Астана
2007
«Мәдени МұрА»
МеМлекеттік бАғдАрлАМАсының
кітАп сериялАры
ҚАзАҚстАн республикАсының тұңғыш президенті
нұрсұлтАн нАзАрбАевтың
бАстАМАсы бойыншА шығАрылды
Құл-Мұхаммед М., төраға
досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:
Абдрахманов с.
Аяған б.
әбусейітова М.
әйтімова б.
әлімбай н.
әуезов М.
базылхан н.
байпақов к.
биекенов к.
бурханов к.
ертісбаев е.
кенжеғозин М.
Қасқабасов с.
нысанбаев ә.
Өмірбеков б.
салғара Қ.
сариева р.
сейдімбек А.
сұлтанов Қ.
таймағамбетов Ж.
тұяқбаева б.
Хұсайынов к.
«Мәдени МұрА»
МеМлекеттік бАғдАрлАМАсын
іске Асыру ЖӨніндегі
ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы
БАБАЛАР
СӨЗІ
жүз томдық
Батырлар жыры
45 том
ББК 82.3 (5 Каз)
Б12
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов с. (төраға), Қорабай с. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейiтова г. (жауапты хатшы), әзiбаева б., күзембаева с.,
Қирабаев с., Мамыраев б., Қосан с.
томды басуға М.о.әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының
ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Қосан с. (жауапты редактор), Қасқабасов с., әзібаева б.,
әлібеков т., Қорғанбеков б.
Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар:
филология ғылымдарының кандидаты: Қорғанбеков б.
жауапты шығарушы: әкімова т.
Б12
Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2007.
т. 45: батырлар жыры.—2007.—464 бет.
ISBN 9965-35-527-4
«бабалар сөзі» сериясының 45-томына «шора батыр» жырының
1884 жылы араб әрпінде жарияланған «Қисса-и нәріктің ұғлы шора
батыр», Қазан төңкерісінен кейін «ер шора» деген атпен жарияланған
нұсқасы мен бұрын еш жерде жарияланбаған «ертедегі шора батыр»,
«Қисса нәрікбай—шора» варианттары енгізілді.
б
4702250205
00(05)—08
ббк 82.3 (5 Қаз)
ISBN 9965-35-527-4 (т. 45)
© әдебиет және өнер институты, 2007
ISBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2007
ҚұрАстырушылАрдАн
М.о.әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Мем-
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарлама аясында жарияланып
жатқан «бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басы-
лымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастыруда.
серияның бұған дейін жарияланған томдарында ұлттық
фольклорымыздың аса көркем де көлемді саласы болып сана-
латын хикаялық дастандардың тоғыз томы, діни дастандардың
жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы, батырлық
жырлардың он екі томы және Қытайдағы қазақ фольклорына
арналған он томы жарық көрді.
оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
қырық бесінші томы батырлық эпосқа арналды. бұл томға
«шора батыр» жырының төрт нұсқасы енді.
«шора батыр» жыры қазақ халқының аса сүйікті туын ды-
ларының бірі бола тұра, кеңестік идеология тарапынан қуғын ға
ұшырады. Өткен ғасырдың 40-жылдарының екінші жарты сы
мен 50-жылдардың алғашқы жартысында «Қамбар батырдан»
басқа эпос үлгілері «зиянды мұра» деп айыптаған тұстан бастап,
«шора батыр» жариялану, зерттелу мүмкіндігінен айырылды.
оның есесіне, шетел зерттеушілері бұл жырға айырықша
қызығушылық танытты. Ағылшын, румын, поляк, түрік
ғалымдары «шора батырдың» әр түрлі ұлттық нұсқаларына
талдаулар жасады.
Жырдың
ноғай,
қырым
татарлары,
татар,
қазақ,
қарақалпақ, қырғыз ұлттық нұсқалары бар. бұл ұлттардың
шығармашылығынан «шора батырдың» қатар орын алуын
тарихи-генетикалық типология белгісі деп қараған жөн. тек
қырғыздардағы нұсқа ғана тарихи-мәдени типология жемісі
деуге лайық. Өйткені бұл эпос қырғыздарға қазақтар арасынан
ауысып барған.
6
бАтырлАр Жыры
Халық арасында кең тараған жыр нұсқаларының бірі алғаш
рет 1884 жылы Қазанда «Қисса-и нәріктің ұғлы шора батыр»
деген атпен жарық көрді. Ал ә.диваев 1922 жылы эпостың
екі нұсқасын жариялады. 1932, 1939 жылдары с.сейфуллин,
с.Мұқановтар осы мәтіндерді қайта бастырды. осы нұсқаларды
М.әуезов, с.сейфуллин, Қ.Жұмалиев, с.Мұқанов, б.кен-
жебаев, А.с.орловтар өз зерттеулерінде жалпы қазақ эпосы
құрамында қарастырған. Өткен ғасырдың 70-жылдарының
соңынан бастап р.бердібаев, ә.оспанұлы сияқты ғалымдар
жырды ақтап алу мақсатында мақалалар жазды.
Жинаққа енгізілген нұсқалардың екеуі, яғни Мұсабай және
ә.сариев нұсқалары алғаш рет жарияланып отыр. Ал 1884
жылы жарық көрген М.әлиакбарұлы нұсқасы одан кейін қайта
жарияланған емес. ол да кирилл жазуында бірінші рет оқырманға
ұсынылып отыр. зерттеуші ә.оспанұлы 1995 жылы молда Мұса
вариантын ақынның төл туындысы ретінде жариялаған бола-
тын. ол мәтін М.тоққожаевтың М.о.әуезов атындағы әдебиет
және өнер институтының Қолжазба қорында сақтаулы тұрған
қолжазбасымен салыстырыла отырып, қысқартылған және
қалып қойған 550-дей жыр жолы қалпына келтірілді.
бұл жинаққа «шора батыр» жырының сюжеті мен
поэтикалық эволюция деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар
төрт нұсқасы—«Қисса-и нәріктің ұғлы шора батыр», «ертеде-
гі шора батыр», «Қисса нәрікбай-шора» және «ер шора» енгі-
зілді. Жинаққа топтастырылған нұсқалар жырдың поэтикалық
даму кезеңдерінің сатыларын танытарлық ретпен орналасты-
рылды. томға ұсынылып отырған мәтіндер түпнұсқаларынан
еш өзгеріссіз дайындалды. баспаға дайындау барысында
қолжазбада жазылмай қалған әріп, сөз қателерін (айқын көрініп
тұрған) тік жақшаға алып беріп отырдық.
«бабалар сөзі» сериясының негізгі принциптеріне сәйкес,
қырық бесінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды.
ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған
түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе-
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,
эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де-
ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын
тілдерінде жазылған түйін кірді.
көлемі—29 б.т.
6
Хикаят нәрік батыр өз жұртынан барып, Ақша ханға
жолдас болып көп замандар жүрген еді. бұ нәрік Ақша ханға
бек жағымды болып, көп заман Ақша ханның қолында белді
тұрды. бір күн Ақша хан өзі сапаршы жүрер уақыты болып,
нәрікке өз ел-жұртын аманаттап жүрерге ниет етті. ол Ақша
ханның жүйрік бір тазысы бар еді. ол тазысы өзіне бек қадірлі
еді. нәрік батырға Ақша хан айтты: «Мен аман-есен қайтсам,
сенге бек зор мархаматым болар. бұ тазыны бек жақсы қылып
сақта, ешбір кім алмасын»,—деп сапарға жүрді.
бір күн ханның үй қасынан қоян қашып бара жатқан-ды.
Ақша ханның қызметкерлері нәріктен сол тазыны сұрадылар.
нәрік байғұс бермеді, ханға қиянат еткен болармын деп. бағда
сол қызметкерлердің ішінде бірісі айтты: «бұ қаңғырып келген
нәрік сөзі бізге не керек»,—деп, сол тазыны ұстап алып,
қоянға жіберділер. Қоян һәм тазы ел қарасын үзіп кеттілер.
бұ қызметкерлер іздеп таба алмадылар. бұ нәрік хан не
жалбарып, ханға не жауап берермін деп қайғыда болып, Ақша
ханның бір арғымақ атына мініп, жылай-жылай далаға шығып
қоян илан тазы кеткен тарапқа қарай кетті. көп жерлерге
барды. уа бағда бір іннің аузында бір қылыш көрді. ол қоян
орталыққа келген һәм тазы ортаға келген. Қылышты қолына
алып, атынан түсіп, сол іннің ішіне кірді, көрді. іннің ішінде
толып тұрған алтын екен. нәрік байғұс көріп, таңғажайыпқа
қалды. сол іннің ішінен бір пұттай алтынды алып, қайтып
бір аулақ орынға көмді. бір заманнан соң Ақша хан сапардан
қайтты. нәрік байғұс ханның алдынан қарсы шығып, өз
мұңын айтып ханға түсіндірді. Хан айтты: «сөзлемегіл, ешбір
қорықпа, нәсіп солай болған-дүр»,—деді. нәрік байғұс бек
қуанып, шүкір айтты.
Қисса
-
и Нәріктің ұғлы
Шора батыр
(Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы нұсқасы)
10
бАтырлАр Жыры
10
11
бұ нәрік көп заманнан соң сарғайып, жүдеп, ас-су ішпеді.
бек арықтады. сонда алтын көргенін ханға айтпады. Хан бұның
сарғайып, жүдеп кеткеніне бек қайғырып, не болды екен деп
әрбір табибтерге қаратып, табибтер айттылар: «бұның ішінде
алтын қайғысы бар»,—дейділер. Ақша хан бір сыншыға бұны
сынатып, [ол] айтты: «бұ нәрік алтын көрген, соның қайғысы
сарғайтып тұр»,—дейділер. Ақша хан нәрікке айттылар:
—Алтын көргенің рас па?—дейді.
нәрік айтты:
—бір ін ішінде толып тұрған алтын көріп едім,—деді.
Хан барып сол алтындарды алды. нәрік бұрынғыдан қадірлі
болып, көп замандар тұрды. Ханға жағымды болды. билер
бірлән хакімге кірісті.
күндерде бір күн билер әрқайсысы нәрікті күндеп жүрділер.
нәрік бұлардың күндеп жүргенін біліп, ханға барып нәрік
байғұс өз елімді сағындым деп айтқан бір шығыры:
—Арғымақ үйірін сағынар,
сағынғанда не қылар.
тау көбелей желсем деп,
Үйірімді көрсем деп,
тұяғын тақыл бір тұқыл қағынар.
ер туғанын сағынар,
сағынғанда не қылар.
дін тұрағы Мекке менен Мәдина,
Мәдина, Мекке еске алып,
Қоңыр салқын төске алып,
күдеріден алты тармақ бауларын мұның
бек сайлап,
көбе тонды кисем деп,
Ауыр әскер ертсем деп,
дұшпанымды көрсем деп,
сағынғанның белгісі—
Құймалы күміс, шын тоға,
Айыл да тұрман тағынар.
Ақ сұңқар үйір сағынар,
сағынғанда не қылар.
көк бұлттың ішінде,
көлденеңнен ұшсам деп,
10
20
10
10
11
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
көрдемлі ханда ұшсам деп,
тұғырысына жете алмай,
тақыл да тұқыл қағынар.
елім демес ер болмас,
Үйірім демес ат болмас,
ұяласым демес құс болмас,
Мезгіл болса, падишам,
әркім де өз жұртын сағынар.
дек ғазал:
Қауыста қайтқан қараша,
Қиқулап қонар көліне,
Өсіп бір өнген жеріне.
садағым сала байланып,
Үш қысанды айланып,
іздеп келдім, падишам,
сізден бір медет, падишам,
болар ма деп беліме.
ордада жатып білмейсің,
Жақсының сөзі жетеді,
Жаманның қолы тиеді,
бұ қорлыққа не үшін шыдайын.
рұқсат болса, падишам,
Амандасып отырмын,
Қайтарға тұрмын еліме.
Өз жерімде жүргенде
еңіреп жүрген ер едім,
Адам да шықпас шеніме.
Хан: «енді бұ нәрік байғұс өз жұртына қайтсам деп рұқсат
сұрайды, мұңа қарсы бір жауап айтарға кім болдырар екен»,—
дейді. сонда Меңдісұлу деген бір қыз сөйлейді.
Шығыр:
сонда Меңді сөйлейді,
сөйлегенде бүй дейді:
—батыр-ау, төре, асыл-ау,
таудағы өскен тас түлек,
еңесе дейді жем сайды,
Жемсауы бұның толғанда
30
40
50
12
бАтырлАр Жыры
12
13
Жем берсеңіз көрмес пе,
Өз жерінде жүргенде,
Қазы-қарта, жал жеген,
шекер менен бал жеген,
Жаман атқа мінбеген,
Жаман киім кимеген,
Жамандармен жолдас болмаған,
Анайы артық туған со еді.
Жеті түрлі тәттіні
Же деп берсең, тұрмас па?
шаруа малдың жақсысы
Жез бұйдалы нар тайлақ,
Жетелетсең, тұрмас па?
Аты да жүр ме келіспей,
Қара арғымақ қатырып,
Мін деп берсең, тұрмас па?
киімі жүр ме келіспей,
Жағасы алтын ала тон,
Жарасатұғын киімді
ки деп берсең, тұрмас па?
Қызыққа жігіт айланар,
Қара лашын қайтарып,
шүй деп берсең, тұрмас па?
шашын діліндәнменен тараған,
басына друфасын ораған.
бектер мінген бедеудей,
бауырынан жараған.
бет ажарын қарасаң,
Жазғы да түскен сағымдай.
ет ажарын байқасам,
тірісінен айырған,
шырын да бидай ақ ұндай.
Қасы жа[й]дай керілген,
кірпігі оқтай тігілген,
бұралып белі бүгілген,
Қараған кісі үңілген,
Қастауыш қасты-ай аруды
сүй деп берсең, тұрмас па?
60
70
80
90
12
12
13
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
сонда хан айтады: «Ай, нәрік батыр, сізге маслихат болса,
бұ қызды сеңа никах етіп берейін», деп Меңсұлуды нәрікке
берді. нәрік илан Меңдісұлу екісі қауыштылар. бұлар бек
жақсы тату болып тұрдылар. күндерде бір күн ханның халқы,
билері нәрікті күндеп, Меңдіні ханға сен өзің ал деп маслихат
қылдылар. Хан айтты: «Мен ол Меңдісұлуды қалай етіп ала-
мын?»—деді. Анда билер айттылар: «бұ үйшіл қартты қағаз
жазып, шағым керей ханға өлтір деп жіберсек, өлтірер, андан
соң аларсың»,—деді. Андан соң қағаз жазып берді. нәрік ол
қағазды алып оқып қараса, «бұ үйшіл қартты өлтір» дегенін бі-
ліп, бармай қайтып келіп, өзінің үйі ішінде жасырынып жатты.
Хан енді нәрік шағым керей ханға кетті ғой деп, Меңдісұлуға
кісі жібереді. Меңдісұлуға қонақ болып барамыз, бізді қонақ ет-
сін айтты.
Меңдісұлу ханды билерімен қонақ етіп, билер, халқы бәрі
қайтып кетті. Хан Меңдісұлуға айтты:
—төсек салыңыз, бүгін біз қонақ болайық,—дейді.
Меңдісұлу ханға айтты:
—Ай, тақсыр, бір әңгіме айтайын,—дейді, ай, тақсыр, біздің
атамыздың байлығы өзіңізге мағлұм. Атамыздың тоғыз тоғай
толған малы бар еді. уа бұл малынан жылқысы бек зияда бесер
еді. Жылқысынан күнде ту бие жоғалтып тұрған еді. Атамыздың
жылқышысы айтты: «Ай, тақсыр, күнде бір ту бие, бір туа бие
күнде жылқыдан жоқ болып шыға-дүр, не ғажап? Өзіңіз атқа
мініп жүрсеңіз»,—дейді. сонан соң атам атқа мініп, бір тауға
келді еді. таудың астында бір арыстан жатыр екен. Арыстанға
айтыпты: «Ай, арыстан, сіз бізден рұқсатсыз бұ жылқыдан бір
ту бие күнде алып жейсің екен»,—дейді. сонда арыстанға Алла
тағала тіл беріпті.
—Ай, бай, сіз бай болған соң сізден бізге ризық-нәсіп болған-
дүр,—дейді.
сонда бай атам айтыпты арыстанға: «сеңе күнде бір ту бие ас
болсын. Жылқышы күнде бір ту бие келтіріп берер»,—депті.
Жылқышы күнде бір ту биені алып барып, таудың басына
байлап қояды екен. бір күн байланған биені арыстан жемей
қойыпты. Атам бұңар келіп айтыпты: «Ай, арыстан, бұ сеңа
халал-дүр, не себептен асамадыңыз?»—дегенде арыстан айтты:
«бір кісіден қалған сарқытты неге мен жейін»,—депті. Атам
айтыпты: «бұ ту бие өз жылқымның баласы»,—дегенде арыстан
14
бАтырлАр Жыры
14
15
айтты: «бұ ту бие құлын уақытында бір бөрі келіп арт санынан
тістеді. бізге кісі қолы тиген керек емес»,—депті.
—тақсыр, енді біз де сол қасқыр тартқан құлындай болып
тұрмыз, өзіңіз білесіз,—депті.
Меңдісұлу жылап болған соң, нәрік батыр қылыш бірлән
ханның басын кесіп, Меңдісұлуды алып, шағым керей ханға
қарашы болып тұрғанда, үй ішінде қараңғыда нұр пайда болып,
шора білән шырын егіз туып, шора онға келгенде Ақтанкер
дейтұғын аты болып, ол атты әуелгі Ақташы ханның алты
билері келіп, шора үйде жоқ уақытта тартып алып кетіп, шора
сонда қайынында жатыр екен. нәрік барып түнде отауының
сыртында тұрып, баласына бірер бәйіт сөйлегені:
—Ай, батыр-ау, батыр-ау,
келгенімді айтайын,
Айтайын да қайтайын.
Ақташы ханның алты би
Ақтанкерді әкетті.
сеңа да келмей қайтейін,
Ақташы ханның алты би
Ақтанкерді алды енді,
басына ноқта салды енді,
ноқталасып алды енді.
Ақташы ханның алты би
Ақтанкерді жетелеп,
Халқына қарай төтелеп,
еліне таман барды енді.
Қайрат етер халы жоқ
сексенге келген қарт бабаң,
Жылай да жылай қалды енді.
сонда батыр таң атқан соң ақжелең мініп жөнелгенше,
қасындағы Қарабек сұлу біраз ғана сөйлегені:
—бұқара жұртын жидырған,
әшкере тойлар қылдырған,
Хақ никахын қидырған,
Алған жарың мен едім.
кетсең мені ала кет,
100
110
14
14
15
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
Өз атыңа сала кет.
кетсең маған жоқсың ғой,
Құрбаныңа шала кет.
Ақылы болса айтар ол,
кәрі анаңа бара кет.
сонда шора батыр анасына[н] рұқсат сұрап, сонда шораның
бір аз ғана сөйлегені:
—баданалы көбе жарылса,
бақыраш жамап болар ма?
түбі балшық лай су,
Жылқы жапсам қанар ма?
шора менің арыстаным,
тұғырдағы сұңқарым.
торлық құсын қор еткен,
Аспандағы ақ бұлт,
Араламай қонар ма?
Ақташы ханның алты би
Ақтанкерді әкетті,
оған да бармай қояр ма?
шора анасынан [рұқсат] сұрап, алты билер артынан жетіп
барғанда, сонда шора сөйлейді:
—Ассалаумағалейкум, әліби,
Аман-есен Қалы би,
Ақтанкерді жетелеп,
Қалаңа қарай төтелеп,
Қайсы бір кетіп барасың?
Қоңыралы менен сары би,
Ақтанкер аттың басына,
Қалай бір түсті ноқтаңыз,
сөйлеселік тоқтаңыз?!
Қалдар менен дәрі би,
Ақтанкерді әкел деп
бұйырды ма ханыңыз?
бұйрықпенен жиылып,
шығып па едің бәріңіз?
120
130
140
16
бАтырлАр Жыры
16
17
бұйрықпенен жиылып,
шыққан болсаң бәріңіз,
Құр кетпеңіз, алыңыз.
Алпыс жылқы алыңыз,
Алып ханға барыңыз,
тарқар ма билер қаһарыңыз?
шора батырдың сөзін тыңдамадылар. сонда тағы бір аз ғана
сөйледі:
—Арқада борай қар жауса,
борасын меңа борамас.
Арқадағы ақ киік
Адамнан пана сұрамас.
тауда сұңқар түлесе,
Жанына қарға жоламас.
таудағы сұңқар мен едім,
Ақташы ханның алты би,
Ала қарға сен едің,
Атымды қалай ұстадың,
бұ ақылың ұнамас.
Атымды енді қоя бер,
Қылыш бір тиер мойныңа,
Қан сорғалар қойныңа.
сен билердің құныңды
Менен де кісі сұрамас.
шамырқанып, шамранып,
шар темірдей шарланып,
бұйырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Артыңнан қуып келген соң,
Ақтанкерді алмасам,
Жылқышыға жер болып,
Қойшыларға жер болып,
Қорқақ шора атанып,
Халқыма қайтіп мен сияйын.
біреуіңнен қан алып,
Ашуымды қайтіп тияйын.
Артыңнан қуып келген соң,
Ақтанкер атым бермесең,
150
160
170
180
16
16
17
ҚиссА-и нәріктің ұғлы шорА бАтыр
Артық туған енеңді
Жалғыз аттай көрмесең,
лашын алған қудайын,
көк желкеннен қияйын.
Алтауыңды өлтіріп,
Қоғалы көлдің басына,
сүйегіңді бәріңнің,
Арық қойдай жияйын.
Ақташы хан[ның] алты би,
бір ат үшін өліпті.
Алты бидің жазасын
батыр шора беріпті.
Алты биді өлтіріп,
дегеніне келтіріп,
Қайта шора желіпті.
нәріктен хабар жеткен соң,
шалкезұлы Құлыншақ
іс өткен соң келіпті.
Алты бидің сүйегін
әр кімселер көріпті.
Алты биді өлтіріп,
салды шора бүлікті.
ер шораның қылғанын
Жұрттың бәрі біліпті.
билер кімге жағымды,
«Өлсе, бәлем, жатсын»,—деп,
есіткен кісі бәрісі
ол билерге күліпті.
әлқисса, Ақташының алты билерін өлтіргенсін, Қазанға ба-
рамын деп бір аз ғана сөйлегені:
—Қазыналы Қазанды
кәпір алды дегенсін,
Анығын оның білгенсін,
еңіреп жүрген ер шора
Қарабекке қарамай
Қазанға қарай жүрді енді.
2–253
190
200
210
18
бАтырлАр Жыры
18
19
әлқисса, шора Қазанға барамын дегенсін, атасы нәрікпенен
біраз мұңдасып айтқаны:
—тас жүректі балам-ау,
есіне мені ала ма-ау.
Мені есіне алмайды,
көзімнің жасын төксем [де],
Өзім де жеттім сексенге,
Қуатым жоқ бөксемде.
Жалғыз бір көзге шөп тиіп,
сөнді ғой көздің шырағы.
Арыстаным менің кетті ғой,
шорадай ұғыл туар ма,
Жер жыртып, егін ексем де.
Жалғыз көзге шөп тиіп,
сөнді ғой көздің шырағы.
Арыстаным кетті ғой,
бұл дүниенің болды ғой,
бір тарылған аймағы.
Қазыналы Қазанды
сол кәпірден айырсаң,
тигей еді сауабы.
тіл алмасаң енді жүре бер,
Қалсам да жалғыз қайтейін,
Жалғыздыққа үйренген,
Атаңмын нәрік, шырағым.
әлқисса, шора Қазанға барамын деп анасынан рұқсат
сұрағанда біраз ғана жылап, анасы Меңдісұлу сөйлегені:
—баданалы көбе жарылса,
бақыраш жамап болар ма?
түбі батпақ лай су
Малды жапсам қанар ма?
шора, менің арыстаным,
тұғырдағы сұңқарым,
торлық құсын қор еткен
Аспандағы ақ бұлт,
Араламай бір қонар ма!?
220
230
240
Достарыңызбен бөлісу: |