Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау


Желілердің техникалық-аппараттық жабдықтары



бет6/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
1.3. Желілердің техникалық-аппараттық жабдықтары
Қазіргі кезде қолданушылардың басым бөлімі компьютерлік желілерді қосу (біріктіру) үшін сымды, кабельді қолданады. Олар компьютер арасында сигналдарды тасымалдау ортасы ретінде қызмет атқарады. Кішкентайдан үлкен желілерге дейін барлығын қалыпты жұмыспен қамтамасыз ететін кабельдердің әртүрлі типтері бар. Бірақ практикада көптеген желілер кабельдердің негізгі үш тобын қолданады:

  1. коаксиалды кабель (коаксиальный кабель- coaxial cable);

  2. қосақталған сым (витая пара- twisted pair);

  • экрандалмаған (неэкранированная- unshielded);

  • экрандалған (экранированная- shielded);

  1. оптикалық талшықталған кабель (оптоволоконный- fiber optic).

Коаксиалды кабель
Ең қарапайым коаксиалды кабель сыртқы қабығынан, мыс (core) сымдардан, изоляция және өткізгіш сымнан тұрады. Сонымен қатар, егер де кабель металл тоқыма қабығынан және өзінің фольгасынан тұрса, онда ол екі есе экрандалған кабель деп аталады. Қатты кедергі кезінде төрт есе экрандалған кабельді қолдануға болады. Ол екі қабат фольгадан және екі қабат металл тоқыма қабығынан тұрады. Кабельдің ішкі жағы резеңкеден, тефлон және пластиктен тұрады. Коаксиалды кабельдер кедергілерді жақсы ұстайды және қосақталған сымдарға қарағанда сигналдардың сөнуі аз кездеседі. Коаксиалды
кабельдердің екі типі бар:

  1. Жіңішке (тонкий- thinner) коаксиалды кабель;

  2. Жуан (толстый- thicknet) коаксиалды кабель.

Жіңішке коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 0,5 см (0,25 дюйм) иілгіш кабель. Ол қолдануда оңай және практикада кез-келген желілер типіне сәйкес келеді. Компьютердің желілік адаптер (байланыстыру құрылғысы) тақшасына (плата) қосылады. Жіңішке коаксиалды кабель сигналдарды 185 м (607 фут) арақашықтыққа дейін береді.
Жуан коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 1 см (0,5 дюйм) қатты кабель. Кейде бұл кабельді Ethernet желілік архитектурасында алғаш қолданғандықтан стандартты Ethernet деп атайды. Жіңішке коаксиалды кабельге қарағанда бұл кабельдің мыс сымдары жуан. Мыс сымдары жуан болған сайын олардың сигналды беру арақашықтығы да үлкен болады. Жуан коаксиалды кабель сигналдарды 500 м (1640 фут) арақашықтыққа дейін бере алады. Сондықтан да жуан коаксиалды кабельді кейде бірнеше жіңішке коаксиалды кабельдерден құрылған желілер үшін тіреу кабелі ретінде қолданылады.
Коаксиалды кабельдің екі типінің айырмашылығы
Кабель жуан болған сайын оны орналастыру қиын болады. Жіңішке кабель иілгіш болғандықтан, оны орналастыру қиын емес және қымбатта болмайды. Ал, жуан кабельді июге қиын, сонымен қатар оны жөндеу де қиынға соғады. Жуан коаксиалды кабель жіңішке кабельге қарағанда қымбат және ол сигналдарды үлкен арақашықтыққа береді.
Қосақталған сым
Ең қарапайым қосақталған сым бұл бір-бірімен айналған екі жеке мыс сымдарынан тұрады. Оның екі типі бар: экрандалмаған қосақталған сым және экрандалған қосақталған сым. Көптеген қосақталған сымдар бір ғана сақтау қапшығына орналасады. Мұндай кабельдерде олардың саны әртүрлі болуы мүмкін.
Экрандалмаған қосақталған сым жергілікті есептеу желісінде кеңінен қолданылады. Оның ұзындығы 100 м-ге (328 фут) дейін барады. Экрандалмаған қосақталған сым екі жеке мыс сымдарынан тұрады. Кейде бұл сымдарды телефон желісінде де қолданады. Экрандалмаған қосақталған сым арнайы стандартпен анықталған - Electronic Industries Assocation and the Telecommunications Industries Assocation (EIA/TIA) 568 Commercial Building Wiring Standard. EIA/TIA 568 кабельдің түрлі кезеңдеріне мінездеме бере отырып, өнімдерінің бірқалыптылығына кепіл береді.
Экрандалған қосақталған сым экрандалмаған сымдарға қарағанда сигналдарды сақтауды қамтамасыз ететін мыс тоқыма қапшығынан тұрады. Сонымен қатар сымдар фольгамен қапталған. Яғни, экрандалған қосақталған сым кедергілерден сақталынып, мәліметтерді өте жоғары жылдамдықпен үлкен қашықтықтарға жеткізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет