Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет129/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   144
5. БЕРНИЯЗ КҤЛЕЕВ 
(1899-1923) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
 
Ақын  ӛмірбаянының  тұңғыш  ғұмырнамашысы  –  ақынның  замандасы, 
журналист Мерғали Ешмұхаметұлы. Сол кісінің деректері бойынша Бернияз 
Күлеев  1899  жылы  бұрынғы  Торғай  облысы  Ақтӛбе  уезіне  қарайтын  Бӛрте 
болысының бесінші аулында (қазір Орынбор облысы) дүниеге келеді. 
Әкесі  Бекен  Берниязды  8  жасы  да    мұсылманша  сауат  ашу  үшін  ауыл 
молдаларына оқуға береді. Болашақ ақын елдегі медресе, мектептерден әуелі 
ескіше (қадымша), кейін жаңаша (жәдитше) білім алады.  
Бернияз  азамат  қатарына  қосылған  соң,  сол  кездегі  қазақ  зиялыларына 
бағыт-бағдар  сілтеген,  саяси  кӛзқарастарын  қалыптастыруда  шамшырақ 
іспетті болған қазақ, татар  тіліндегі басылымдар “Қазақ”,  “Айқап”, “Шора”, 
“Уақыт”,  “Тәржіман”  секілді  газет-журналдармен  танысып,  олардан  ӛзінің 
кӛп керегін табады. Орыс, қазақ, татар классиктерінің шығармаларын оқып, 
кӛңіліне кӛп нәрсе тоқиды. Сонымен бірге ӛзінің замандас ақын-жазушылары 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев шығармашылығына 
мейлінше  назар  аударып,  ой  елегінен  ӛткізе  оқиды.  Мұнда  поэзиясының 
болашақ  бағытына  ерекше  әсер  еткен  М.Жұмабаев  шығармашылығы 
болғандығын атап ӛткен орынды.  
Ресейдегі  мұсылман  қозғалысы,  содан  қуат  алған  қазақ  зиялыларының 
саяси  күрестегі  іс-әрекеті,  1916-1917  жылдардағы  оқиғалар  мен  ӛзгерістер, 
рухани сілкіністер ақынның ой санасына қозғау салғаны анық. Бернияз елдегі 
оқуды  бітірген  соң,  1917  жылы  күзде  Орынборға  барып,  сондағы  қазақ 
мұғалімдер семинариясына  оқуға  түседі.  Бірақ  ақын онда кӛп  оқи алмайды. 
1918 жылғы Ресейдегі басталған  азаматтық соғыс ел ішін ӛртке орап, қазақ 
даласы  ақ  пен  қызыл  майдандасқан  соғыс  даласына  айналады.  Жұрт  қамын 
ойлаған  ақын  туған  жерге  оралады.  Замана  толқынына  қақпақыл  болған  ел 
тірлігіне араласып, сәлде болса септігін тигізбек жолда жүреді. 
1918  жылы  қызылдар  жеңіп,  ақтар  Орынбор  қаласын  босатқан  тұсында 
Бернияз  Күлеев  Орынборға  келіп,  қызметке  араласа  бастайды.  Торғай 
облысының  кеңестік  съезінде  облыстық  комитетке,  оқу  бӛлімінің 
президиумына  мүше  болып  сайланады.  1919  жылы  Орынбор  қаласындағы 
қазақ  даласын  басқару  үшін  құрылған  революция  комитеттің  Ақтӛбе 
қаласындағы тӛтенше комисары болады. 
1920  жылы  Қазақ  АССР  Халық  ағарту  комиссариаты  Бернияз  Күлеевті 
Қазан қаласына кӛркем әдебиет шығармалары мен оқу құралдарын бастырып 
шығарушы  ӛкіл  етіп  жібереді.  Сол  жылдары  Бернияздың  тікелей 
басшылығымен  ұлтымыздың  мақтаны  Абай,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Мағжан  Жұмабаев  шығармалары  басылып 


307 
 
шыққанын ерекше атап айтуға болады. Қазақ әдебиеті жаңаша даму жолына 
түскен осы бір тұста Бернияз Күлеев туған әдебиеті үшін аянбай еңбек етті, 
қазақ мәдениетінің дамуына үлкен еңбек сіңірді.  
Бұл  қызметті  ақын  ӛмірінің  ақырына  дейін,  жауапкершілікпен  атқарды. 
1923  жылы  29  қаңтарда  ақын  ӛмірі  күрт  үзіледі.  Бұған  жастық  кездегі 
махаббат-сүйіспеншілік  пен  бірге,  үміті  алданған  ақын  трагедиясы  себеп 
болған.  Қазанда  жиырмасыншы  жылдары  татар  зиялылары  ұйымдастырған 
“Шығыс  клубы”  деп  аталатын  жастардың  пікір  алысып  отыратын  үлкен 
мәдени  орталығы  болған.  Бұл  орталақ  ұйымдастырған  кештерге  ӛзгелермен 
бірге  Қазан  университетінің  медицина  факультетінің  студенті  Зейнеп 
Ахмерова  үнемі  қатысып  жүрген.  Бернияз  бен  Зейнеп  осы  кештерде 
танысады. Бірін-бірі сүйген екі жас тіл табысып, отау құрмақ болады. Бірақ 
Зейнептің ата-анасы жастар шешіміне қарсы шығады. Бұл қарсылық ӛмірден 
түңілген арманшыл ғашықтардың атылып ӛлуіне алып келеді. 
Поэзиясынан  ӛзінің  отты  жырларының  ұшқынын  танып,  ақынды 
жанындай  жақсы  кӛрген  Мағжан  Жұмабаев  Бернияз  ӛліміне  азалы  ӛлең 
жазады. Онда: 
 
Жаны жалын, жаны шерлі жеткіншек, 
Күлсін саған, сӛксін мейлі кӛк есек. 
Мен сӛкпеймін, сені сонау толқынмен, 
Қан майданға неге ғана кірдің деп. 
Мен күңіренем ұлы ойлар кеп басыма, 
Жырласаң ед шомылып кӛз жасыңа. 
Тұңғиық түбіндегі тамаша 
Ӛзі-ақ кӛшіп келмес пе еді қасыңа… – 
 
деп күйінеді жас ақын ӛліміне Мағжан. 
Осылайша  Бернияз  Күлеев ӛз  жырын  тамсана  оқыған қалың оқырманын, 
ӛзінен  үлкен  үміт  күткен  аға  толқынды  қайғыға  батырып,  бар  болғаны  24 
жыл ғұмыр кешіп, кӛк ӛрім кезінде кӛз жұмады. 
Ӛмірден  ерте  кеткен  ақынның  ӛзіне  соққан  ескерткішіндей  болып,  оның 
артында  мәңгілікке    жалғасқан  биік  рухқа  толы,  сыршылдық  пен  сезім 
тоғысынан жаралған жалынды жырлары қалды. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне тұнба тұнық жыр, кӛрікті де кӛркем 
поэзияны  әкелген  кӛрнекті  ақынды  тануға,  танытуға  біраз  зерттеушілер  ӛз 
үлестерін  қосты.  Олар  –  Бернияздың  ақындығын  әр  қырынан  зерттеп  жан- 
жақты  танытуға  лайықты  үлес  қосқан  кӛрнекті  ғалымдар  Ы.Дүйсенбаев, 
Б.Кенжебаев, Ә.Дербісалин, К.Шәменов және жас ғалым С.Жәмбеков. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет