Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет38/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   144
 
Дін үшін жан кешетін ерлер болсын, 
Қызбайтын кӛрінсе де жерік асы. 
Алдында алтын жатса алмайтұғын, 
Жан-жағын қу болмасын жалмайтұғын. 
...Алланың ақ жолымен жүретұғын, 
Ерік Аллада екенін білетұғын. 
Қызылшыл, жемтікшілді жібермеңдер, 
Ит сықылды жетекке еретұғын. 
 
Бүгінгі  күннің  талабына  қарасақ  та  Мәшhүр  Жүсіп  Кӛпеевтің  сол  кездегі 
айтқаны  бұл  күнге  де  ең  бір  қажетті  сӛз  болып  жеткенін  байқаймыз. 
Жолбасшыға қатысты кешегі тілек те, бүгінгі талап та бір деңгейден шығып 
тұр.  Кӛкірегінде  имандылық  сәулесі  бар  жанның  жол  бастаушы  болуы  – 
бодандық  бұғауындағы  халыққа  биік  арман.  Осы  орайдан  келсек,  Мәшhүр 
Жүсіп Кӛпеев шығармаларына негіз болған тақырыптардың бірі әлеуметтік-
қоғамдық ӛмірді қамтитын азаматтық тақырып екенін аңғарамыз.  
Мәшhүр  Жүсіп  Кӛпеев  –  ХХ  ғасыр  басындағы  азатшылдық  ойды  алғаш 
қозғағандардың  бірі,  әрі  бірегейінен  саналады.  Алғашында  патшалық 
саясаттың  құпия  қитұрқыларын  аңдай  алмай,  оған  сеніммен  қарап,  үміт 
артқанымен, кейін патша манифесінен де, әртүрлі реформалар астарынан да 
халықтың жайын жақсартарлық түйін таппай күдер үзіп, оларға ӛзгеше қарай 
бастайды.  Жан-жағын  байыппен  аңдап,  ӛзге  елден  ӛнеге  алып  ел  бірлігін 
нығайтуға, жұртын тікелей азаттық алу жолына үндейді. “Оян, жұртым!” деп, 
жар салады. Мәшhүр Жүсіп Кӛпеев “Қара ӛлеңінде“: 
 
Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы, 
Айрылмай жақсы менен жаман парқы. 
Баласы дін мұсылман ояныңдар, 
Кӛрінер ӛз пайдасы жұрттың нарқы. 
Әркімнің ӛз пайдасы ойлағаны, 
Тереңге түсіп жатыр байлағаны. 
Бостандық деген сӛзді жоқ қылам деп, 
Аш бӛрі бізді жеуден тоймағаны. 
...Бас қамын жан пайдасын ойлаңыздар 
 
Жақсы емес түсе берсең қармағына, – 
 
деп, қазақты түгелдей бағындырмақ боп қыспаққа алып, жан жағынан зорлық 
кӛрсетіп, кӛшпелі халықты адамдық құқынан айырып, жер суын еріксіз алып, 


120 
 
қалаған  жерге  “омақаны  орнатып,  қазық  қағып“  жатқан  отаршылдықтың 
қиянатын  кӛрсетеді.  Жалғыз  қазақ  ұлты  ғана  емес,  бүкіл  түркі  жұртының 
бірлігіне  шақырып,  ынтымақпен  қарсылық  кӛрсетуді  насихаттайды.  Мұның 
бәрі  елін  сүйген  алып  жүректі  азаматтың  алда  күтіп  тұрған  “қауіптен“ 
жұртын құтқарудың жолын нұсқауы еді. Бодандықтың бұғауын киген елінің 
езілгеніне күйзеліп, азаттықты аңсап, бостандықтың жолын іздеп алас ұруы 
еді  ақынның.  Ол  ӛз  ойын  ешбір  бүкпесіз,  құпиясыз  ашық  айтады. 
Отаршылдықтың бұғауын жұлып тастауға анық та айқын түрде шақырады.  
Шынын  айтсақ,  бұл  қазақ  поэзиясындағы  отаршылдыққа  қарсы  айтылған 
алғашқы  “тасқа  басылған”  жан  айқай  еді.  “Сарыарқаның  кімдікі  екені“ 
кітабына енген “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі“ атты ӛлеңі - осы ойдың 
дәлелі.  Онда  үміт  те  бар,  Ресей  патшасының  ӛз  еркімен  еркіндік  бермесіне 
күдік те бар. Ақын: 
 
Биылғы үмітті едік ӛткен күзден, 
Октябрь он жетінші деген сӛзден, – 
 
дей келе, ойын былай қорытындылайды: 
 
Жан-жақтан ұшпа бұлт кӛтерілді, 
Қызғанып күннің кӛзін мұңлы бізден. 
Келді деп басыңа от қорқытады, 
Іліп ап бес-алты ауыз айтқан сӛзден. 
 
Мұнда  ақын  17  октябрь  манифесі,  онан  соңғы  Дума  сайлауы  және 
сайлаудан кейінгі қудалау мәселесін айқын да ашық айтып отыр. Оны  әдемі 
суреттермен жүрегіңде мәңгі қалардай етіп кӛркем жеткізеді.  
Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің азаматтық лирикасының негізгі желісі  – рухани 
оянуға шақыру. Оның саяси-әлеуметтік тақырыпты арқау еткен ұзақ ӛлеңі – 
жоғарыда  сӛз  қылған  “Қазақ  жұртының  осы  күнгі  әңгімесі”.  Бұл  ӛлеңге 
қайта-қайта  оралуымыздың  себебі  Мәшhүр  шығармасының  тамыр  соғысы 
осы  ӛлеңнен  танылады.  Мұнда  ақын  отаршылдық  езгінің  бедерлі  суретін 
беріп, рухани оянудың серпіліске, серпілістің сілкініске жеткізерін сездіреді. 
Бұл  ойлар  қоғамдық  ӛмірдің  жаңа  бетбұрысына  шақырған  белсенді 
насихатпен ұштасып жатады. Жалпы ақынның осы тектес ӛлеңдерінің кӛбін- 
дегі ой-таным ұлт-азатшылдық идеямен үндес келіп оты-рады. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет