Мазмұны кіріспе


Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар ІІІ деңгейдегі балалардың сюжеттік-рөлдік ойындардың көмегімен сөйлеу әрекетін дамыту бойынша жүргізетін логопедтің жұмысы



бет12/19
Дата11.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#30650
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
айман дип

1.4 Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар ІІІ деңгейдегі балалардың сюжеттік-рөлдік ойындардың көмегімен сөйлеу әрекетін дамыту бойынша жүргізетін логопедтің жұмысы


Өзінің тәжірбиелік іс-әрекетінде жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың сөйлеу әрекетін дамыту жұмыстарында әртүрлі ойын тәсілдерін қолданады. Ойын әрекетінің негізгі түрі сюжеттік-рольдік ойын болып табылады. Ойынды ересектер білімдік мақсатта ұйымдастырады.

Жоғарыда айтылғандай сюжеттік-рольдік ойында бала тек қана жаңа білім алып қана қоймай, сонымен бірге оны жалпылап бекітеді.

Сюжеттік-рольдік ойын түріне байланыссыз белгілі бір құрылымға ие. Ол оны басқа ойын және жаттығу түрлерінен ерекшелеп тұрады. Сюжеттік-рольдік ойынның құрылымын мыналар толықтырады:

1. негізгі компоненттері – сюжеттік-рольдік және ойындық міндеттер, ойын әрекеттері.

2. қосымша компоненттер сюжет, роль.

Сюжеттік-рольдік ойынның негізгі элементі ереже болып табылады. Ережені сақтау ойынды іске асыруды қамтамасыз етеді. Ережені ұстану ойындық және басқа да міндеттерді шешудің негізгі бөлігі болып табылады.

Қолданылатын материалдың сипатына байланысты сюжеттік-рольдік ойындар шартты түрде үшке бөлінеді: затпен ойнау, үстел үсті баспа ойындары және ауызша ойындар.


  • Заттық ойындар бұл ұлттық табиғи материалдармен ойналатынсюжеттік-рольдік ойындар мозайка (жапырақ, дәндер). Бұл ойындар балалардың түсті, көлемді, пішінді қабылдауын дамытады.

  • Үстел үсті баспа ойындар - қоршаған орта туралы түсінігін анықтауғабілімін жүйелеуге, бағытталған, ойлау процесі мен операциясыын (талдау, жалпылау, топтастыру) дамытады.

Үстел үсті - баспа ойындар бірнеше түрге бөлінуі мүмкін:

  • Жұп суреттер. Ойынның шарты ұқсас суретті таңдап алу болып

табылады.

  • Лото. Ол жұптылық қағидасы бойынша құрылады. Үлкен суретке ұқсас

суреттер таңдалып алынады. Лотоның тақырыбы әртүрлі болады: «ойыншықтар», «ыдыстар», «киімдер», «жануарлар». Лото ойыны балалардың білімін нақтылап, сөздік қорын толықтырады.

  • Домино. Жұптылық қағидасы карточкаларды кезектеп таңдаумен іскеасырылады. Ойында есте сақтау, ойлау процесі дамиды.

  • Қима суреттер және кубиктер. Ойын зейінді, қабылдауды дамытуғабағытталған.

  • «Лабиринт» тектес ойындар кеңістікте бағдарлануын дамытады.

  1. Ауызша ойындар. Бұл топқа ұлттық ойындардың бірқатары жатады:

Мысалы: «Ақ серек пен көк серек», «Ақ пен қара» және т.б. Бұл ойындардың барлығы зейінді, байланыстырып сөйлеуді, ептілікті, қызығушылықты дамытады.

Маңыздысы сюжеттік-рольдік ойынның мазмұны. Мектепке дейінгі мекемеде ескірген ойындарды жаңалап өңдеуге мүмкіндік бар. Құрылымына оқыту міндеттер мен ойын ережелері мен әрекеттері кіретін сюжеттік-рольдік ойындар балалардың психикалық дамуына байланысты күрделеніп отырады.

Ойынның негізгі компоненттеріне ережесі жатады, оның негізінде логопед материалдарында балалардың мінез-құлқын, тәрбиелік - оқыту процесін басқарып отырады.

Осылайша, сюжеттік-рольдік ойынның негізгі элементі: білімдік және тәрбиелік міндеттер ойын әрекеттері және ереже болып табылады.

Оқу міндетті анықтауда ең бастысы балалардың нені меңгеру керектігін (табиғат туралы, қоршаған орта) осыған байланысты қандай ойлау операциясын дамыту керектігін, ойын арқылы баланың қандай жеке тұлғалық қасиетін (адамгершілік, адалдық, белсенділік және т.б.) қалыптастыру керектігін есте сақтау керек.

Әрбір сюжеттік-рольдік ойынның өзіндік білімдік міндеті бар, ол ойынды бір-бірінен ерекшелеп тұрады.

Мектепке жасына дейінгі балалар тобында ойналатын ойын ережесінің негізгі мақсаты - балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын басқару мен ұйымдастыру. Ереже тыйым салады, шешеді, ойынды қызықты етеді.

Ойын ережесін сақтау балалардан ерік-жігерді, қатарластарымен қатынасқа түсуді, сәтсіз жағдайларда (жеңіліс тапқанда) жағымсыз эмоцияларды жоюды талап етеді. Ойын ережесін анықтауда балалардың қойылған міндеттер мен талаптарды шешуде үлкен әсера алатындай жағдай жасау керек.

Тәрбиелік - білімдік процесте сюжеттік-рольдік ойынды қолдануда оның ережесінің көмегімен балаларда мейірімділік, шыдамдылық тәрізді қасиеттер қалыптасады.

Сюжеттік-рольдік ойын ойындық жаттығулардан ойын ережелерін сақтау ойын әрекеттерімен бақыланып отыратындығымен ерекшеленеді. Ойын әрекеттерін дамыту педагогтың ойлап табуына тәуелді. Кейде балалардың өздері ұсыныс білдіреді: «біз тығып қояйық, ал сендер табасыңдар», «мен санамақ арқылы жүргізушіні сайлаймын», «Қызық ойын ойнайық».

Кез келген ойынның негізгі компоненттері болса, онда ол сюжеттік-рольдік ойын бола алады. Олар: сюжеттік-рольдік міндет, ереже, ойын әрекеттері.

Жалпы тіл дамуының ІІІ деңгейдегі бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар тобымен логопед ұйымдастырылған сюжеттік-рольдік ойындар үш негізгі бағытта жүзеге асырылады: сюжеттік-рольдік ойынды өткізуге дайындық, оны жүргізу және талдау. Жалпы тіл дамуының ІІІ деңгейдегі бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар өзбетінше сөйлем құруда қиналады.

Жалпы тіл дамуының ІІІ деңгейдегі бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалармен лексикалық-грамматикалық бұзылысы түзету жұмысын жүргізетін логопед алдында тұрған негізгі міндеттер:

- зат есімнен көпше түрін жасауға үйрету;

- жаңа сөз жасауға үйрету;

- зат есімді, есімдікпен, сын есім, сан есім жасауға үйрету;

- жалғауды дұрыс жалғауға үйрету;

- балаларды грамматикалық тұрғыда сөйлемді дұрыс құруға үйрету (жай, құрмалас, салалас сөйлем);

- байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Етістіктен сөз жасам құру кеелсі жүйелікпен іске асырылады.

1. Болымды және болымсыз етістікті ажырату:

2. Сабақты және салт етістікті ажырату.

Сөйлеммен, сөзбен жұмыс істеуді жалғастыра отырып, логопед үстеу, етістік, сын есімді сөйлем ішінде қолдануды үйретеді. Сөзді бірнеше бағытта қолдануға болатынын үйретеді. Осы кезеңде сөз тіркесі және қысқа сөйлемдер қалыптасады.

Осы кезеңнің басты мақсаты жалпы тіл дамуының ІІІ деңгейдегі бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балаларға сын есімді зат есіммен, есімдікпен септіктер, жіктеп байланыстыра алуға үйрету. Сөздің мағыналық байланысына, топтастырылуына, сөз арқылы жазылуына көп көңіл бөлінеді.

«Бұйрығымды тыңда», «ыстық - суық», «бұл қай кезде болады», «ойыншықты тап», «қайда барасын?» тәрізді ойындар үстеуді сөз ішінде дұрыс қолдануды үйретеді. Мұндай ойын арқылы баланың үстеу мен есімдікті дұрыс қолдануы ғана емес, өз дене мүшелерінің орналасу орны туралы түсінігі де толыға түседі (оң сол, сол қол және т.б.). Сонымен қатар мұндай ойындар сөзде кеңістіктік - уақыттық қатынастарды бекітеді. Осындай түсініктермен «сөйлем» тақырыбына дейін таныс болу болашақта сөйлем ішіндегі қателердің санын азайтады.

Жай сөйлеммен жұмыс істегенде негізінен сөйлем құру мен сөздің санын анықтауға көңіл бөлінеді. Сөйлем суретке негізделе отырып құралады. Сөйлеммен жұмыс балаларға түсінікті болу керек, ал оның ойын түрінде өтуі оны қабылдауға жеңіл етеді.

Келесі кезеңде балаларға жай сөйлемді жіктеу ұсынылады. Ол «кімнің заты», «ненің құйрығы», «сөйлем құра» ойындарын ойнай отырып балалар сөз тіркестерімен танысады, балаларға өзбетінше сөйлем ойлап табу ұсынылады. «Адамдар мен жануарлар» ойынында балалар ертегіні сахналау арқылы жануарлардың даусын салады. Бұл ойынды балалар еліктеуге үйренеді.

Сөздің сөздің жалғауын дұрыс жалғау сөзді келесі сөзбен мағынасы бойынша байланыстыруға мүмкіндік береді. Егер жалғау дұрыс жалғанбаса сөздің мағынасы бұзылады. Сөйлеу тілі ұзылған балалар анықтау экспериментінде көрсеткендей сөзге жалғауды дұрыс жалғамайды. Мұнда баланың жалғаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуі қажет. Сондықтан да сабақ үстінде мынандайнұсқауларды орындау тапсырмалары: затты бір жерге қойып, оның қайда тұрғанын айту (үстелдің үстінде). Сонымен қатар балаларға жұмбақ шешу ұсынылады «кімнің?» сұрағына жауап беру керек. Мысалы: «Кімнің мүйізі бар?» Кімнің құлағы ұзын? Кімнің тырнағы өткір? және т.б.

Сонымен қатар ертегі кейіпкерлерін, әдебиет кейіпкерлерін қолдануға болады, олар балаларға жағымды көңіл-күй сыйлайды. Ойын жағдайы ертегі кейіпкерін енгізу арқылы құрылады.

Жалпы тіл дамуының ІІІ деңгейдегі бұзылысы тілдің дыбыстық, мағыналық жақтарының бұзылуымен сипатталады.

Өкіншке орай, жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балаларда басқа да бірқатар бұзылыстар болады: таным әрекетінің қалыптасуындағы қиындықтар, эмоционалды - ерік сферасының ерекшеліктері. Жалпы тіл дамымаушылығы балалардың танымдық, сенсорлы және ерік аймағының қалыптасуына әсер етеді. Сөйлеу тілі бұзылысының психикалық дамудың басқа да жақтарымен байланыстылығы екінші кемістіктің пайда болуына әкеледі. Ойлау операциясының жеткілікті дамымауы сөйлеу тілінің қалыптасуын кешеуілдетеді.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар өз қатарластарымен салыстырғанда көріп қабылдау, кеңістік түсініктер, зейін және есте сақтау толық қалыптаспаған. Логопедтің негізгі міндетіне баланың сөйлеу тілін түзету болып табылады. Мұнда сюжеттік-рольдік ойынның маңызы ерекше. Ойынның бала үшін беретіні көп, ойын арқылы бала қоршаған ортамен танысады, баланың сөздік қоры көбейеді. Ойын кезінде бала ересек адамның талабын орындап қана қоймай, сонымен бірге белсенді әрекет етеді.

Логопедтің жұмысында сюжеттік-рольдік ойын кеңістікте бағдарлану, қабылдау,зейін, есте сақтау, сөйлеу тілі, көру - мотролы координацияны, ойлау операцияларын дамытуда маңызы зор.

Қарастырып отырған мәселе бойынша психологиялық-педгогикалық әдебиеттерді зерттеу нәтижесі келесідегідей қортынды жасауға мүмкіндік берді.

Ана тілі интеллекті, сөйлеу әрекетін, эмоция мен ерікті дамыта алатын күші бар. Бала сөйлеу тілін бірден меңгере алмайды. Жалпы тіл дамымаушылығының құрылымын, себептерін, бірінші және екінші дамымаушылықтың арақатынасын анықтау балаларды арнайы мекемелерге іріктеуге және түзету тәсілдерін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетінің дамуы жайлы мәселеге қазіргі кезде психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде көп көңіл бөлінуде. Жалпы тіл дамымаушылығы бар балалардың сөйлеу әрекетінің даму ерекшеліктерін зерттеу, сөйлеу тілін толығымен дамытуға, өз ойын жеткізу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыратын арнайы түзету жұмыстарын өткізу керектігін көрсетті.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетінің даму ерекшеліктерін қарасытыра отырып, балалардың ересектермен эмоционалды қатынасқа түсудің маңызды, себебі дәл осы кезеңде балалның келешекке байланыстырып сөйлеу тілінің алғашқы белгілері қалыптасады.

Логопедтің негізгі міндеті баланың сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету болып табылады. Мұнда логопедтің баланың сөйлеу тілінің дамуына ата-аналарды қатыстыруы да маңызды. Ересек адам мен баланың эмоциналды қарым-қатынасында олар сезімдерін білдіреді. Біртіндеп ересек адам мен баланың қатынасы жетіле түседі, жаңа заттармен танысады. Осыдан келіп, дүниеге келген баланың дамуына оны қоршаған адамдар мен олардың сөйлеу мәдениеті әсер етеді. Балаға жағымды әсер ету, оның тәрбиелі болуына және ақылды тұлға болып қалыптасуына әкеледі.

Жалпы тіл дамымаушылығының құрлымын, оның негізінде жатқан себептерін білу балаларды арнайы мекемелерге іріктеуге қажетті шарттардың бірі.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетінің дамуы туралы мәселе - бұл ғылыми-әдіснамалық мәселе, оған психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде көп көңіл бөлінген. Жалпы тіл дамымаушылығы бар балалардың сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін зерттей келе, сөйлеу тілін дамытуға бағытталған арнайы түзету сабақтарын өткізудің керектігін меңзейді.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму мәселесіне арналған отандық және шетелдік мамандардың жұмыстарын талдау, қазіргі таңда осы балалардың сөйлеу әрекетін дамыту, оның дыбыстық, сөздік қоры, грамматикалық қатарын толықтыру көптеген мамандарды ойландырғанын көрсетті.

Дыбысайту кемшіліктері, сөздік қордың шектеулілігі, сөйлеу ырғағының өзгеруі осының барлығы әртүрлі деңгейде Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетіне айтарлықтай әсерін тигізеді.

Ойынның маңызы соншалықты тіпті ол ойын тәсілдерін логопедиялық жұмыста қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойынды түрлі әдістердің ішінде алдыңғы орынға қояды. Сабақ барысында ойынды немесе ойынның жеке бөліктерін қолдану арқылы сөйлеу тілі бұзылған балалармен түзету жұмысында пайда болған қиындықтарды жеңуге болады. Себебі логопедтің міндеті баланың тіл дамымаушылығын жою. Осы бағытта сюжеттік-рольдік ойынның маңызы зор, себебі материалдарында бала ересек адамның талабын орындап қана қоймай, сонымен қатар белсенді әрекет етеді. Мұнда логопедтің баланың сөйлеу тіліне ата-аналарын қосу жұмысы да маңызды. Эмоционалды қатынас жасауда ересек пен бала ойларын емес сезімдерін білдіреді. Біртіндеп ересек адамдармен баланың қарым-қатынастары толығады, заттардың ауқымы кеңейеді.

Осылайша, логопедтің жұмысы ойын тәсілдері мен амалдарын қолдануға мұқтаж. Атақты ғалымдар лексика, грамматика, фонетиканың дамуындағы бұзылыстарын жоюға арналаған. Көптеген ойындық тәсілдерді өңдеген. Жалпы тіл дамымаушылығындегі лексикалық - грамматикалық бұзылыстар ең негізгісі болғандықтан, оны жою көп уақытты қажет етеді. Осылайша, логопедиялық жұмыстың түрлі кезеңдерінде сюжеттік-рольдік ойындарды, ойын тәсілдерін қолданудың теориялық және тәжірбиелік маңызы зор.

Сөйлеу тілі бұзылысында 3-4 жастағы бала сөйлеу тілінде сөз саны 10-20 шамасын құрайды. Фразалық сөйлеуі балалардың көбісінде болмайды. Үш жасар шамасында кейбір жалпы сөйлеу тілі бар балаларда «апа», «ата», «папа», деген сияқты бір буынды және екі буынды сөздер пайда болады. Олар дыбыс артикуляциясы бойынша қиын сөздерді бөгде адамдар емес, тіпті жақын адамдарды да түсінбейтіндей етіп айтады А.В.Ястребова [7,49б.].

Сол себепті, 3-4 жастағы жалпы тіл кемістігі бар балаларға қарым-қатынас тілінің мүлдем болмауы тән. Сөйлеу тілін түсіну оны қолдануға қарағанда жақсы дамыған, бірақ қарым қатынас жағдайы шектеулі Т.Б.Филичева [5,79б.] Бала қолданатын сөйлеу тілі құрамы, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы үшін жеткіліксіз. Кейіннен бала өз сөйлеу тілінің басқа адамдар үшін түсініксіз екенін түсіне бастайды. Бұл жағдай бала мінез-құлқының құрылуына кері әсерін тигізеді. Кейбір балалада ашуланшақтық, кейбірінде-тұйықталу, өжеттілік, тұрақты негативтілік, басқа қоршаған орта адамдарымен қарым-қатынасқа түсуге, қалауының болмауы пайда болады. Сөйлеу тілі бұзылысымен қатар екінші бұзылыс көрініс табатын белгілі.

Сөйлеу тілінің толық дамымауы баланың жоғары психикалық қызметінің дамуына кері әсерін тигізеді. Л.С.Выготский [22,82б.]. Зейіннің тұрақсыздығымен, бір нысаннан келесісіне уақытында ауысуының баяулығымен, балалардың көбісі тез шаршағыштық сипатына ие, алаңдаушылықпен сипатталады (А.Р Лурия [25,49б.].

Балалардағы маңызды және логикалық ойлаудың сақталуында, оның вербалды есте сақтауы төмен болады. Олар тапсырманың бірізділігін элементтерін, күрделі инструкцияларды ұмытып қалады. Балалар белсенділігінің төмендігі, олардың танымдық іс-әрекеттерінің даму жағдайы төмендігіне әкелед. Көріп есте сақтауы қалыпты сөйлеу тілі бұзылысы бар балаларда – сөздік есте сақтауы қалыптан айтарлықтай қалып қояды. Бұл жағдай зейін процесінің дамымауына, фонематикалық және естіп қабылдауға айтарлықтай септігін тигізеді.

Сонымен қатар, балаларда рифма және ритм сезімі төмендігі байқалады, сол себепті жаттауларды тез ұмытып қалады. Сөйлеу тілі бұзылысы мен психикалық даму бұзылысы арасындағы байланыс ойлаудың спецификалық ерекшеліктерімен шартталған. Көптеген балалар үшін ойлаудың регидтілігі тән.

Балалардың кейбірінде сөздік логикалық ойлау көрсеткішінің төмендігімен қоса екіншілік бұзылыс көрініс табады. Диагностикалық белгілердің біріне сөйлеу тілімен психикалық даму арасындағы диссоциация қызмет етеді. Бұл балалардағы психикалық даму, сөйлеу тілі дамуымен салыстырғанда сәтті өтуімен түсіндіріледі.

Сөйлеу тілі кемістігі бар балалардың жалпы соматикалық әлсіздігі мен локомоторлы қызметі дамуының баяулығымен қатар-қимыл-қозғалыс аймағы дамуының артта қалуы байқалады, яғни кеңістікте бағдарланудың нашарлығы, сенімсіз қозғалыс, іс-әрекет орындаудағы жылдамдықтың баяулауымен сипатталады. Көптеген қиындықтар сөздік инструкция бойынша қимыл-қозғалыс орындаумен анықталады.

Балаларды вестибулярлы анализаторлардың жеткіліксіз дамуына орай кеңістікте бағдарлануы нашар болады. Аталмыш анализатордың орталық бөлімі Вернике орталығына (сенсорлы сөйлеу тілі орталығы) жақын орналасады. Сөйлеу тілі бұзылысы бар балалар қалыпты дамудағы өз құрдастарына қарағанда кеңістік уақыттық параметрлер бойынша қозғалыстық тапсырмаларда, іс-әрекеттің бірізділігін бұзып, оның негізгі бөлімдерін қалдырып кетеді. Ұсақ қол-саусақ моторикасының дамымауы, саусақтардың бағдарлануының жетіспеушілігі анықталады. Бір қалыпта қалып қою, баяулық сипат алады. Тапсырманы орындауда өзін өзі басқаруы әлсіз болады. Сөйлеу тілі бұзылысы бар балалар тез шаршағыш болып келеді. Балалардың көбісі көпшілік ортада ұзақ уақытты қиындықпен өткізеді. Сөйлеу тілі процесінде еркін фразалық сөйлеуде қиналады.

Қалыпты тыныс алуда дыбыстау процесі қалыпты болады, және де сөйлеу тілінің қатты шығуын; кідірістердің айқын сақтауды, сөйлеу баяулығымен интонациялық мәнерлілігін қамтамасыз етеді Т.А.Власова [48].

Аталмыш категориядағы балаларда тыныс алу және тыныс шығару өте әлсіз сипатта болады; олар ауаны тиімді қолдана алмайды. Нәтижесінде бала бірінші сөзінде барлық тынысын жұмсап, келесі сөзін айтқанда ауа жетпей сыбырлап шығарады (кейде ол сөзінің соңын айтпай тастап кетеді); кейде сөйлеу кезінде қатты, кейде жай сөйлеу орын алады. Сөйлеу тілі бұзылысы көбіне ер адамдарда кездеседі. Соңғы жылдардағы зерттеу бойынша оң және сол жақ (сөйлеу) гемисфера дамуы жынысқа байланысты болып келеді.

Сол жақ жартышары сөйлеу қызметін, ал оң жақ жартышары-кеңістіктік-көру гнозисін атқарады. Ұл балаларда, қыздарға қарағанда оң жақ жартышары тезірек дамиды. Ал қыздарда керісінше сол жақ жарты шарының жылдамырақ дамуына орай, сөйлеу тілі ерте дамиды.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар ІІІ деңгейдегі балалардың сюжеттік-рөлдік ойындардың көмегімен балалардың байланыстырып сөйлеуіне жүргізетін логопедтің жұмысының ықпалы өте жақсы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет