«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 КҮНТУДЫ ЕЛІК АЙТОЛДЫҒА ƏДІЛДІКТІҢ



Pdf көрінісі
бет49/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   247
18. КҮНТУДЫ ЕЛІК АЙТОЛДЫҒА ƏДІЛДІКТІҢ 

СИПАТЫНЫҢ ҚАНДАЙ ЕКЕНДІГІН АЙТАДЫ

 

Елік айтты: — Ұқтым. Құлақ асайын,



 

Үлгілеп мен сөздерімді ашайын.

 

Алғашқы күн шақырғанда мен сені,



 

 Құрметтедім, орын бердім еңселі.

 

Көрсеттің де маған таңсық ісіңді,



 

Ашу-ызаға будың бермей ішіңді.

795  Ашуландым — тұншықтырдың төзімді,

 

Кəрленіп ем — тұйықтадың сөзіңді.



 

«Мен құт болам! — дедің, — біліп, танып ал,

 

Ұқтырдым мен, ұғын бəрін, қанып ал!»



 

Бар сырыңды айттың келіп бабыңа,

 

Мен түгелдей түйіп алдым жадыма.



 

Құзырыңды ұғып, сонда кешірдім,

 

Құрметтедім, мəртебеңді өсірдім.



 

Айтам бүгін қылық, сипат салтымды,

 

Біле жүр  сен барша қайрат-даңқымды.



800  Міне, мені көргін, заңмын, əділмін,

 

Тұрқымды сен байқа, барла — бəрін біл.



 

Мен отырған күрзі мынау, төрімде,

 

Үш сирақты, көр де тоқы көңілге.



 

Үш тағанды нəрсе берік, мызғымас,

 

Үш аяғы тұрғанда ұстап, жылжымас!



 

Егер үштің бірі тайса, жетеді,

 

Қалған екеу өзі-ақ ұшып кетеді.



 

Үш сирақты нып-нық, түзу тұрады,

 

Төртеу болса, бірі қыңыр шығады.



805  Бірі түзу болса — түзу бəрі де,

 

Бəрі түзу болса — түзу мəні де.



 

Бір қыңырдан — бəрі қисық шығады,

 

Бар қисықтан — əмəн, қырсық туады.



 

Қай тұғыр да қисық болса тұра алмас,

 

Түзу нəрсе — орнықты, ешкім жыға алмас.




 123

 

Құлқымды көр, түзулікте жоқ міні,



 

Заң қисынсыз болса,  тозақ — сот күні...

 

Əділдікпен жаза кеспей тоқтаман,



 

Құл ма, бек пе,  еш айырма жоқ маған.

810  Бұл пышақты қолына алса кімде-кім,

 

Кесер, турар нəрсе ғой ол, біл, серім!



 

Пышақтай мен кесем аршып əр істі,

 

Кесімін тез берем, біліп мəністі.



 

Шекер жəбір көргендерге бұйырар,

 

Қақпама кеп, əділ заңға ұйыған.



 

Бал-шекерді татқан кісі жадырар,

 

Жүзі жайнап, уайым-мұңнан арылар.



 

У бұйырар қара жүрек кісіге,

 

Заңнан қашқан, зəрін түйіп ішіне.



815  Келсе алдыма тезінде əділ жазаның,

 

У ішкендей тартар қылмыс азабын.



 

Суық қабақ, кісі шошыр сұрым бұл —

 

Сыбағасы күштімсінген зұлымның.



 

Ұлым ба əлде жақыным ба, алыс па,

 

Кештеу жүрген қонақ па əлде таныс па?



 

Заң алдында бəрі бірдей мен үшін,

 

Кесем əділ, болмайды ешбір келісім...



 

Біл, əділ заң — басшылықтың тұғыры,

 

Бегі əділ ме?! Берік елдің жұлыны!



820  Мұны меңзеп есті кісі бүй дейді,

 

Есті сөзді кім тұтса, ісі өрлейді:



 

«Бектік берік — əділ заңның жөнімен,

 

Бектік тегі — əділдікпен көрінер.



 

Бек елінде тура заңды ұстаса,

 

Бар тілекке жетер қолы, қысқасы!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет