Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау



бет9/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Ethernet
60 - жылдардың соңында Гавай университетi ALONA деп аталатын жалпы есептеуiш желiсiн ойлап шығарды. Жалпы есептеуiш желiсi жергiлiктi есептеуiш желiсiне қарағанда үлкен кеңiстiктi қамтиды. Университет үлкен территорияда орналасқандықтан, оның өзiнiң қарамағындағы барлық компьютерлердi желiге бiрiктiрудi шештi. Жасалған желiнiң ең негiзгi мiнездемесi CSMA/CD әдiсi болды. Осы желi қазiргi кездегi Ethernet желiлерiнiң негiзi болды. 1972 жылы Роберт Меткалф және Дэвид Боггс (Xerox фирмасының Пало Альто зерттеу орталығы) кабельдi жүйенi немесе сигналдар жiберу схемасын, ал 1975 жылы ең бiрiншi Ethernet өнiмiн құрастырып шығарды. Ethernet-тiң алғашқы көзқарасы 2,94 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс iстейтiн жүйе болды және 1 км ұзындықтағы кабель көмегiмен 100-ден астам компьютердi бiрiктiрдi. Xerox фирмасы желiсiнiң үлкен жетiстiкке жеткенi соншалықты Xerox, Ihter Corporotion компаниялары 10 мбит/с жылдамдықпен тасымалданатын стандартын ойлап шығарды. Қазiр оны тасымалдау ортасын компьютер мен мәлiметтердi өңдеу жүйесiнiң бiрiгiп пайдалану әдiсiн сипаттайтын спецификация ретiнде қарастырады. Ethernet cпецификациясы OSI моделiнiң физикалық және каналдық деңгейлерiнiң функциясын орындайды.
Негiзгi мiнездемелері
Ethernet - қазiргi кездегi ең әйгiлi, жүйелi архитектура. Ол 10 мбит/с жылдамдықпен тасымалдауды шоқсым топологиясын және CSMA/CD әдiсiн қолданады.
Ethernet (кабель) ортасы компьютерден қорек алады, яғни баяу болады. Терминаторды дұрыс қоспағаннан немесе физикалық зақымнан жұмысын тоқтатады.
Ethernet желiсiнiң төмендегiдей мiнездемесi бар:

Дәстүрлі топология

Сызықты шина

Аралас топология

Жұлдыз - шина

Қол жеткiзу тәсiлi

CSMA/CD

Кабельдiк жүйе

Жуан және жұқа 10 коаксиалды кабель, UTP.

Деректердi тасымалдау жылдамдығы

10 немесе 100 Мбит/с

Тасымалдау типi

Модульденбеген

Спецификациясы

IEEE802.3





Кадр форматы
Ethernet мәлiметтердi пакеттерге (кадр) бөледi, олардың форматтары басқа желiлерде қолданылатын форматтардан өзгеше болады. Кадр – 1 бүтiн болып берiлетiн хабарлар блогы болып табылады. Ethernet kадрының ұзындығы 64-1518 байт болуы мүмкiн, бiрақ Ethernet кадрының құрылымы ең аз дегенде 18 байт пайдаланады, сондықтан Ethernet-тегi мәлiметтер блогының өлшемi 46-дан 1500 байтқа дейiн. Әр кадрдың құрамында басқарушы ақпарат болады және оның басқа кадрлармен ортақ ұйымы болады.
Token Ring
1984 жылда IBM фирмасы шығарып жатқан компьютерлер және компьютер жүйелерiн бiрiктiру мақсатында ұсынылған бөлiк ретiнде Token Ring желiсiн нарыққа ұсынды. Оның iшiнде:

  • Дербес компьютерлер;

  • Орташа ЭВМ;

  • Мейнфреймдер және Systems Network Architecture (SNA) (IBM жүйелiк архитектура) орталар.

Token Ring желiсiн өңдеу барысында IBM фирмасы қабырғалық розетка арқылы компьютердi тораппен жалғайтын қос кабельдi өңдеу қолайлығын өзiне мақсат ретiнде қойған едi. Осы негiзгi процесс орталықтандырылып өткiзiлген. 1985 жылы IBM Token Ring ANSI/IEEE жүйесiнiң стандарты болды.
Негiзгi қасиеттерi
Token Ring желiсi IEEE 802.5 стандартының iске асырылған түрi болды. Басқа желiлерден айырмашылығы тек кабельдiк жүйеде ғана емес, маркердi тасымалдау арқылы қол жеткiзу тәсiлi қолданылды.
Token Ring желiсi келесi мiнездемелердi қамтиды:

Аралас топология

Жұлдызды-сақина

Қол жеткiзу тәсiлi

Маркердi тасымалдау арқылы

Кабельдiк жүйе

Экрандалған және экрандалмаған қосақталған сым

Деректердi тасымалдау жылдамдығы

4 и 16 Мбит/с

Тасымалдау типi

Модульденбеген

Спецификациясы

802.5



Архитектурасы
Token Ring желiсiнiң топологиясы – “сақина”. Алайда, IBM ұйғарымында “жұлдызды-сақина” топологиясы деген, өйткені компьютерлер желiге орталық концентратор арқылы қосылады, ал маркер логикалық сақина арқылы тасымалданады. Физикалық сақина концентраторда iске асырылады. Қолданушылар – олар сақинаның құрама бөлiктерi, бiрақ олар концентратор арқылы сақинаға қосылады.
Кадр форматы
Token Ring кадрының негiзгi форматы төменгi кестеде сипатталған.Осы деректер кадрдың негiзгi бөлiгiн құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет