Мазмұны кіріспе 3 зейін туралы жалпы түсінік


Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде орындалатын талаптар



бет11/12
Дата27.05.2022
өлшемі82,51 Kb.
#35722
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.2 Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде орындалатын талаптар.

Зейінді дамытуда мен тәрбиелеуде осындай талаптар орындалады:

  1. 1–сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру; оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту.

  2. Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.

  3. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.

  4. Зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру.

  5. Балалардың жүйке жүйесінің әлі де болса “қатая” қоймағандығы еске алынсын.

  6. Мұғалімнің жеке басының үлгі, өнегесі.



ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда зейін дегеніміз – сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс - әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бәр нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі - өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.
Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: “Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгірмейді” дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады. Ы. Алтынсарин: “Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс” – деп өте дұрыс айтқан.
Зейіннің белгілі дәрежеде жетілген күші мен тұрақтылығы оқу оқуға, ақылдың, әсіресе ойлаудың дамуына көмектеседі. Мектепке дейінгі дәуірде зейіннің күші мен тұрақтылығы баланың сезіміне бағынады. Олардың сезімі ұзаққа созылмайды, тұрақты болмайды, сондықтан баланың зейіні де онша тұрақты емес. Сонда да олардың сезімінде өзіндік күш бар болғандықтан, зейіні ұзаққа созылмаса да, біраз уақытқа тұрақты боп көрінеді. Мектеп жасындағы балаларда сезімнің тұрақтылығы арта түседі. Мұғалім оқушының сезімін оятатын тәсілдер қолданып, олардың зейінінің күші мен тұрақтылығын тәрбиелеп отыруға тиіс. Зейінді күшті және тұрақты ететін күш – ерік. Зейіннің кейбір қасиеттері ерікпен бірге дамиды.
Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуы көбінесе мұғалімнің, оқушылардың зейінін қаншалықты оқуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады, оның үстіне балалар сабақта зейінін сала жұмыс істейді. Сыныпта тәртіптің болуын да қамтамасыз етеді. Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін қойып зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз (яғни қабылдамаймыз), ойлаймыз (яғни ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Cөйтіп, зейін әртүрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет