Мазмұны Кіріспе бөлім



бет13/14
Дата10.06.2022
өлшемі70,83 Kb.
#36644
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ҚОРЫТЫНДЫ

Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі. Хат мәтіні – мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр.Эпистолярия грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан. Қазақ Совет энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау, үндеу) – сан алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады...», деп түсінік береді.


Хат жанрындағы шығармалар оқу бағдарламасында аз берілген. Әрине, әр ақын-жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жанрдағы еңбектерін ұсына алады. Мысалы, Ы.Алтынсариннің оқу-білім жайындағы мақалаларын, С. Торайғыровтың « Қазақ кітаптары жайында» атты мақаласын, М.Дулатовтың мақалаларын, эпистолярлық жанрдың бір түрі – естелік-мақалаларды, хаттарды ұсынуға болады. Ғылыми мақалалардан Ш. Уалиханов еңбектері бағдарламада көрсетілген. Ал әдеби-сын мақалаларды, әсіресе М.Әуезовті (оның Абайтану ғылымының негізін салушы екенін) Абай шығармаларын оқытқанда, қосымша материал ретінде ұсынып, оқытуға болады. Сабақтың ғылымилығын арттыруда, білімді тереңдетуде, әсіресе, сын-зерттеу еңбектерінің орны ерекше. Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді, оқырман қауымға беймәлім мәселелерге назар аудартады. Суреткердің жеке өмірлері, қоғамдық іс-әрекеттері, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Мысалы, Алтынсариннің орыс зиялыларына жазған хаттарынан оның білім беру, ағарту саласындағы ауыр өмірін, сол жолдағы кедергілер, қуаныш-ренішін; Шоқанның орыс достарына жазған хаттарынан оның дала тағыларымен күресі, патшалық самодержавие шенеуніктерінен көрген әділетсіздігі, тіпті қала берсе, демократиялық, ағартушылық, гуманистік бет-бейнесі туралы біле түсеміз.
7-сыныпта Ұлы Отан соғысының құрбаны, жалынды, әрі патриот-публицист Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» оқуға, талдауға ұсынылған. Хаттарды оқытуда мына мәселелерге көңіл бөлген жөн: жанрық, композициялық ерекшеліктерін аңғарту (басқа шығармалармен салыстыра отыру). Хат арқылы хат иесінің көңіл-күйіне назар аударту. Мысалы, «Шығыс ұлына хат» аса көтеріңкі көңіл күймен, асқан сеніммен, халқына, бүкіл Шығыс ұлына арнау мәнінде жазылған. Хаттың ерекшелігі – жалынды үнінде, Шығыс ұлымен сырласу сипатында. Хаттың мазмұнын меңгерту айналасында төмендегідей жұмыс жүргізу керек: мұғалімнің мәнерлеп оқуы, оқи отырып, түсінік беру, ең бастысы, түйінді мәселелерге көңіл бөлгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет