ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ
_____________________________________________________________________________
«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ:
АККРЕДИТАЦИЯ ЖӘНЕ КАДРЛАР ДАЙЫНДАУ
САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ»
46-шы ғылыми-әдiстемелiк конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
14-15 қаңтар 2016 жыл
4-кітап
МАТЕРИАЛЫ
46-й научно-методической конференции
«МОДЕРНИЗАЦИЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ПРОГРАММ:
АККРЕДИТАЦИЯ И ГАРАНТИЯ КАЧЕСТВА
ПОДГОТОВКИ КАДРОВ»
14-15 января 2016 года
Книга 4
Алматы
«Қазақ университеті»
2016
Төлешова Ұ.Б. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АССОЦИОГРАММА ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктерін сараптауда студенттің оқу орындарындағы
пәндерді таңдауда көп еркіндігі, әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы,
оқыту бағдарлмасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі, студенттердің
оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі, «студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-
субъект» болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық рөл атқаруын айтуға болады.
Студенттің оқуға қызығушылығы мен қажеттілігі өздік әрекеті түріндегі оқуға ауысуы,
оқытушының функциясының өзгеруі және СӨЖ маңызының артуы, өзара белсенді әдістердің,
бейдәстүрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданылу қажеттігі оқу үдерісіне қатысушы субъектілер
оқытушы мен студенттің нақты әрекеттері айқын түрде сипатталғандықтан өздік іс-әрекет
арқылы студенттің өздік жұмысы іске асатыны анықталды. Студенттердің өзіндік жұмысы
сабағында алдын ала берілген тақырып бойынша баяндама жасау, реферат оқу, пікірсайыс
әдістері басты қолданыста болады. осы сабақта өз бетінше ойланудың, өзара белсенді қарым-
қатынас арқылы білім алудың білігін игеріп қалыптастырудың зор мүмкіндігі туындайды.
Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс студенттің теориялық білімін тәжірибемен
ұштастыруына ықпал етеді. Әрі ізденушілік, зертттеушілік, шығармашылық қабілеттерінің
дамуына тигізер әсері мол. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда инновациялық
технологиялар сабақтың ыңғайына қарай қолданылса студенттердің сабаққа деген қызығу-
шылығы дамиды, топтың ынтымақтастығы артады.
Студенттің өзіндік жұмысының мақсаттары - студенттерде өзіндік шығармашылық
еңбекке дағдыларын қалыптастыру, инновациялық технология мен құралдарды пайдаланып,
кәсіптік тапсырмаларды шеше білу, өзінің білімін үздіксіз жетілдіру; жұмыс уақытын
жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін меңгеру және ой - танымын кеңейтуге бағытталады.
Студенттердің өзіндік жұмыс арқылы студенттердің іс-әрекетін белсендірудің тәсілдері
ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру
қолданылған әдіс-тәсілдерге формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты болады.
Белгілі ғалымдар А.Вербицкий мен Ю. Попов «дұрыс ұйымдастырылған студенттің
өзіндік жұмысы студенттің өздігінен білім алуы мен өзіндікдамуына дайындығын
қалыптастыратынын, жоғары мектепте тиімді ұйымдастырылған студенттің өзіндік жұмысы
болашақ маман тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді»
депайтқан болатын.
Ал Г.П.Никитина «аудиториядан тыс студенттің өзіндік жұмысының аудиториялық
өзіндік жұмыстан айырмашылығын оның жүргізу орны, мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен
формаларында, студенттің өз бетімен жұмыс жасау деңгейі, осы жұмысты есепке алу мен
бақылау мәселесін өз қолына алады, өздері шешім шығара алады»- деген. Дәріс сабақтарында
немесе студенттің оқытушымен өзіндік жұмысын ұйымдастыруда студенттердің
қарастырылатын мәселе бойынша ойлау қабілетін дамытуда ассоциограмма әдісін қолданудың
тиімділігі ерекше.