Мазмұны Кіріспе І бөлім


І. 5 Өсімдіктері мен топырақ жамылғысы



бет2/7
Дата14.10.2023
өлшемі268,5 Kb.
#113687
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
І. 5 Өсімдіктері мен топырақ жамылғысы
Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1-1,5 мыңдайы-балдыр, 2,5-3 мыңдайы-саңырауқұлақ, 200-ге жуығынан астамы –жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің шамамен 250 түрі тек қана облыс жерінде кездесетін эндомиктер. Қазақстанға тән 10-12 эндомик тұқымдастарының жетеуі осында өседі: физандара, рафидофтион, жалған шалмасақ, жалған шандра , бочанцевия , тобылғыгүл, конкриниекла. Оңтүстіктің қазіргі флорасы ежелгі флораларыныңм негізінде қалыптасқан. Сол флоралардың өкілдері бүгінгі флораның құрамында реликт түрінде кездеседі.
Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы , түрлері мен эндемиктердің топтасуы биологиялық , экологиялық эволюциялық, ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Облыс жерінде құрғақ субтропикалықтан (Жетісай, Сарыағаш) бастап мұздықтарға (Ақсу-Жабағалы) дейінгі Солтүстік жарты шардағы барлық табиғи аймақтардың сапрқыншақтары кездеседі.
Облыстың жазық бөлігі Иран-тұрандық ботаникалық-географиялфқ аймақтың 2 провинциясының құрамына кіреді (Жоңғар –Солтүстік тұрандық және оңтүстік тұрандық). Жоңғар –солтүстік тұрандық шөлдер Созақ ауданы жерінде Облыстың терістігінде Бетпақдаланың өсімдіктері әр алуан түрлі. Тастық жерлерге петрофиттері сериялы тән болса, , кейбір саз балшықты топырақтарда шөлдік финоценоздар кең тараған. Бұл жерлердегі негізгі даминанттар –сұр жусан , бұйырған , қара баялыш, тасбұйырған , көкпек, сонымен қатар тұран жусаны мен майқара жусан, күйреуік, қара сексеуіл және т.б. Оңтүстігінде Бетпақдала Шу өзенінің жарқабақты. Алабымен шектеседі. Бұл жазықты аса тұзды гипоргалофитті шөлдер мен сорлар көп кездеседі. Бұл жерлердегі негізгі доминаттар –жалмаңқұлақ , жапырақты сорқаңбақ, төбесораң , қызыл сораң, сарсазан , сонымен қатар жыңғыл мен кермектің түрлері де кең тараған. Шу өзенінің солт жағалауында тек өзіне тән өсімдіктер бар. Мойынқұм жатыр. Мұндағы негізгі доминанттар –жүзгіндер , қоян сүйек, ақ сексеуіл, қысқа мүйізді астрагал, теріскен, мал жабылатын құмдарда жусанның түрлері, ебелек пен изен өседі.
Оңтүстік тұрандық шөлдер Қаратаудың Күнгей беті мен Батыс Тәңіртау аралығындағы Түркістан ауданынан Сарыағаш ауданына дейінгі кеңістікті алып жатыр. Бұл шөлдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады: жазықтық , тау етегі мен бөктерлеріне тән адырлық шөлдер мен тықыр шөпті эфемерлі –эфероидты жартылай саванналар, сонымен қатар өзен аңғарларына тән өсімдіктер. Жазықтық шөлдерге Қызылқұм жатады. Мұндағы негізгі эдификаторлар (өсімдік жамылғысындағы басым түрлері)-ақсексеуіл, раң, басты жусан, жлңғарлық жусан, түк жемістімавзолея және бірқатар эфемероидтар, астық тұқымдастар болады. Бұл шөлдерге тән негізгі өсімдіктер толық, қаудық түрлері және қызғалдақ, шырыш, шиқылдақ, , фломис, көбенқұйрық сияқты эхфемероидтар шөптесін өсімдіктер. Олардың ішіндегі ерекшесі-шөптесін өсімдіктер. Олардың ішінде ерекшесі-Ақдала жызығындағы дәрмене жусаны. 100 шаршы м. Жерде 18-20 түрі кездеседі. Тықыр шөпті жартылай саванналар немесе эфемеротум әдәуір жерді алып жатыр. Өсімдік жамылғысының негізін қалайтындар жуашықты қоңырбас, , қоңырөлең мен раң , олармен қатар кездесетіндері-бозшағыл, салалы қарашағыр, бессаусақ, сор ажырақ, түкті бидайық және жаман арпа. Мамыр айының екінші жартысында эфемероидтар толысады да жаздың ортасында күйіп кетіп, топырақ жолақшаңданып қалады.
Өзен аңғаларына тән өсімдіктер тұқымдастығын шалғындық және итоғайлық экологиялық қатарлар түзеді. Сарысу мен Шудың төменгі ағысында қалың тоғай жоқ. Бұл жерлерде –жыңғыл , қамыс , шеңгел мен ажырық өседі. Кейбір тұзды жерлерде қарабарақ, , төбесораң, сарсазан, кең тараған. Қалың тоғай Сырдарияның аңғарында көп. Судың жағалу тораңғы , талдар , жиде, итмұрын, тұнып тұрған ну тоғай. Ағаштардың бұтағында шырмалған маналар-шығыстық жібілген, шырмауық бар. Тоғайдың шетінде ірі астық тұқымдастар қамыс, баттауық, және кендір, жантақ және қызыл мия қалың өскен. Облыстағы таулар Батыс Тәңіртау мен Қаратау жүйелеріне жатады. Таулық жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мыналар:
-әр түрлі шөптесін-ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна;
-жапырақты , жемісті ормандар;
-су бойындағы бұталар;
Таулық далалар;
-бұта-шіліктер-розарийлер, тобылғы және шие-шіліктер
-тікенекті қатты шөптер мен бұталардың аң тұратын фриганоидтар;
-әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулық шалғындар, т.б.
Бұл экожүйелердің кемшілігі жазық жерлерде кездеспейді
Таулық әр түрлі шөптесін – ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна теңіз деңгейінен, 600 м-ден жоғарыда кездеседі. Шөптердің биікті 1м-ден асады. Фитоценоздардың доминанттық негізін түкті бидайық, жаман арпа, бозшағыл және кәдімгі торғақшөп, қызыл от, бидайық сияқты шалғынды астық тұқымдастар құрайды. Өсімдік жамылғысының жоғарғы деңгейін әдетте сасырдың түрлері штукбекдрофия,, жүрекшапырақ рауғаш, жалаңгүлді айдаршөп, андыс шырыштың түрлері түзеді. Екінші деңгейде түзетіндер –жұпаргүл , астрагалдар, самарқандық салаубас, өлмесшөп, кебенқұйрықтың түрлері және т.б. Төменгі деңгейдің түр құрамы эфемерумге ұқсас. Бұл өсімдік тұқымдастарына –итмұрындар, тәңіртаулық ұшқат , алмұрт жапырақты түйесіңір, шиелер жатады. Бұл тұқымдастың түрі өте көп-100 шаршы метр жерде 50-ден сасды. Субальпілік белдеуде (200-м жоғарыда) –жіңішке сасыр, кәдімгі тарғақшөп, қызылот , андыз, таран, рауғаш, итмұрын ши және бадам кездеседі.
Ксерофильді сирек ормандар мен бұталар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың аласа бөктерлерінде (Машат, Дәубаба, Қазығұрт) шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған , өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған. Негізгі формация-Сары даланың сирек ормандары. Өз алдына жеке бірлестік түзетін тағы бір түрі –тау пісте. Бадандық ең ксерофильді нұсқасы тікенді- бадам топтары. Бұдан басқа Түркітан доланасы, регель алмұрты, семенев үйеңкісі , ұшқаттар, итмұрындар, шиелер, парсы шетені немечсе, қызыл қайың, қылма кездеседі. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгендер де бар, олар жабайы алма, жабайы өрік, жабайы жүзім, Шренк тобылғыгүл , темірағаш, Кавказ флористикалық қанықтығы түр құрамының байлығы 100 шаршы метрде 75 түрі кездеседі. Шөптесін өсімдіктердің құрамында жартылай саваннамен ортақ түрлері көп. Осы екі өсімдіктер қауымдастығы түрлерінен (Қызыл кітапқа» енгені –Регель рафидофинтоны , марскеуек немесе лепидолофалар, піскен жуасы грейг қызғалдағы, көкшіл шиқылдық, ақ жолақты сасыр.
Жапырақты жеміс ормандары әдетте беткейлерде , сайлар мен жыралардың табанындағы сулы немесе құрғақ арналарда өседі. Негізгі орман түзуші түрлер –Түркістан доланасы мен жабайы алма. Олармен бірге өрік, жоңғар, доланасы , сары долана, семенов үйеңкісі жабайланған қара тұт, жаңғақ және алша кездеседі.
Су бойындағы бұталар ормандар (тоғайлар) Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың сай-жырларында ағып жатқан үлкенді – кішілі өзен сулардың бойында болады. Ең алдымен бұл-тал шіліктер: ақ тал , кирилов, талы, блек талы, іле талы, сонымен қатар талас терегінің ормандары. Тау өзендерініңғ бойында (соғды шағанының ормандары, ал Қаратау мен) бірқатар сирек реликт түрлер кездеседі. Боралдай, Ақсу, Дәубаба өзендерінің бойында соғды шағанының ормандары, ал Қаратау мен Машат тауларының кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Батыс Тәңіртаудағы өзендер аңғарында Тянь-Шань қайыңы мен талас қайыңының ормандары кездеседі.
Арша ормандары мен сирек ормандардың үш түрі бар: қызыл арша немесе Түркістан аршасы. Кең тарағаны –қызыл арша, ол 1200-2000 м. Биіктікке дейінгі белдеуде тараған. Қаратау мен Машаттарға кішкене «арша аралдары» бұл түрдің бұрын кең тарағанын көрсетеді. Сауыр арша теңіз деңгейінен 1600-2500 м биіктіктегі белдемде, ал Қара арша 1700 -3000 м биіктікте тараған.
Таулық далалар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың көптеген белдемдерінде кең тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер-қау мен боз бетеге. Ерекешөптің түрлері де елеулі роль атқарады. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген сайын бетегелі-бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі.
Қаратаудың далалық формациялары құрамы мен құрылымынындағы өзіндік ерекшелік жартылай саванналық , фриганоидты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталардың –тобылғы , балқаш , қарағаны, тобылғыгүлдің болуы.
Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратау мен Батыс Тәңіртауды кең тараған. Ал шөлді жазықтарда , тұзы сортаңды жерлерде , өзен аңғарларында қалың шеңгел кездеседі. Тауларда өз алдына қалың болып шие , ұшқат, тобылғы, итмұрын, зірік, ырғай, қара арша, , тобылғыгүл мен қылшалар кездеседі.
Фриганоидтар немесе таулы-қыраттық ксерофиттер Қазақстанда тек қана оңтүстікте мейілінше толық кездесетін тікенекті шөптесін өсімдіктер қауымдастығы. Олар теңіз деңгейінен 100-2700 м биіктікте таралған. Фриганоидтардың айқын өкілдерінің көпшілігі реликт, әрі сирек түрлер болып табылады. Да (Қызыл кітапқа» кірген. Олар –Культиасов сирекиясы, тікен жапырақ, әулиеаталық рихантемис , Қаратау лепидолофасы таспажапырақты лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы, тау сағыз және т.б.
Батыс Тәңіртаудың қыраттарында теңіз деңгейінен, 1700-2400 м. Аралығында –криофитті альпілік шалғындар таралған. Таулы шалғындарда кең тараған түрлер-шалғындық түлкіқұйрық, бидайық, кәдімгі тарғақшөп, шалғындық атқонақ, шалғындық қоңырбас, т.с.с. Субальпілік шалғындар жатаған аршалар белдемеде тараған. Шалғындық астықтұқымдастарға жататын түрлер шаоғындық беде , Гельцер қалампыры, бұйра қымыздық , маралоты және т.с.с. қосылады. Қазақстанның «Қызыл кітабына енгізілген. Қоқанның морикасы мен ірі жапырақты медиазия субальпілік шалғындардың құрамында. Альпілік шалғындардың түр құрамы бөлек , олар негізінен аласа бойлы, криофитті шөптесін өсімдіктерден тұрады. Әдетте, доминант болып келетіндері-жіңішке кобрезия немесе күйгенбас , доңызсырт , сарғалдақтар , тасжарғандар , көкгүлдер және т.б.
Батыс Тәңіртаудың ең биік жерлерінде (3500-4200м) криофитті бөстектілер мен қармаңайлық-субнивалды белдемдік топтар кездеседі. Ең жарқын өкілдері болып табылатындары –үш сала вальдгеймия, желайдар шөшішбас, аяздық семізот және т.б.
Облыс жері өте көне мәдениет және өркениет ошағы болып табылады. Бұл әрине өсімдіктер дүниесіне тәкелей әсер еткен, әсіресе Қаратаудың күнгей бнткейіндегі Сырдарияның бойындағы қалың орман , тоғайлар сиреп қалған. Өсімдік дүиесі көптеген мәдени дақылардардың отаны болып табылады. Облыстың жер аумағы Н.Вавилов айқындап кеткен «Орта Азиялық мәдени өсімдіктер ошағының « қомақты бөлігі болып табылады. Облыстың жер аумағы Н.Вавилов айқындап кеткен. «Орта Азиялық мәдени өсімдіктер ошағының» қомақты бөлігі болып табылады. Ондай дақылдарға қызыл бидай, арпа , күріш, алма , өрік жүзім және т.б. жатады.
Облыстың табиғи флорасы-әлі де пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі болып отыр. Мұнда жемшөптік, дәрілік, , азық-түліктік, эфимайлық және т.б. пайдалы өсімдіктер көп –ақ. Олардың ішіндегі дәрмене жусан, жабайы, жүзім сияқты түрлердің такбиғи популяциялары ғаламдық маңызы генофонд деп таңылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет