«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ƏЛƏЙХИС-СƏЛƏМ, ҚҰДІРЕТТІ ПАЙҒАМБАР!



Pdf көрінісі
бет14/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   247
2. ƏЛƏЙХИС-СƏЛƏМ, ҚҰДІРЕТТІ ПАЙҒАМБАР!

 

Рахымды ием пайғамбарын жіберді, 



 

Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.

35.     Түнек түнде шамы болды халықтың,

 

Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!



 

Ол Алланың жаршысы, ерім, білгейсің, 

 

Сен содан соң тура жолға кіргенсің!



 

 

Ата-анасын қиып мұнда келді ол, 



 

Үмбетіне тілек тілеп, берді жол!

 

Күндіз жемей, көр, түнімен жатпады, 



 

Сені қолдап, қолдамады басқаны.

 

 

(Қара, Алладан, күндіз демей, түн демей, 



 

Сені өтінді, өзге жайлы үндемей.)

 

Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн, 



 

Риза болсын, мақта: ақта үмітін!

40.     Үмбеті үшін — күллі қайғы-бейнеті,

 

Үзілмесін деп рахат, зейнеті.



 

Мейірбан боп атадан да анадан, 

 

Хақтан дəйім тілеп, сені қалаған,




 68

 

Елге деген рахымы ол құдайдың, 



 

Қылығы хош, құлқы түзу, шырайлы.

 

Жібек мінез, ақылды əппақ пейілді,



 

Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі.

 

Қара  жерде, жасыл көкте əзіз-ді, 



 

Оған құрмет берді тəңір жаны ізгі.

45.     Бастаулардың басы еді, оңдысы,

 

Болды  кейін пайғамбардың соңғысы!*



 

Пейіл бұрдым енді оның жолына, 

 

Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына.



 

Иллəхə! Менің көңілімді күзеткін, 

 

Қияметте пайғамбармен бір еткін!



 

Қияметте көрсет толық жүзіңді, 

 

Қолымды ұстап, раббым, өткіз өзімді!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет