Мазмҧны кіріспе


Ақын лирикасындағы сыр мен сезім тоғысы



Pdf көрінісі
бет130/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   144
Ақын лирикасындағы сыр мен сезім тоғысы 
 
Б.Күлеев  –  шығармашылық  жолын  ағартушылық  бағытта  бастаған  ақын. 
Бірақ  сыршылдық,  сыр  мен  сезім  тоғысы  оның  кез  келген  туындысына, 
жалпы  ӛнерпаздық  болмысына  тән  нәрсе.  Бұл  ақынның  алғашқы  дүниелері 


308 
 
“Ойдағым”, “Ӛзім” секілді ӛлеңдерінен-ақ кӛзге шалынады. Мұнда ақынмен 
бірге  лирикалық  кейіпкердің  бүкіл  жандүниесін  сезініп,  қуаныш-күйінішін, 
қайғы-мұңын,  асқақ  арманын  бірге  бӛлісіп,  романтикалық  кейіпкердің 
табиғатына дендей енесің.  
“Ӛзім”  –  ерекше бір  идеялық  жүк кӛтеріп  тұрған  ӛлең.  Оның ӛнбойынан 
лирикалық кейіпкердің ӛзіндік характері, болмыс бітімі бірден танылады. 
 
Ӛзім деймін, ӛзгелерді кӛрмеймін, 
Ӛзімсіздік, “ай, бауырымға” кӛнбеймін. 
Ӛзім патша, ӛзім тӛре, ӛзім хан, 
Ӛз ойымды сан сабазға бермеймін”. 
 
Ӛзім бітем, ӛзім қайта толамын, 
Ӛзім ұшам, ӛзім жүрем қонамын. 
 
Ӛз алдыма ӛзім келе бергенде, 
Ӛзіме-ӛзім таң-тамаша боламын
85

Шағын  үзіндінің  ӛзінен  лирикалық  қаһарманның  отты  жүрегі,  қайсар 
келбеті,  жұмбақ  жаны,  бүтін  болмысы  айқын  танылғандай.  Бұл  ақынның 
менмендігі  емес.  Ӛзіне  ӛзі  сенгендігі.  Ақын  талантына  да,  дарынына  да 
сенеді. Ол – кӛптің бірі емес, кӛпті бастайтын кӛшбасшы. Ол – “Бізбен” бірге 
ӛзін-ӛзі жоғалтып алатын ойсыз-кӛзсіз кӛп тобырдың санатында емес, “мені” 
айқындалған  тұлға.  Аумалы-тӛкпелі  кезеңде  бұл  ең  бір  керек  идея  еді. 
“Даналықты” ғана емес, даралықты да таныту дәуір сұранысы болатын. 
Осы  тектес  “Мен”  деп  аталатын  ӛлеңінде  де  ақын  осы  бір  тұғыр-тіректі 
айқын ұстайды. 
 
Жан жайнатқан жастықтың
Қан қыздырған мастықтың, 
Содыр-соқпақ тастықтың, 
Жолыменен барамын. 
Не кез келсе жолыма
Оңыма йә солыма, 
Қойныма һәм қолыма,  
Бәрін теріп аламын. 
Жасымаймын жаспын деп, 
Таспаймын да баспын деп. 
Тік тілеймін ассын деп
Таумен талас талабым. 
 
Бұл  –  1919  жылдың  аумалы-тӛкпелі  кезеңі  тұсында  асау  жүрек,  албырт 
ақынның шындықтың бетіне тура қарап жазған ӛлеңі. Екі ӛлеңнің тізгіні бір 
ұғымда.  Жаңа ӛмірдің  толқынына  қайығын  салған  албырт  жас  –  лирикалық 
                                                 
85
 Күлеев Б. Айтшы ақ қайың. – Алматы, 1969. – 16 б. 


309 
 
қаһарман  алғы  күннен  үміт  күтіп,  неден  болса  да  тайсалмауға  уәде  береді. 
“Оң ба, сол ма, жүрер жолым белгісіз” деп ӛзі айтқандай, ақын таңдау жолды 
тап  басып  айқындамаса  да,  үміттің  алдамасына  сенім  білдіріп,  тұғырға 
қонған бүркіттей  қиырға  кӛз  салады. Аласапыран  кезіндегі  ой  еркіндігі,  сӛз 
еркіндігі  ақынға  қанат  бітіргендей.  Ақынның  “талапты  ерге  нұржауар” 
тілекті  ӛзіне-ӛзі  тілеуі,  осыны  меңзесе  керек.  “Ӛзім”,  “Мен”  –  ақын 
еркіндігінің – символы. 
Бернияз  Күлеев  –  алғашқы  ӛлеңдерінен-ақ  бастап  ӛзінің  рухани  жан-
дүниесіне  терең  үңіліп,  жүрек  түкпіріндегі  құпия  сырын  ашып,  ӛзіндік 
болмысын  тануға  ұмтылған  сыршыл  да  ӛршіл  ақын.  Ӛршілдік  сарын 
Б.Күлеев  лирикасының  ерекше  сипаты.  Ақынның  дүниетанымы,  адам, 
табиғат,  қоғам,  ӛмірге  қатысты  ой-толғамдары  поэзиядағы  оның  осы 
ерекшелігін танытатын тәрізді. Ӛйткені Б.Күлеев саяси-азаматтық тақырыпта 
жазылған ӛлеңдерінде кӛтерілген мәселені, айтылар ойды кӛңіл-күймен, сол 
сәттегі сезіммен астастырып отырады. 
Бернияз  Күлеев  ӛлеңді  негізінен  1913-1914  жылдары  жаза  бастағанмен, 
шығармашылығының  ең  бір  жемісті  кезеңі  –  1918-1922  жылдар  аралығы. 
Ақынның  ӛндіріп  жазған  осы  бес  жылдық  шығармашылық  жолының 
алғашқысы 40-қа жуық ӛлең жазған 1918 жыл. Кӛңіл-күй сырларын шертетін 
“Аңқыған  гүлдің  исінен”,  “Кӛңіліме”,  “Қиял  сӛзі”,  “Қайтер  едің?”,  “Жас 
жүрегіме”,  “Жастық  күнім”  ӛлеңдерін  ақын  1918-жылы  жазған.  Бұларда 
Бернияз  лирикалық  қаһарманның  сыршыл-сезім  күйін  кӛркем  бейнелеуге 
ұмтылады.  Ақынның  адамның  нәзік  сезімін  жеткізуде  қаламы  ұшқырлана 
түскенін  аңғару  қиын  емес.  Ӛлеңдерінде  ой  мен  сезім  тоғысынан  бейнелі 
сурет  жасап,  шеберліктің  қыр-сырын  жете  меңгере  бастаған  сыршыл  ақын, 
кӛркем  образдарға  жан  бітірер  шынайы  суреткер  ретінде  қалыптасқанын 
танытады. 
Б.Күлеев  шығармашылығы  үшін  жемісті  болған  1919  жылы  жиырмаға 
тарта  ӛлең  жазады.  Лирикалық  кейіпкердің  кӛңіл-күй  сезімдерін  білдіретін 
”Жүрегің  жанып”,  “Жырла  да  зарла  кӛңілім”,  “Неге”  ӛлеңдері  ақын 
лирикасындағы  сыршыл,  күйшіл  сарындардың  кӛбейе  түскенін  байқатады. 
Бұл жыл – ақын жырларының сапалық тұрғыдан жетіле түскен жылы. Оның 
ерекше тоқталуға тұратын ӛлеңінің бірі – “Жырла да зарла кӛңілім”. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет