Мазмұны кіріспе І. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеті



бет3/7
Дата12.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#36721
1   2   3   4   5   6   7
1.2 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен міндеті
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері: математикадан үйірме жұмыстары, математикалық бұрыш, математика кештері мен ертеңгіліктері, конкурс, олимпиада, эстафета, газет.
Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері. Қазіргі кезеңде еліміздегі білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға бастау алатын жаңа мазмұндағы тұжырымдамалар мен заңдар, халықтың рухани, әлеуметтік дамуына, тілі мен мен тарихы, мәдениетінің өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туындап отырғаны белгілі. Қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуі - білім беру мазмұнын жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа
жағдайға бейімдеп, жинақталған тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа т.б. байланысты.Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдері бөлімі бастауыш мектеп математикасының мазмұндық-әдістемелік желілерінің әрқайсысы бойынша ұғымдар мен әрекет тәсілдерін оқытудын процессуалдық аспектілерін нақтылауға арналады.
1.3 Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға шолу және оның бағыттары
Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту үшін ширақ жұмыстарды қамтамасыз етуде ұйымдастыру жұмысы қандай болуы керек, ұйымдастыруға қандай талаптар қойылуы қажет?
Қалыптастырған іс-тәжірибе мен эксперименттің көрсеткеніндей сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру келесі принциптерге негізделуі қажет екеніне сеніміміз мол:
-Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз қалауы бойынша олардың бейімділігі, қабілеті, мінезі т.с. сияқтыларға қарамастан бәріне бірдей ерікті жүргізілуі керек. Сыныптан тыс жұмыстарға қатысу міндетті емес, ол тек оқушылардың арнайы қабілетін дамытуға арналған (математикаға, көркем әдебиетке, эстетикаға т.с.с.), бірақ ол жалпы алғанда, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады.Сыныптан тыс жұмыстарды осындай түрде ұйымдастыру оқушылардың арнайы тар мағыналы қабілетін дамытпауы, мүмкіндігіне қарай ол әр алуан түрдегі бейімділіктер мен оқушы қабілетін дамытуға мүмкіндік жасауы қажет, бұл мектептің оқу-тәрбие жұмысында жалпы алғанда өте құнды болуы қажет. Сыныптан тыс жұмыстар мектепте оқыту мен тәрбиелеу сияқты негізгі мәселелерді дұрыстап шешуге әсер етуі керек .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет