Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет124/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   144
Алашта тағы сендей ер тууын, 
Тӛбеде тас боп шӛгіп күтіп қалам. 
 
Қара  тасқа  айналған,  мәңгілік  қалғымас  рух  ескерткіш  –  күресшіл  ел 
қайсарлығының  киелі  белгісі.  Атар  таңға,  шығар  күнге  деген  сенім  күші. 
Кенесарыны ел тәуелсіздігі жорығына бастаған “аруақтың”, бүгін болмаса да 
бір  заманда  қайта  ораларына  сенеді  ақын.  Аңыздан  шындыққа  тұғыр  болар 
арқауды  осылай  табады.  Мағжан  үміті  үзілмейді,  оған  поэманың  мына 
жолдары куә: 
 
Содан бері бірталай заман ӛтті, 
Алашты улай-улай жаман ӛтті. 
Тұлпар-тулақ, ел арып, аруақ боп, 
Сарыарқа сайран жердің сәні кетті. 
Жолбарыстар жортатын сар далада, 
Қорсылдаған доңыздар мекен етті. 
Жалғыз-ақ Оқжетпестің қиясында, 
Шӛккен қарт күн шығысқа түзеп бетті, 
Кӛп заман талмай-тозбай тау басында, 
Алаштан Кенекемдей бір ер күтті. 
 
Ел  арысы  Кенесарының  Оқжетпес  қиясында  ойға  беріліп,  аруақпен 
сырласып нық шешімге келгені жайлы шындығынан аңызы басым бір сәттік 
оқиғадан ақын биікті шарлаған іргелі ой туғызады. Ұрпақ жүрегіне от жағып, 
санаға сәуле құяды.  
“Ертегі”  поэмасында  ақын  ӛзіне  тән  тәсілі  –  ӛз  жайынан  белгі  беруден 
бастайды.  Тағы  қайталап  айтарымыз,  Мағжан  қаламынан  жаралған  әр 
туынды  оның  жанымен  жарасып,  жүрегімен  үндесіп  кететіндігі.  Бұл  – 
Кенесары  жырына  дайындық  іспетті  поэма.  Ақынның  поэма  жанрындағы 
алғашқы  талпынысы  ғана  емес,  “тіл  кісендеулі”  заманда  қиял,  аңыз,  ертегі 
т.б. астастыру арқылы, түсінер жанның түйсігіне жетер терең ойды сыналап 
беріп,  санаға  ендіру  тәсілін  игерудегі  алғашқы  қадам.  Айтарын  ашып  айта 


298 
 
алмаған  ақын  тордағы  арыстандай  аласұрады.  Кӛкейдегі  кермек  ой  қалайда 
сыртқа  шығуға  тиіс.  Ол  жырға  айналуы,  жыр  болғанда  ӛксік  емес,  ӛзегінде 
шоқ жатқан, үп етсе отқа оранар отты жыр болуы тиіс. Кӛкіректің гӛй-гӛйін 
шертер күй, дастанның құлақ күйін қалай келтірмек?! Кенет, міне, табылды. 
Ол – есте қалған, ертегінің елесі, сананың аялаған аңызы. Ақынның ашынған 
жаны  содан  байыз  табады,  қиыннан  қиыстырған  “қызығына”  жұбанады. 
Шым-шытырық дүниеге шым-шымдап шындық енгізеді. 
 
Бүгін жаным ӛртке оранған жанға ұқсап, 
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ. 
Жынды жүрек тығылады аузыма, 
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ… 
Аласұрад, жынданады жас жүрек, 
Қарақ керек, Арақ керек! Не керек! 
Бәрі де жоқ, жалғыз жолдас – қиялым, 
Жұбатады айтып маған тәтті ертек. 
 
Ертегінің  бас  қаһарманы  –  Кенесарының  Кӛкжал  ұрпағы  Сыздық.  Бірақ 
бұл – Абылайдың арыстан заманы, Кененің қабылан заманы ӛтіп, ел азып, ер 
арыған  заман.  Ел  рухын  кӛтере  алмай,  кӛкжал  Сыздықтың  түзде  жортқан 
заманы. 
 
Алты алаштан алты адам ермеген… 
Алаш сорлы келешегін кӛрмеген. 
Орыс алды, қимылдаған қазақ жоқ, 
Қайран Сыздық құса болды шерменен. 
 
Қайран Сыздық елден үміт үзеді, 
Жап-жас Сыздық елден, үйден безеді. 
Жатып ӛлмей, жортып жүріп ӛлем деп, 
Түркістанның бетпақ шӛлін кезеді. 
 
Мағжан  поэманы  неге  “Ертегі”  деп  атады  десек,  онда  үлкен  мән  бар. 
Айналасын  ӛрт  шалып,  санасы  түтінге  тұмшаланған  ақынды  құтқарушы  - 
қиял  сәулесі.  Ол  ертегіден  ем  іздейді.  Жапанда  жалғыз  жортқан  Сыздық  – 
еркіндік  символы.  “Ел  бүгіншіл,  меніңкі  ертеңгі  үшін”  деген  Ахаң  ойымен 
астасатын  бір  сыр  бар  мұнда.  Сыздық  –  ӛз  еркі  ӛзінде  жоқ.  Торға  түсіп 
тыпырламаған,  қараңғы  түнді  қақ  жарып,  түн  жамылған  “жәдігӛй  жауын” 
жеңіп,  ӛзіне  деген  сенімін  жоғалтпаған  жолбарыс  жүрек.  Осы  сенім  оның 
кеудесіне үміт отын жағып, жүрегінде запыран уды жаяды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет