Мазмұны Кіріспе І бөлім



бет1/7
Дата14.10.2023
өлшемі268,5 Kb.
#113687
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7

Мазмұны


Кіріспе
І бөлім
І.1. Түркістан облысының физикалық – географиялық сипаттамасы
І.2. Зоогеографиялық аудандастыру
ІІ бөлім
ІІ.1. Түркістан облысының жануарлар дүниесі
ІІ.2. Облыстың өсімдіктері
ІІІ бөлім
ІІІ.1. Жануарлар дүниесін қорғау
ІІІ.2. Өсімдіктерін қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе

ОҚО-сы бірден-бір табиғатта қайталанбайтын территория. Жер бдерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстиік шығысында ұзыннан – ұзақ созылып жатқан Қаратау тау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақ дала, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Өгеш және Қаржантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді, Облыстық оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.


ОҚО-ныңкең байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі.
Диплом жұмысында жануарларды облыстық қазіргі белгіленген аумағының табиғат зонасы бойынша аудандастырып көрсеттік, яғни жануарлар шөл-шөлейтті және таулы зоналарға аудандастырылған. Біржола құрып кетудің алдында тұрған жануарларды қорғау мен сақтауға байланысты облыс көлемінде жасалынып жатқан іс-шараларға да көңіл бөлдік.
Осы Оңтүстік өңірде кездесетін жануарлардың 1400-ге жуық түрінің ішіндегі 70-ке жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол түрлерді сақтап қалу және қорғау мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда ең әуелі қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықтық белдемдер, сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлері көптеп ұйымдастырылуда.
Облысымызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 847 мың гектарды құрайды.
Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы – мемлекеттік қорықтар. Облыс көлеміндегі ең ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып «Ақсу – Жабағылы қорығы» саналады. Онда балықтың - 4,, бауырымен жорғалаушылардың -9, құстардың – 240, сүтқоректілердің -43 түрі қорғалады. Оның көлемі 85,4 мың гектарды құрайды. Бұдан басқа облыста 10 қорық, 47 табиғи ескерткіштер, зоологиялық саябақ, дендрологиялық саябақ бар.
Қазіргі таңдағы олардың жағдайы, осындай табиғи аумақтардың жаңадан құрылуы, ондағы жануарларды қорғау мен сақтау жолдарының заң бойынша дұрыс жүргізілуін толыққанды қарастырдық.
Мақсаты мен міндеттері: ОҚО-ның жануарлар дүниесі мен оларды қорғау іс-шараларына жан-жақты сипаттама беріп, физикалық – географиялық жағдайымен байланыстыру.
ОҚО-ның жануарлар дүниесі мен оларды қорғау тақырыбында:

  1. ОҚО-на физикалық – географиялық сипаттама беру. Оның ішінде жер бедеріне, геологиясы мен кен байлықтарына, климатына, ішкі суларына, өсімдік және топырақ жамылғысына тоқталу;

  2. ОҚО-ның жануарлар дүниесіне сипаттама беру. Оның ішінде зоогеографиялық аудандастыру мен жануарлар дүниесіне тоқталу;

  3. Жануарлар дүниесін қорғау жолдарына тоқталу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет