«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет40/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   247
Еліктің Айтолдыға сауалы

 

Елік айтты: — Ұқтым қадір-бағаңды,



 

Мінің бар ма? Айт, білейін  шамаңды...




 114

Айтолдының Елікке жауабы

 

Айтолды айтты: — Жоқ залалым, жоқ мінім,



 

Жоқ мінімді тергіштер бар, күптімін.

685  Тұрақсыз һəм опасыз деп сөгеді,

 

Жұртқа жайып, тілдің кəрін төгеді.



 

Тұрақсыздық мінім емес, біл өзің,

 

Жаңаны аңсап, түлеп тұру — мінезім...



 

Ескі нəрсе — бəрі тозған, сүйкімсіз,

 

Сүйкімсіздің  жүгі болар сүйкімсіз.



 

Жаңа нəрсе болса, ескі не керек?

 

Жақсы нəрсе болса, жаман не керек?



 

(Барша ескілік — түбі азапқа айналар,

 

Ал азапқа тозақ əркез сай болар.



 

Жаңа нəрсе табылса, ескі не керек,

 

Арзымасқа асылды кім теңемек?!)



 

Лəззат іздеп, қиналар ер, сабылар,

 

Лəззат-рахат тек жаңадан табылар.



690 «Опасыз!» — деп қылығымды сөгеді ел,

 

Өз атымды өз мінімдей көреді ел.



 

Меңзеп айтқан мұны өр кісі, ер кісі,

 

Қанатты сөз — қанатты ойдың белгісі:



 

«Туған нəрсе құрып, түбі өледі,

 

Жаратушы бұйрығына көнеді.



 

Өтер-кетер, тірлік те бір еспе жел,

 

Ұстап қалар пенде жоқ ол дес берер!



 

Сенбе құтқа: келсе, кетіп қалады,

 

Сенбе баққа: береді һəм алады.



695  Баянды боп тұрса өзі бұл бақтың,

 

Ең асыл зат — құт болар-ау, қымбаттым!



 

Ұшпай Дəулет, қонса алаңсыз түгелдей,

 

Мəңгі жайнар, күн көзі де түнермей!»




 115



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет