92 Mb.
#58245
1   2   3   4   5   6   7   8
Жылулық құбырлар (ЖҚ)
ЖҚ төмен потенциалды жылуды (температура деңгейі 100С және одан төмен) пайдаға асыруға мүмкіндік береді. Әдетте ЖҚ пішіні әртүрлі саңылаусыз, қуыс, теориялық талдауда цилиндр пішінді құбырды қарастырады (1.2-сурет). ЖҚ-да жылу салқындататын ортадан буланатын сұйықтың булану аймағында алынады және түзілген бу ағынымен айтарлықтай қашықтыққа салқындау аймағына тасымалданады, онда шықтанғанда құбыр қабырғасына беріледі. Түзілген шық қайтадан булану аймағына келеді.
ЖҚ-дың басқа жылу беретін құрылғылардан артықшылығы: құрылымы қарапайым, қысымдағыштар жоқ, демек, ЖҚ ішінде ЖТ-ы қозғауға энергия жұмсалмайды; саңылаусыз, ЖТ ретінде кез-келген, олардың ішінде агрессиялы сұйықтарды қолдану мүмкін; реттеу жеңіл; жоғары жылуөткізгіштігі, ең жылуөткізгіш металдан жүз есе артық.
Сұйықты шықтану аймағынан қызу аймағына тасымалдау тәсілі бойынша ЖҚ-ның үш түрі болады (1.2 - сурет).



1.2 - сурет. Жылулық құбырлардың қағидалық сұлбалары


Білтелік (фитиль) немесе капиллярлық ЖҚ-да олардың ішкі беті бойынша сұйық ЖТ-пен ылғалданған капиллярлық-кеуектік материалдан жасалады. Сырттан жылу әкелінгенде білтедегі сұйық буланады. Бұл аймақта білте сұйықтан босайды, және капиллярлық сирету түзіледі. Осы сиретулік арқасында сұйық салқындату аймағынан булану аймағына қайтадан булану үшін сорылады (1.2, а - сурет).


Гравитациялық ЖҚ-да (термосифонда) сұйықты шықтану аймағынан булану аймағына ауырлық күші әкеледі (1.2, б - сурет), яғни бұл ЖҚ дұрыс жұмыс істеу үшін шықтағыш булану аймағынан жоғары орналасуы керек.
Ортадан тепкіш ЖҚ-да (1.2, в - сурет) құбыр тұрқы өзінің бойлық өсі айналасында айналады. Бұндай құбырларда сұйық қабатының қалыңдығы шықтану аймағында булану аймағына қарағанда үлкен және шықтың булану аймағына қайтуы ортадан тепкіш күштен болады. Бұндай ЖҚ-ды, мысалы, электр қозғалтқышты салқындату үшін қолданады, мұнда электр қозғалтқыш білігі бір мезгілде ортадан тепкіш ЖҚ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет