«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Айтолдының Елікке айтқаны



Pdf көрінісі
бет43/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   247
Айтолдының Елікке айтқаны

720  Айтолды айтты: — Уа, Елбасы қадірлі!

 

Жайдым ірікпей сыр мен шама əлімді.



 

Қызықса кім, сынап көрсін нəсібін,

 

Мені ұстаудың, айттым, білсін тəсілін.




 117

 

Обалым не, жете алмаса құр текке...



 

Мен — киікпін, үйренбегем бүлкекке!

 

Не дейді екен қариялар сарапшыл,



 

Қарттың сөзі — құттың көзі, тағат қыл:

 

«Құт та келер, тұта алмасаң — озады,



 

Дүние берер, тұта алмасаң — тозады!

725  Мықтап ұста баяны жоқ бағыңды,

 

Ұстамасаң,  жоғалтарсың барыңды!



 

(Келген құтты тұта алмасаң — лағады,

 

Берген малды баға алмасаң — алады.



 

Қонған құттың біл қасиет-қадірін,

 

Қадірді ұққан — көрмес тірлік жəбірін!)



 

Құтты кісі өзін-өзі сақтасын,

 

Жайсыз істің маңайын да баспасын!



 

Өзің таза, тура жолмен жүрсеңіз,

 

Бақыттының бағы сол ғой білсеңіз!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет