Мазмұны I шағатай ұлысының ҚҰлауымен, орнына қҰрылған екі дербес мемлекеттің ҚҰрылуы


Әмір Темірдің тұсындағы әскери өнердің дамуы



бет9/21
Дата07.01.2022
өлшемі413,8 Kb.
#19371
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
1.3 Әмір Темірдің тұсындағы әскери өнердің дамуы

Әмір Темір өзге мемлекеттерді жаулап алуда төмендегідей қағидалар мен ережелерді ұстанды. Егер қарудың көмегінсіз мақсатқа жетуде саясатты қолдануға мүмкіндік болса, сол бағытты ұстану дұрыс деп есептеді. Кез-келген мемлекетке шабуыл жасамас бұрын сол халықтың әдет-ғұрпымен, халықтың қалауымен танысудың маңызына көп көңіл бөлді Сондай ақ соғыс жүргізген жағдайда өзінің әскерінің ерекшеліктерін ескеріп, шабуылға, қорғануға ыңғайлы орындарды таңдаудың қаншалықты қажет екеніне көп назар аударды. Халық пен әскер арасындағы жанжалды шешу үшін арнайы соттар ұйымдастырды. Егер жаулап алған жерлерде әскерлер орналасса ол өңірлер әскерді қамтамасыз ету үшін аймақтарға бөлінді. Әскерлерге жергілікті халықтан өздеріне тиесілі мөлшерден артық талап етуге тиым салынды. Осы ережелерді қадағалау үшін әрбір аймаққа екі бақылаушы тағайындады. Олардың бірі жергілікті халықты әскерлер тарапынан күш көрсетуден қорғау үшін кез-келген заттың есебін жүргізсе, екіншісі әскерлердің мүддесін қорғау үшін қызмет етті (Иванин, 1992).

Басшыға, әмірге, мыңбасына берілген үлестік жер міндетті түрде үш жылға берілді. Үш жыл өткеннен кейін осы жердегі халықтың жағдайын білу мақсатында арнайы тексеретін адамды жіберіп отырған. Ол халықтың көңіл-күйімен, әлеуметтік жағдайымен танысып, билеушінің билігіне байланысты мәлімет жинаған. Егер жергілікті халық басшының билігіне ризашылығын білдірсе ол тағы да үш жылға сайланған. Ал егер халық разы болмаса билеушіні ауыстырып, ол үш жылға күн-көріс мүмкіндігінен, мүлкінен айырылған. Темір салық жинау барысында ешқандай тәндік жарақатқа орын бермеу тұралы нұсқау берді. Егер билеушінің билігі таяқ пен қамшыдан әлсіз болса, ол адам билік құруға лайық емес деп есептеді Темір.

Халықты тонау мемлекеттің кірісіне кері әсерін тигізетінін ескере отырып, бастықтардың оларды қанамауын және мүліктеріне қол сұқпауын қатты қадағалады. Егер мемлекеттік қазынаға кірістің азаюы - әскер санының азаюына, биліктің әлсіреуіне алып келеді деп есептеді. Халықтан салық жинау барысында әрбір жанұяның жерінің құнарлығын ескере отырып салық мөлшері анықталған. Салық жинаушыларға қамшыны, дүрені, кендірлер және шынжырларды қолданып жаза тағайындауға тиым салған.

Әскердің екі түрі болған: олардың бірі бағындырылған жерлерде шоғырланса, екінші бөлігі әскери жорықтарға дайындық жағдайында қолбасшыларына бағынышты болған. Олар тек мемлекет тарапынан ғана азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отырған. Жергілікті халықтан азық-түлік алуға тиым салған. Жаулап алған халықтардың құрамында қару жарағы бар адамдар болса, олар Темір әскерінің құрамына қабылданып, оларға өзгелермен тең дәрежеде жалақы төленіп отырған. Егер жай халықтың ішінен әскер қатарына кіремін деп ниет білдіргендер болса, оларды да тең дәрежеде қабылдап отырған және қызметіне сай шенін көтеру мүмкіндігі болған. Егер соғыс немесе шайқаста әскер ерлік көрсетіп қаза тапса, оның ұлына жалақысы төленіп отырған (Иванин, 1992).

Көшпелілерге тән әскери жасақтаудың ондық жүйесі ондаған ғасырлар бойы өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Дүниежүзінің көптеген елдері өз жарғыларын далалықтар жасап берген әскери жүйе мен заңдарға, соғыс жүргізу тәсілдеріне, қолбасшылық мектептерге сүйеніп құрды. Сақ, ғұн, түркі тайпаларынан кейін Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ» заңдар жинағы бойынша қатаң әскери реформа жасалып, онда ұжымдық жауапкершілік, антқа адал болу, опасыздық жасамау, бұйрықты сөзсіз орындау, қашып кеткен жауынгер үшін басшысының басы алынатын темірдей тәртіп, мызғымас әскери иерархия орнатты. Шыңғыс ханның қатардағы ұланының  дәрежесі басқа қосын қолбасшыларынан үстем болды. Әрбір ұл жастайынан жауынгерлік өнерге машық­танды. Көшпелілердің әскери құрылымы үштік жүйемен: оң қанат, сол қанат және орталық болып бөлініп, әскер қосындары ондықтардан, жүздіктерден, мыңдықтар­дан, түмендерден құралды.

Көшпелілердің әскери өнерінің специ­фи­калық ерекшелігі – әскери-аңшылық тактика еді.(Иванин, 1992).

Стратегиялық формалардың өзіндік ерекшеліктері болды және ол әр түрлі болды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: жалтарып кетуі, яғни, қорғанысы мықты жерлерді айналып өтуі, стратегиялық басшылыққа ие болу, стратегиялық бұзып-жару, өлкелерді жеке-жеке бөліп жаулап алу, жаудың бір жақ қанатынан және барлық жағынан бірдей шабуылдау, әдейі шегіне отырып, қарсы шабуылға шығу, жауды толық талқандағанша артынан қудалау. Монғол-түрік әскерлерінің тактикасында өзіне тән көптеген ерекшеліктері болды: жақсы ұйымдастырылған әскери барлау, өз әскерлерін тактикалық жағынан бөлу, маневрді дұрыс ұйымдастыру, шайқасты басқара білу.

Темір әскерiнiң стратегиялық көркемөнерi жақсы ұйымдастырылған барлауға, дипломаттық күштер мен қозғалу жылдамдығы, жаулардың күшiнiң бөлшектеу мүмкiндiгi моңғолдарға барлық күштерiн дәйектi түрде пайдаланумен ерекшеленеді. Бас шабуылдың алдында қажеттi мәлiметтерді жинау үшiн 2—3 түмен санымен барлау экспедицияларын жiбередi.

Қарсыластарын әлсірету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды. Ең алдымен олар сол елге өз тыңшыларын қаптатып жібереді және тыңшылыққа сатқын ақсүйектерді де пайдаланды.Тыңшылар ретінде көбінесе көпестер барып сол өлкедегі саяси ахуал, жаудың барлық әлсіз және осал жерлері туралы мәлiметтермен моңғол қолбасшылықтарын жабдықтады. Моңғолдар сол жерде жанжал туғызып жаудың бойындағы қайшылықтарды жиi септi, өз әскерлерiнiң үлкен саны және олардың жеңiмпаздығы туралы сыбыстарды тарқатты. Олар ірі әскербасшыларды сатып алып, елдің қорғаныс қабілетін әлсіретті. Егер жаулары соғыссыз берілсе олардың қауiпсiздiктеріне уәде берді.

Әскер үш бөлімнен тұрды: оң қанат, сол қанат, орталық. Әскер ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, он мыңдыққа (түмен) бөлінді.Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы, ноян басқарды. Негізгі әскері атты әскер болды. Олар ауыр қару-жарақты және жеңіл қару-жарақты болып бөлінді. Ауыр қару-жарақты атты әскер жаудың негізгі күшімен шайқасты. Ал жеңіл қару жарақты атты әскер күзет және барлау қызметтерін атқарды. Олар шайқас кезінде жауды жебенің астына алды (Муминов, 1993).

Әскердің стратегиялық артықшылығы олардың жылдам орын ауыстыруында, өйткенi әрбiр моңғол жауынгерінде 3—5 аттан болды. Егер моңғолдардың алдында үлкен әскер шықса, онда олар 1-2 күнгі жолмен айналып өтіп кететін. Егер жауды айналып өту мүмкіндігі болмаса моңғолдар 10-12 күнгі жолды артқа шегiндi.

Темір әскерiнiң басты стратегиясының бiрi оның бөлiнген жаудың толық жоюылуына дейін қудалау. Ол үшiн 2—3 түмен болатын арнайы күш бөлініп осы уақытта өңге әскер елдiң тонауын қайта жалғастырды. Зерттеушiлер моңғолдардың жаулары қолданған күрестiң әдiстерiне әртүрлi және кейде қарама-қайшы бағалар бередi. Әдеттегiдей, қате деп сол нақты әскер басшының қолданған күрестiң әдiсi тап танылады. Моңғолдардың тактикасы жеңiл атты әскермен жаудың қасынан маневр жасаумен садақ оғын толассыз жаудыру арқылы қарсыластың әскери шептерін ыдырату және артынан ауыр сауыт қапталған салт атты әскер жіберіп шашыраңқы әскерді толық талқандаумен ерекшеленеді. Шайқастың бастапқы кезеңде аз шығынсыз тез аяқтауға дағдыланды. Егер жау алғашқы шабуылға шыдаса моңғолдар жау қатарларының бұзу мақсатымен жалған шегiнулерді және жасырын күтулерді ойдағыдай пайдаланды. Басқа жағынан, моңғолдар жау шегінген кезде соққы беру үшін жауға шегіну мүмкіндігін жиі берді.Өте жиі моңғол садақшылары жаудың алдында шеңбер құрып қозғалу арқылы жауға оқ жаудыру әдісі жиі пайдаланды. Моңғолдар сонда (алшақ салынған саптармен) көшкiндермен жаудың флангтерi қамтуға ұмтыла шабуыл жасады. Соңғы соққыны ауыр атты әскердiң жаудың шебіндегі осал жерге өте бағытталған соққысы аяқтады.

Ауыр атты әскер жиналма саппен тығыздап салды. Егер шайқаста жүрiс моңғолдар үшiн қолайсыз болса ату жылдамдығын арттыру мақсатымен жаяу жүрдi. Алғашқы көшпелiлердiң бiрі ретінде моңғолдар шайқастарда лақтыратын техниканы қолдана бастады. Әйтсе де, бұл тактикалар кең қолданысқа ие болған жоқ. Ұрыстың алдында моңғол әскерi үшiн үйреншiктi 5 қатарлардағы эшелон құрастыруы болды. Ауыр қаруланған жауынгерлерiнен тұратын соңғы сызықтар, дегенмен көбiнесе ауыр атты әскер бiрiншi екi қатар басына орналасты (Иванин, 1992).

Шабуылдар және бас соққының негізі оң қанат болды. Оң қанаттың есебiне жаудың ортасын айналып өтiп немесе үзiп, оның туы шауып, әскери басшыны ұстап алып немесе өлтiруге бағытталды. Мұндай тактика тулугма деп аталды. Екі қанат әскердiң артынын бас күштерi, ауыр қаруланған салт аттылар және хан ұландарымен тыртылды. Қиын жағдай болса бас күштердiң арқасына резервте әрдайым шешушi шабуылды жасайтын немесе жаудың соққысын тойтаруға болатын ұлан орналасты. Карпинидің айтуы бойынша әскер басшылар шайқастарда қатыспаған деп жазады. Шайқаста олар тас ататын машиналарды, түтіндеткіштерді қолданды. Жорық кезінде артта келе жатқан салт атты жауынгер алдыңғы бөлімдегілерден түсіп қалған затты алуға ерінсе, өлім жазасына кесіледі. Ұрыс кезінде жолдасына көмектеспеген кінәлі да өлім жазасына кесіледі. Моңғолдар шайқас уақытында барлық күндізгі қозғалыстарда ақ және қара байрақтар қолданды, ал түнде – шамдар пайдаланды. Қаланы қоршағанда, алдымен жан-жағын тұтас талқандады да қаладан ешкімді шығармай қойды. Қаланы айнала қоршай ор қазды. Мұндай жұмыстарға жергілікті халық пен тұтқындарды пайдаланды және оларды қамалға кіріп шайқасуға мәжбүр етті. Өздері арттарынан қадағалап, кері қайтқандарды өлтіріп отырды.

Толық қоршалған жау өшiге соғысатынын білген моңғолдар шегiнуі үшiн орынды оларға әрдайым тастап кетіп отыратын. Моңғолдар жауды талқандағаннан кейiн бөлiнген әскердi белсендi қудалауды ұйымдастырды. Ол бiрнеше күн созыла алды. Қудалаудағы басты ролі жеңiл атты әскерге берiлдi. Әскерді басқару жақсы жолға қойылды. Барлау жүргізуді, қарулануды, басқа да қосымша шараларды арнайы адамдар басқарды.

Бұрынғы-соңғы ұлы қолбасшылардың бай тәжірибесіне сүйене отырып Әмір Темір аса қуатты және соғыс өнеріне ерекше қабілетті әскер жасақтай білген. Соның арқасында қарсыластарымен шайқаста әрдайым жарқын жеңістерге жетіп отырған. Бұл ретте, ұлы әмірші өз жақындарына “ Патшалық құратын уақыты ұзақ әрі мемлекет ауқымды болуы үшін әмірші өз қылышы лайық ұстауы керек” деп ақыл айтқан және сол себепті де өзіне шын берілген әскербасылары тобын құруға, әлеуетті әскери күш жасақтауға тырысқан.

Темірдің, негізінен, атты әскерден құралған жасағы, сонымен бірге жаяу әскермен де қосымша толығып отырған. Жаяу әскер көбінесе жеңіл-желпі қаруланған садақшылардан тұрған. Әмір Темір әскери басшылықта Шыңғыс хан мен түріктердің әскери тәжірибесін пайдаланды. Өзінің Түркістанға таласуы кезінде үнемі қасында болған 313 адамнаң ішінен ол 100 адамды он басы, 100 адамды жүз басы, және 100 адамды мың басы етіп бекітті. Қалған 13 адам жоғарғы қызметке ие болды. Басшы таңдауға үлкен мән берілді. Он басылар ондықтың ішінен іріктелді. Ал жүз басылар, мың басылар және одан жоғарғы басшылар жоғарыдан тағайындалды (Муминов, 1993).

Темірлан әскерлері белгілі бір мөлшерде жалақы алып отырды. Ал, Шыңғыс хан әскері жалақы алған жоқ, керісінше өз олжасынан салық төлеп отырды. Қатардағы жауынгер екіден төртке дейін жылқының құнын алды; он басы-өзінің ондығының жалақысын алды (сондықтан ол өз жауынгерлерінің көп табыс табуына мүдделі болды; жүз басы-алты он басының жалақысын және т.с.с. Бір ескертуден кейін жалақының оннан бірі кесілді. Батыр, ер жүрек жауынгерлер үшін көтермелеу шаралары қолданылды: мадақтау, жалақыны көтеру, сыйлықпен марапаттау, атақ-дәрежесін жоғарылату, жасақ туын сеніп тапсыру. Қатардағы атты жауынгерлер мынадай қарулармен қаруланды: садақ, 18-20 жебе, он жебенің ұшы, балта, ара, біз, ине, арқан, су, айран құйылған торсық және өзінің жеке аты. 19 жауынгерге бір шатыр бөлінді. Бұл жеңіл қаруланған атты әскер. Бұдан басқа Темірлан тауда шайқасу үшін арнайы жаяу әскер ұстады (таулық жаяу әскер). Түріктер сол кездегі ең жаңа техниканы пайдаланды. Ол әскер басқаруды қиындатты, әрі әскер басылардан шеберлікті талап етті. Түрік әскерінде қамал бұзатын техниканы грек отын пайдалана алатын арнайы мамандар болды. (Клавихо, 1988).

Жауынгерлер тәртіпті ұйым мен арнайы қатарда тұруды меңгерді. Әр жауынгер ондықтағы, ондық жүздіктегі өз орнын жақсы білді. Әскери бөлімдер қатармен жүруді жақсы игерді және әр бөлімнің киімінде, қару-жарағында, туында айырмашылықтар, яғни өзіне тән түс, белгілері болды. Кейбір жасақтар жылқылары арқылы ерекшеленді. Шыңғыс ханның жорық алдында жауынгерлер дайындығын тексеруден өткізу әдісін Темірлан бұлжытпай орындап отырды. Шайқас үшін үлкен, тегіс алаң таңдалып алынды. Орталыққа қарағанда екі жақ қанаттағы әскердің мықты болуы қадағаланды. Бұл жауды қоршау үшін қажет болды. Темірлан шешуші соққы беру үшін аса мықты қосымша әскер ұстады (Клавихо, 1988).

Алдымен жеңіл қаруланған жаяу әскерлер жауға жебе мен тас атқылап жау әлсіреген кезде қосымша әскер іске кіріседі. Тұрақты әскер жауынгерлері көптеген қасиеттерді меңгерді: соғысты ұйымдастыра білу, әскери қатармен жүру, техниканы тиімді уақытта пайдалана білу, қару-жарақтың біріңғай болуы. Әр түрлі әскери бөлімдердің бірыңғай қарулануы және бірыңғай атқа мінуі тек сырттай ғана әдемі көрініп қойған жоқ, басқаруда да жеңілдік туғызды. Темірлан өзінің балаларына саясат пен соғыс ісін жете білуді мұра етіп қалдырған.

Қорыта келгенде, моңғол-түрік әскерлері соғысты, негізінен, жеңіл атты әскерлер арқылы жүргізді. Олар бір орталыққа бағынған, тәртібі өте қатал, бұйрықты бұлжытпай орындайтын, жоғары беделді әскери әлеуетке ие болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет