«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 БІЛІМ, АҚЫЛДЫҢ ҚАСИЕТІН, ПАЙДАСЫН АЙТАДЫ



Pdf көрінісі
бет22/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   247
10. БІЛІМ, АҚЫЛДЫҢ ҚАСИЕТІН, ПАЙДАСЫН АЙТАДЫ

 

Тілегім сөз еді білгір, ей, бегім, 



 

Ақыл, білім жайлы келді сөйлегім.

 

Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын, 



 

Білім — жарық, нұрын саған шашатын.

 

Ақыл қолдап, біліммен ер жетілер, 



 

Екеуімен қадірі артып, бекінер.

290  Нушин рауанды*, көр, сенбесең, айғақтан, 

 

Ой көзімен дүниені жайнатқан.



 

Байыды елі, заңды түзу түзді өзі, 

 

Жақсы атақпен жақсы дəурен сүрді өзі.




 86

 

Дана айтыпты: «Күнəһар да тамұқта, 



 

Білімімен құтылар деп тамұқтан!»

 

Қара, ақылға бейім адам баласы —   



 

Қалам бермес жетпей жасы, шамасы!

 

 

Ақылды адам, көр, қартайса — қайғырар, 



 

Ақыл кетті дер, қаламы қайрылар.

295    Егер, тəлбə* кісі өлтірсе — құны жоқ, 

 

Өлім де жоқ, қалар дерттің құлы боп!



 

Қандай десең, ақыл-ессіз түр-өңі, 

 

Ақыл-ессіз кісі үлессіз жүреді.



 

Ақылдыға лайық құрмет, жүгініс, 

 

Ақымақ жан топырақ қой бір уыс.



 

Көрсең бағып, мына бір сөз жаңылтпас: 

 

«Онсыз надан өзін-өзі жарытпас!»



 

Қарап тұрсаң, күллі сөздің рəсімін, 

 

Ақыл, білім — ең асылы, əсілі.



300    Ақыл болса, асыл болар — болса ер, 

 

Білім болса, бектік қылар — қылса ер.



 

Ақыл кімде болса  — болар асыл ол, 

 

Білім кімде болса — бек һəм басың ол.



 

Кісі ұланы қара жерге қол салды, 

 

Барлық  істе ол білімін қолданды.



 

Ақылымен кісі асыл атанар, 

 

Бекке ел ісі білімімен жасалар.



 

Қадірі артып, мың барқадар тапқандар, 

 

Ақылмен іс атқарды да, мақталды.



305    Пайдасы көп, аз ақылды аз деме, 

 

Қадірі көп, аз білімді аз деме!



 

Төрт нəрсе бар, аз деп ұғып кейіме, 

 

Дана айтқан сөзді түйгін зейінге:



 

Бұл төртеудің біреуі — жау, бірі — өрт, 

 

Үшіншісі — тіршіліктің торы — дерт.




 87

 

Бұдан кейін біреуі бар, ол  — білім, 



 

Осал көрме төртеуінің ешбірін.

 

Көп бұлардың пайдасы мен залалы, 



 

Бірі беріп, енді бірі алады.

310    Кимиə тектес  — білім — затты тоғытқан, 

 

Жəне ақылдың ордасы оны қорытқан.



 

Жұпарға ұқсап білім де тез таралар, 

 

Сақтап болмас басқалардан даралап.



 

Жұпар, жасыр — оны иісі білдірер, 

 

Білім, жасыр — тілің айтып бүлдірер.



 

Білім — байлық, азаймас һəм жоғалмас, 

 

Ұры-қары қол жеткізіп ала алмас!



 

Ақыл, білім бейне кісен кісіге, 

 

Кісенді көп бармас қылмыс ісіне.



315    Сəйгүлігін ер кісендеп ұстайды,

 

Жəй күлігін ер күзетке-ақ тастайды.



 

Кісендеулі ат керегінше жайылар, 

 

Тұсаулы ат тілегінше жайылар.



 

(Кісендеулі қашпас алар керегін, 

 

Тұсамысты саспас, табар тілегін.)



 

Ақыл — сенің анттасқан нақ жолдасың, 

 

Білім — сенген мейірімді қандасың.



 

Наданға жау — білгені мен көргені, 

 

Екеуі сор, білмесе одан өңгені.



 

Бар түркіде мысал мұны меңзеген, 

 

Сен соны ұғып, құйып алғын зердеңе:



320    «Ақылды ерге ақылы ес-дос болар,

 

Наданға аты-ақ қоңыраулатып қас болар.



 

Біліктіге білім — күллі тон, асы, 

 

Білімсіздің қылығы — сұм жолдасы!»



 

Ай, ақылды  ер! Бойыңды ашу алмасын, 

 

Ай, білікті ер! Атың дауда қалмасын!




 88

 

Өкпе, ашумен ешқашан іс етпегін — 



 

Егер, олай қылсаң, жафа шеккенің!

 

 

Өкінерсің ренішті істе сен, 



 

Адасарсың қызбалықпен істесең.

 

(Ренішті істің соңы — өкініш, 



 

Жаңыларсың қызбалықпен етіп іс!)

325    Ерге керек төзімділік, күш-қайрат,

 

Тұру керек Күн мен Айдай нұр жайнап.



 

Жомарттық һəм салмақтылық қажетті, 

 

Білімділік, ақылдылық қажетті.



 

Ақыл керек білім таңдап аларға, 

 

Білім керек іске жақсы қарарға.



 

Жарамды мен жарамсызды аңдаса, 

 

Керектіні керексізден таңдаса,



 

Барлық іске зерек болса, парықтап, 

 

Ала білсе өз керегін анықтап.



330    Сонда толық болар ісің, пішінің,

 

Білімді асты жейді баппен пісіріп.



 

Мұндай кісі тілегіне жетеді, 

 

Қос жаһанда ісі оң боп өтеді.



 

Қызбалық пен ашу жауың қордалы, 

 

Бұл екеуін тұтқан анық сорлары.



 

Естігін не деген екен дана бек,

 

Ей,  шырайлым, бұл сөзді еске ала кет:



 

«Білім күтпе қызба адамнан, тасырдан, 

 

Ашулы адам адасады ақылдан.



335     Қызбалық — сұм, ақыл-естен тандырар, 

 

Жайсаң ерді ашу қапы қалдырар!»



 

Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы, 

 

Білімді сөз — шырын,  жанның құнары:



 

«Біраз нəрсе кісінің — қас-дұшпаны, 

 

Білсе оларды өзін қинап қысқаны.




 89

 

Бұның бірі — тілдің жалған айтқаны, 



 

Бұдан басқа  — айтқан сөзден қайтқаны.

 

Үшіншісі — шарапқа аңсар ауғаны, 



 

Шəксіз, текке етер өмір қалғаны.

340    Тағы бірі — қырсық, қиқар қылығың, 

 

Сүймес ешкім, алған жанды шырығын.



 

Енді бірі — зымияндық бықсыған, 

 

Кісі үйін түтіндетіп, тықсырар.



 

Жəне бірі:  ашулы тіл — у, ашық, 

 

Өлтіреді шағып сөксе, тіл ашып.



 

Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып, 

 

Одан  құт, бақ безер аулақ  жосылып.



 

Басы айналып, тағдыр оған иілмес, 

 

Сырт айналар, айныр, қайта сүйінбес!»



345    Ізгі кісі, кел, ізгілік — шырайы,

 

Ізгілік ісі — ақылдылық шынайы.



 

Не дейді, ұққын, тыңда ілім білгенді, 

 

Сынап, ұғып қолына алған күллі елді:



 

«Жақсы, қанша жасар, кəрі болмайды, 

 

Жаман қанша түзегенмен оңбайды.



 

(Ізгі қанша көп жасасын  — алжымас, 

 

Арам қанша баптағанмен — мандымас!)



 

Жаман жасы  — қысқа, өкініп қартаяр, 

 

Жақсы жасы — ұзақ, қамсыз марқаяр.



 

Жақсы күнде табар жаңа бір тілек, 

 

Жаман күнде мұңмен сөнер біртіндеп!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет