Мазмұны кіріспе эмоциялық процесс 2 Эмоциялық сфера туралы түсінік мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының дамуы. 10 Мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің түрлері 17 Қорытынды 23 Пайдаланылған әдебиеттер



бет8/10
Дата07.12.2022
өлшемі44,72 Kb.
#55615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Биологиялық фактор: (жүйке жүйесінің дамытуы) адам психиканың ортақ ерекшеліктері, сонымен бірге тұқым қуалаушы жеке ерекшеліктерді бұл жерде есепке алынады.
Әлеуметтік фактор: баланы қоршаған жақындары және дұрыс тәрбие беру.
Басқа балалармен ойын кезінде баланың эмоционалды портреті айқындалады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу іс – әрекетін ұйымдастыруда баланың эмоционалды көңілінің ықпалы зор.
Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды компоненттерін есепке алу қажет деп санаймын. Білім беру жолдары және әр түрлі іс – әрекет кезінде баланың эмоционалды көңіл – күйіне ойын ықпал етеді. Ойындарды әр ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде қолдану қажет. Эмоционалды компоненттiң функциялары адамның бағалы құндылықтарының ең маңызды шарттары. 
Психологтар эмоция парасатының 5 тармағын ерекшелейдi. 
1. Сезiм, яғни ол пайда болатында сезiмді ажырату. (өзін-өзі тану) 
2. Олар лайықты шеңберлерден шықпау үшiн сезiммен қарап анықтайтын эмоциялармен басқару. 
3. Эмоцияларды бақылау - бұл қабiлеттiлiкті арттыру, тыныштық күйiне өзiн келтiру. 
4. Өзара арақатынастардың сүйемелдеу. 
5. Жас ерекшелікке байланыстысы мiнездемелер. 
Мектеп жасына дейінгі кіші балалар ертегiлердiң кейiпкерлерiне еліктейді және қиыншылықтарына болысуға ниет қылады. 
Негізгі эмоцилар: ренжу,қуану, тынышталу, қорқу.
3 – 5 жаста құрдастарына құштарлық сезімі дамиды. Жаңа әзiлдесу сезiмi оянады, әзiлдердi түсiнедi және әзiлдеуді жақсы көредi, өз эмоцияларын баяулатып, кез келген ым арқылы және ымдап сөйлесу эмоциялардың сыртқы белгiлерiн бiлдiреді. Негiзгi эмоциялары: қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану,қызығушылық тыныштық, қуаныш. 
5-6 жаста – мектепке баратын уақыттың жақындауын сезiнедi:біреулер үрей сезiмдерi.ал, екіншісінде қуаныш сезiмдері пайда болады.. 
Негiзгi эмоциялар: қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, таңдану, мүдде, тыныштық, ар, жазалау, қуаныш, күндеушiлiк, жеркенушiлiк. 
Эмоционалды көңіл-күйдің дамытуы осындай бөлiмдерден тұрады. 
Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды дамуында (театр) сахналаудың әсері маңызды болады.Өздеріне көптеген жақсы әсер алады. 
Эмоциялар, бiр жағынан, бала күйiнің индикаторлары болып табылады, екіншіден оның танымдық процесстерi және мiнез-құлық, логикаларына оның ықыласы, қоршаған ортаны қабылдауды ерекшелiктiң бағытталғандығын анықтауда ықпал етедi деп есептеймін.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе.
Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін жағымды және агрессия түрлерін ашып көрсетіп олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ дегім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет