Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет135/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   144
Қалған жоқ айналада жұлдыз тумай. 
Теңселіп тұнық суда шалықтаған 
Алтын ай кӛрінеді аппақ қудай. 
 
Бірінен-бірі жарық сансыз жұлдыз, 
Кӛрсетер кӛкті кӛркем бейне күндіз. 
Жарқылдап жалаң ойнап жүрген қыздай, 
Жалт берер жымың қағып қалдырып із. 
 
Алтын ай - аппақ қу, Жұлдыз – жалаң аяқ жүрген қыз. Бірінен-бірі ӛткен 
жанды  суреттер.  Тӛгіліп  жатқан  жыр  жолдарымен  бірге  Бернияз  ойы  да 
шалықтап  барады.  Кӛкте  із  қалдырып  ағып  бара  жатқан  жұлдыз  ақын 
қиялына  қанат  бітіріп,  оны  дәл  де  айнытпай  жеткізер  жанды  сурет 
іздеттірген.  Жымың  қаққан  жұлдызға  тең  келер,  әрине,  сұлу  қыз!  Жай  қыз 
емес,  жарқылдап  ойнап,  жалаңаяқ  із  тастаған  қыз!  Әсіресе  олардың  жалт 
беріп, жымың қаққан сәттері ештеңемен алмастыруға келмес соны сурет. Бұл 
жерде  де  ұқсас  құбылыстар  жай  теңеу  үшін  ғана  алынбай,  қоян-қолтық 
араласып  кеткен.  Ақын  асқар  тауды  қалғыған  арыстанға,  алыстан  кӛрінген 
терең жарларды айбатпен аузын ашқан айдаһарға, ӛзенді ғашық жарын сүйіп, 
тоят алған ғашық жанға теңеп, ӛрнегі ӛшпес сурет жасайды. Ӛлеңдегі “аспан 
–  мӛлдір  су”,  “ай  –  аққу”,  “жұлдыз  -  қыз”,  “асқар  тау  -  қалғыған  арыстан”, 
“ӛзен  -  ғашық”,  “терең  жар  –  аузын  ашқан  айдаһар”  болып,  әрқайсысы  ӛз 
орнын тауып тұр. Ақын қазақ аулының жүрекке жақын, кӛңілге ыстық түнгі 
суретінің жан терберлік тәтті сәтін сан түрлі  бояумен шебер әрлеген. Таныс 
та бейтаныс, қимас та ұмытылмас ыстық сурет! Жанға жайлы түнгі шақтың 
әсем кӛрінісін ақын былайша аяқтайды: 
 
Ӛтпеді құрттай уақыт – басылар үн, 
Қой қойып үріккенін, ит болар жым. 
Ай жылжып, жұлдыз ойнап баяғыдай
Тағы да тың шығармай тұрады түн. 
 
Иә,  Б.Күлеев  –  кестелі  тілмен  сұлу  сурет,  бейнелі  образ  жасаудың  ӛлең 
сӛздегі шынайы шебері. 
Жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиетті бірнеше бағытқа бӛліп, оларға 
белгілі  бір  ақын-жазушыларды  жатқызып  келеміз.  Бір  бағытты  қазір  діни-
ағартушы  бағыт,  келесісін  –  ағартушы-демократ,  соңғысын  ұлт-азатшыл 
бағыт  деп  бӛліп  жүрміз.  Қалай  болғанда  да  бұл  бағыттардың  ӛзіндік 


318 
 
ерекшелігі  бар  екені  айқын.  Соңғы  бағыт  ӛкілдері  болып  табылатын 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаевтардың  ізін  баса  әдебиетке  келіп, 
солардың әдебиеттегі бағытын нық ұстанған және одан айнымаған ақынның 
бірі – Бернияз Күлеев. Ол ел азаттығын ӛз шығармашылығына арқау етіп, сол 
жолдан  бір  сәтте  тайған  емес.  Ол  Мағжанша  жырлап,  елі  үшін  Мағжанша 
егілді.  Нәзік  те  сыршыл  сезімді  жырлай  отыра,  оны  отты  да  ӛршіл  сезімге, 
ерлік  күреске  нәр  етіп,  қуат-күш  ала  білді.  Сондықтан  да  Бернияз 
шығармашылығын  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  азаттықты  аңсаған  азатшыл 
поэзияның соңғы жыры еді десек, қателеспейміз. 
Б.Күлеев  қиын  да  күрделі  кезеңде  ӛмір  сүрді.  1917  жылғы  екі  бірдей 
тӛңкеріс  тек  қана  кӛп  ұлтты  Ресей  империясын  отқа  шарпыған  тарихи 
оқиғалар  болып  қойған  жоқ,  ол  шын  мәнінде  дүние  жүзін  дүр  сілкіндірген 
оқиғалар болды. 
Оның  алғашқысы  жалпы  демократиялық  ұрандарды  алға  тартып, 
адамдардың  құқын  қорғайтын,  әлеуметтік  теңсіздікті  жоятын  жалпы  адами 
заңдылықтарға  негізделген  қоғамдық  ӛзгертулерді  ұсынса,  екіншісі  оған 
қарама-қарсы  бағытты  ұстанып,  таптық,  диктатуралық  билікті  алға  тартты. 
Жалпақ Ресей екіге бӛлініп, атыспақ-шабыспақ басталып кетті. 
Міне,  ақын  осы  екі  жақ  боп  шарпысқан  әртүрлі  ағымдар  мен 
қозғалыстардың,  түрлі  дүние  танымдарының  ӛліспей-беріспейтін,  ымыраға 
келмес  қанды  күресі  ұланбайтақ  қазақ  даласында  шарпып,  әлі  де  болашағы 
бұлдырлау,  белгісіздік  тұманы  жапқан  алмағайып  заман  басталған 
кезеңдерде  ғұмыр  кешті.  Осы  зор  кӛлемдегі  оқиғалар  мен  ӛзгерістер  оның 
қақ  ортасында  жүрген  озық  ойлы,  саналы  ақынның  поэзиясына  әсер  етпей 
қалуы  мүлде  мүмкін  еместін.  Осы  тұстағы  сан-салалы  ойлардан,  кӛңілдің 
мұңды  күйінен  туған  “Бостандық  күнінде”,  “Бұлт”,  “1917  жылға”  атты 
лирикалық  туындылары  бұрынғы  ӛлеңдерден  мүлде  бӛлек  еді.  Бұлардың 
барлығы  бостандық  тақырыбына  арналған  болатын.  Осы  тақырыпта 
жазылған “Бұлт” ӛлеңінде ақын бостандықтан бұрынғы жайттарды сӛз етеді. 
Мұнда Бернияз іштегі қорқынышы мен күдігін білдіріп, болашақты бір үміт, 
бір  қауіппен  күткендей  болады.  Бұл  ӛлеңнің  бір  ерекшелігі  ақын  қазақ 
халқының басындағы ауыр халін, бостандыққа, еркіндікке сусаған халықтың 
жағдайын тура ашық айтпай, оны пернелеп, астарлап бере білген. Себебі не? 
Себебі  сол,  ақын  бұл  ӛлеңінде  бостандықтың  алғашқы  лебін  жырына  арқау 
еткен.  Оның  болашағы  бұлдырлау,  сенімсіздеу.  Сондықтанда  ақында 
пернелеу басым. 
Б.Күлеевтің  “Бостандық  күнінде”  ӛлеңіне  Абай  үлгісін,  яғни  “Сегіз  аяқ” 
ӛлеңінің үлгісін алған. Ӛлеңде ақынның алғашқы бостандық күнінің тууына 
орай ақжарма қуанышы, асқақ кӛңілі мен толғанған тебіренісі кӛрініс тапқан. 
Ӛлеңнің  асқақ  рухы  да  осында.  Ақын  бостандық  келіп,  ел  қуанған  күнді 
ерекше бір шабытпен жырлайды: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет