Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау



бет24/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Ортақ ресурстарды қолдану
Егер диск немесе бумаға оқу паролі немесе толық қатынау паролі белгіленген болса, онда ол паролді қолданушылар білуі қажет. Әйтпесе оларда ортақ ресурсқа қатынау мүмкіндігі болмайды.
Желідегі кез-келген компьютерді ашу үшін Желілер ортасында компьютер таңбашасын 2 рет шертіңіз. Барлық ресурстар немесе бумалар тізімі көрсетілген терезе шығады. Терезедегі қалаған ресурстар мен бумаларыңызды қолдануыңызға болады.
Ортақ қолданудағы файлдармен жұмыс
Буманы ашу үшін сол бумада тышқан тетегігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Егер бумаға оқу үшін қатынау немесе толық қатынау бар болса, онда буманың мазмұны көрсетілген терезе ашылады. Ал бумаға қатынау тек паролмен жүргізілсе, онда Желілік паролді енгізу – сұхбаттасу терезесі шығады. Паролді енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Егер «Паролдер тізімінде сақтаңыз» деген бөлімде жалауша орнатылса, онда келесі жолы буманы ашқан кезде паролді енгізу қажет емес. Өйткені ол пароль паролдер тізімінде сақталынады.
Дискеттерді қосу
Дискеттерді қосу – бұл компьютер аты, бумалары, керек файылдары немесе ресурстары бар дисктің атын белгілі бір жолмен байланыстыру әдісі.
Дискеттерді қосу белгілі бір объектіге жету үшін буманың ішінен буманы ашып жету жолымен басталады. Дискеттерді қосу, әсіресе басқа желінің жұмыс ортасындағы файлдар немесе ресурстарды қолдануда пайдасын тигізеді.
Дискті қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Қосылған дискті орнататын терезе ашыңыз ( мысалы, Менің компьютерім ).

  2. Егер құрал- саймандар панелі көрінбесе, онда Түр менюінен құрал- саймандар панелі командасын таңдаңыз.

  3. Құрал- саймандар панелінде « Желінің дискті қосу ( Подключить сетевой диск ) » таңбашасын шертіңіз.

  4. Желілік дискті қосу үшін сұхбаттасу терезесі ашылады. Ашылған терезедегі тізімнен « Жол ( Пусть ) » батырмасын шертіңіз. Егер бұл дискке қосылу жақында орнатылған болса, онда тізімде Жол таңбашасы болмайды. Тізімде қажетті жол жоқ болса, онда мына түрде енгізіңіз:

\\ компьютер аты \ бума.

  1. OK батырмасын басыңыз.

Тапсырма
Келесі айтылған түсініктердегі жіберілген орындарды мағынасына қарай толтырыңыз.

    1. Жіберуші – компьютер хаттама жұмыс істей алатындай ........................... деп аталатын мәліметтерді бірнеше бөлікткрге бөледі.

    2. Қабылдаушы – компьютер мәліметтерді пакеттерден ................................ көшіреді.

    3. Бірнеше маршрут бойынша желі арасындағы мәліметтерді қамтамасыз ететін хаттамалар ................................ деп аталады.

    4. Қабылдаушы – компьютер ............................... мәліметтер блогі жинақталған пакетте бастапқы форматта қолданып, жібереді.

Жауабы: 1. пакеттер, 2. стегі, 3. буферге, 4.маршрутталған, 5. қосымшаларды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет