«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата06.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#11121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
.

Ал  сонда нәрікбай шыңбұлақтың басында дәрет алып оты-

рып, есін жиған соң, баласындай болған шұбар ат ойына түсіп, 

күлқаныс екеуі жонды обаның басына шығып, ашты дауыспен 

шұбар атты шақырып айтқаны:

—біз шыққанда ауылдан

Ат бауырынан саз еді,

суы шыққан саз еді.

біздер зарлап жүргенде, 

Жаһанның бәрі мәз еді.

балам едің, жануар,

бар болсаң, келші тез енді.

бар болсаң, келгін, байшұбар,

көрмекке нәрік ынтызар.

ынтық болып мен тұрмын,

бір көрмекке бой құмар.

бар болсаң, келші, жануар,

Адамға сені балаушы ем.

демеуші едім сені мал,

перзентім едің, шұбар ат.

нәрікбай жылап қылды зар,

бір көрмекке боп құмар.

осылай деп айқай салады,

нәрікке шұбар бала еді,

есітпей шұбар елде жүр.

нәрікбай жылар далада,

нәрікбайдың дауысын

шұбар аттың құлағы

2920

2930


2940

152

152


153

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

он мың жылқы ішінен

Анықтай естіп қалады.

тілеуді қайдан берді деп,

нәрекем қайдан келді деп, 

көтеріп басын алады.

Азаншының дауысындай

нәріктің шыққан дауысын

әбден естіп алады.

Құйрығын салып сыртына,

Жылқының шығып шетіне,

Құлыннан жаман шыңғырып,

Ақ төбені бетке алып,

шұбар ат ойнап барады.

шұбар атты көрген соң,

нәрікбай мен күлқаныс 

еш дәрмені қалмады.

Жер бауырлап зар жылап,

«ой, шұбар»,—деп жылады.

Анда шұбар жетіп кеп,

кішілік істі қылады.

«Қайрақтының бірі ме,—деп,

Мені атқалы жүр ме»,—деп,

көлденеңдеп тұрады.

«Айуандыққа бастың,—деп,

бөтенді қайдан таптың»,—деп,

дауысын естіп нәріктің,

ық жағына шығады,

Жел жағына шығады.

Адамнан есті жануар

иісін алып бұлардың,

Жетіп келіп алдына,

Қояннан жаман бұғады.

омырауының  астына

тұмсығын ап кеп сұғады.

перзенті болған жануар

перзенттігін қылады.

Мейірі түсіп күлқаныс,

кішкентайдан үйренген

Ақ мамасын шығарды.

2950


2960

2970


2980

154

бАтырлАр  Жыры

154

155


сөйлейтұғын тілі жоқ,

балалықтан міні жоқ,

кезек-кезек иіскелеп,

солқылдап шұбар жылады.

—Айналайын, шұбарым,

перзентім болған мұндарым.

сенсіз менің күнім жоқ,

Менсіз сенің күнің жоқ.

Қашан Құдай бергенше,

Өзімнен бала туғанша,

сенен басқа ұлым жоқ.

бұл замана қағынды,

Қағынбаса не қылды.

зар жылапсың шырылдап,

Мені көрген шағыңда.

соған жүйем босайды,

ішіме салып жалынды,

Айтшы маған сырыңды.

Атаңа нәлет әліби

не көрсетті, не қылды?

сүйінші, шұбар, сүйінші,

көздің жасы, тиылшы,

Ақ жарылқар күн туып,

саған бір ие табылды.

бұл сөзді айтып нәрікбай, 

келе жатыр екеуі

еркелетіп шұбарды,

Асылдырып мойнына.

Өкшесін басып ентелеп,

келеді шұбар еркелеп.

Үйге келді екеуі,

шұбарды жіпсіз жетелеп.

келеді деген нәрікті,

таманың жоқ ойында.

басшысынан айрылған,

балапандай шуылдап,

Жылады ерте-кешіне.

нәрекем келді үйіне,

2990

3000


3010

3020


154

154


155

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

түс қайта берген бесінде.

дәнеңе жоқ ойында,

отыр еді көп тама.

нәрікбайды келер деп,

есінде жоқ бейшара.

келіп қалды нәрікбай,

тамаға Құдай боп пана.

нәрікбайды көрген соң,

таманың кетті ақылы.

бөтен емес бәрі де,

Жанашыр туған жақыны.

Алатаудай бар еді

Айбатының салқыны.

батқан айы туған соң,

не қыларын білмеді.

Қуанғаннан ақыры,

Жанып тұр сөнген шырағы,

таманың жетті мұрады.

нәрікбайды көрген соң.

Қуанған мен қорыққан бір,

не күн тынбай жылады.

есі шығып таманың,

есепсіз малды қырады.

неше күндер шуылдап,

тамалар тойды қылады.

Құдайыны көп сойып, 

Қуанысып тамалар,

Аяғын құшып нәріктің,

Жыласып қатын, балалар,

«Өңім бе, түсім бе екен?»—деп,

не күндей ұйықтатпай,

сағынып қалған жарандар,

нәрікке әркім ынтызар.

неше күн зарлап жол жүре,

бір күні шөкті қара нар.

барғандай боп Қазанға,

Қуанып жатыр тамалар.

«ел көрерміз енді,—деп,–

нәрекем есен келді»,—деп

3030


3040

3050


3060

156

бАтырлАр  Жыры

156

157


Қайғы шығып есінен,

той қылып ерте-кешінен,

көп тасаттық беріпті.

тынықты нәрік неше күн,

шөлдерде тартқан кейісті.

есіктің алды  өрік-ті,

судың қасы көрікті.

бір күндерде тынығып,

кемпір мен шал желікті.

Арыстанның етіне

болыпты қатын жерікті.

«Арыстан атып келгін,—деп,

Жолбарыс тауып бергін»,—деп,

Айымнан хабар келіпті.

түрегелді нәрікбай,

Ай мүйізді ақ қошқар

Алып келді ғаріп бай,

бір перзенттің жолына

Құрбан қылып шалыпты-ай.

бұқардан келген ақперен

Мойнына алып салыпты-ай.

сұр мергені бар екен,

Қасына ертіп алыпты-ай.

көлшүнгент деген бір тауға

Жолбарыс іздей барыпты.

«бісміллә»,—деп нәрікбай,

шұбарға мініп алыпты.

ол шұбарға мінген соң,

Жеті жыл көрген қорлығы

сол жерде түсіп қалыпты-ай.

көлшүнгент деген тауы бар,

бармаққа нәрік ынтызар.

көлшүнгенттің бойында

Жатады екен мекен қып

бір айғырдың үйірі,

Жолбарыс деген жануар.

3070

3080


3090

156

156


157

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Қалың бадамды аралай,

көлшүнгентті жағалай,

неше күн жүрді далада,

Арыстанды ала алмай,

Атуға батыр бата алмай.

Жылай берді нәрікбай,

Ауылға құр қайта алмай.

нәрекем болды бейшара,

Адырлы үлкен жер екен,

Қорыққанда болды даладай.

нәрікбайға жолықты,

көк есегі астында,

Ақ сәлдесі басында,

етегі өрім өрінген,

бетінен нұры көрінген,

Ақ шалмалы диуана.

Анау менің пірім деп,

Жөнелді нәрік дірілдеп.

Жетіп келді диуана,

зікір салып күрілдеп.

Аяғына бас қойып,

Жылай берді нәрекем:

«Қай уақытта түседі

Мен ғаріпке көңілің»,—деп,

есінен танып нәрікбай,

зар еңірей берді сол жерде.

—бұл маған кәміл пір екен,

тарбият қылып жүр екен.

енді қашан түседі,

Мен ғаріпке көңілің.

—Жылама балам, нәрікбай,

болған сенің мерекең.

есінен танып нәрікбай:

—бұрынғы күнім қорлықпен, 

Өтіп кеткен күн екен.

Қазаннан мені қаңғыртқан, 

бір-ақ перзент ұл екен.

3100


3110

3120


3130

158

бАтырлАр  Жыры

158

159


Аяғын барып құшақтай,

Жылай берді зар қылып,

Жылаған жері бұл екен.

«Жүрші бермен, балам,—деп,

Арыстан атып берейін.

Жарықтықты саған,—деп,

көңіліңнен кетпей қайғы-дерт

Қор болдың ғой жаман»,—деп,

піріменен қосылып,

көлшүнгентке келді іздеп.

көлшүнгенттің басына, 

кереге тастың астына

нәрекем келіп отырды.

кім екенін білмейді,

ғайып ерен секілді

бір адам отыр қасында.

түс қайтып, бесін болғанда,

Мұж ұрып, дария толғанда,

Арыстан келді арқырап,

танадай көзі жарқырап.

Қайыптан мылтық тарс етті,

Арыстан жығылып жалп етті.

нәрікбай жетіп келеді,

Қоңыраулы нардың үстіне

барлығын артып жөнеді.

сәскелік жерге барғанда, 

бірін-бірі жоқтасып,

Арыстан қайтып келеді.

Арыстан қайтып келгенше,

елге нәрік жөнелді.

Үйде отырған күлқаныс,

Қожанты пышақ қолында,

Алдынан шығып жөнелді.

түйеден алды түсіріп,

ойынды етін ойып ап,

отқа салып пісіріп,

сары суы еттің тарамай,

Асап-асап жейді енді.

3140

3150


3160

3170


158

158


159

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Арыстан етін жеген соң,

Жерігі әбден қанады.

Жолбарыстың етін жеп,

Қатында құмар қалмады.

енді сөздің қысқасы,

тоғыз ай, он күн көтеріп,

Арада жапа еткізіп,

тарыққан жерде Құдайым,

Мұратына жеткізіп,

тоғыз сағат болғанда,

тоғыз минөт толғанда

тапты шора баланы.

Арылдаған дауысы 

Ай күндік жерді алады.

есіткен түрікпен, қайрақты

Аң-таң болып қалады.

Қағанақтың суына

Алпыс қатын ағады.

екі қолын ескек қып,

керегеге асылып,

Қатынның жаны қалады.

Алпыс қатын кеңесіп,

Алдына орап алады.

«баланың дауысы шыққанда,

Жаным бірге шығар»,—деп,

Жеті қырдың астына,

Жетпіс бие байлатып,

нәрікбай жатып қалады.

Жанның бәрі қуанып,

сүйіншіге барады.

«сүйінші» деген кедейлер,

нәрікбайдан енші алып,

Өз алдына ауыл боп,

Малды болып қалады,

Өріске мал салады.

келді нәрік зар жылап,

көрмекке ынтық баланы.

Алып келіп қырық қатын,

3180

3190


3200

3210


160

бАтырлАр  Жыры

160

161


Алдына қойып баласын,

нәріктен дүние алады.

баланы көріп нәрікбай,

Үш мәртебе талады.

былжырап жатқан баланы

Қойнына ап кеп салады.

еш адамға көрсетпей,

Үш күнге дейін екеуі

ортаға алып бағады.

Үш күннен соң той қылды,

Қыналап жылқы, қой қылды.

есін жиып ер нәрік,

бұл балаға той қылды.

бәйтеректің басына

Жамбы байлап аттырды,

тіллә керней тарттырды.

екі жақтап, үш  жақтап,

түрікпенге ат шапқызды.

шақырушы жігітке

Қара жорға мінгізді,

Қара торқа кигізді,

тіллә қоңырау таққызды.

екі жақтап, үш жақтап,

түрікпенге хабар айтқызды.

«түрікпен мұнда келсін,—деп,

тамашамды көрсін,—деп,

ырым десе, бар шығар,

шашбауы болса, берсін,—деп,

тамаша сейіл етсін,—деп,

кедейлерді малданып

Қажетіне жетсін,—деп,

Аш-арығы түрікпеннің

бір тойынып алдымнан 

Армансыз болып өтсін,—деп,

әліби итке сәлем де

керек болса, келсін,—деп,

шұбар атты алып кетсін»,—деп.

3220


3230

3240


160

160


161

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

бір шақырды келмеді,

шақырды екі келмеді.

екі қырық мың ел еді,

Атты тұрмақ нәрікбай,

бір жаяуды көрмеді.

тарығып көрген неме еді,

Құтты болсын айталық,

тым болмаса демеді.

«Қазандағы көп ел,—деп,

Қайран тама деген»,—деп,

нәрікбай сонда еңіреді.

Жылағанмен қайтеді,

Қазанның жолы алыс-ты.

Қыналап жиған көп малды

Азғана ауыл тамасы

тілімдеп бөліп алысты.

күрескен болып ойын сап,

тыраңдап бәйге жарысты.

той тарқады, кетеді,

Арада үш күн өтеді,

Жана нәрік той қылды.

Өзім деп келген мейманға

бие сойып, қондырды.

Ақ орданы ап келіп,

бір бөлек сазға қондырды.

Үлкенді-кіші демеді,

таманың бәрін жидырды.

бойыменен бірдей қып

Жаңа туған баланың,

бір қалтаны тіккізді.

толтыра тіллә қойдырды,

Молда, малшы қалмады,

Жаманды-жақсы демеді.

бірі шашау болмады,

«баланың атын қойсын,—деп, 

осы тілләні алсын,—деп, 

Қара табан болғанда,

Қайтадан қолқа салдық»,—деп,

ерлі-байлы екеуі

11–253


3250

3260


3270

3280


162

бАтырлАр  Жыры

162

163


зар қылып жүр жүгіріп.

тамалар мойын салады,

баланың атын қоя алмай,

отырды естен айырылып.

біреуі айтты былай деп,

осыны берген Құдай деп.

Айтқаны қабыл бола алмай,

нәріктен алып абұйыр,

тамалар сасып сандалды.

«Қазандағы ақ сүйек,

данышпан туған елім,—деп,

Қапияда ақылмен,

Қулықты тапқан залым,—деп,

кереметті, ақылды,

әмме жанға мәлім,—деп,

соларым болса бұл жерде,

лайық атты таппас па ед?

осы ынтызарым»,—деп,

нәрекем жылап егілді.

нәрікбай қапа болған соң,

таманың күлі төгілді.

Өстіп жылап тұрғанда,

ел қыдырған бір сайыл

бағына кісі көрінді.

Қуанғаннан нәріктің

Жарыла жаздады жүрегі,

екі көзі жылауда,

Қойнында бала тұр еді.

Ашылған жанға көл еді,

нәріктің өзі білмеді,

Қара сақал диуана

Қасында қарап тұр еді.

таныды нәрік піріңді,

Аяғын құшып жығылды,

«Өзіңіз берген балаң,—деп,

Ап келдім, тағдыр, саған»,—деп. 

баланы пірі алады,

етегіне салады.

3290

3300


3310

3320


162

162


163

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Азан айтып, тәкбір қып,

Үш мәртебе зікір салады.

сөге берді диуана

Жылап тұрған таманы.

–берекесіз, тамалар,

Ақылың неден қамалар.

бір ғаріптің ырысына

іштен туған бала бар.

Жылқыдан туған құлынды

Айғыр қойсаң болмай ма?

сандала бермей айрылып,

әзір қойсаң болмай ма?

Қуантып нәрік өзіңді,

Қойдан туған қозыны

Қошқар қойсаң болмай ма?

Мың кісіге бір кісі

шоқпар қойсаң болмай ма?

ешкіден туған лақ-ты,

неше жыл нәрік жылапты,

Жылап көрген шырақ-ты.

Ашты тәңірім ісіңнен

бітіп қалған бұлақты.

түйеден туған ботаны

бура қойсаң болмай ма?

Қалжың-мылжың қылмастан,

тура қойсаң болмай ма?

Ақылың сенің кетпесе,

нәріктен туған баланы

шора қойсаң болмай ма?

осылай жауап береді,

ғайып боп дереу жөнеді.

Айырылып бірден қалады,

тастап кетті баланы.

Жерде қалған баланы

Жүгіріп барып нәрікбай

Қойнына алып салады.

шырылдап жатқан баланы

пірі назар қылған соң, 

3330

3340


3350

3360


164

бАтырлАр  Жыры

164

165


Аты шора болады.

таманың өзі білмейді,

«шора туды» дегенді

дүниенің төрт бұрышына 

періштелер жайып барады.

бесігінен баланың

түнде шырақ жанады.

періште кісі ұлық боп,

рахметі жағады.

не қылмақшы еді жас бала,

есіткен соң түрікпеннің

зәресі ұшып қалмады.

күннен-күнге күн жасап,

ер жетеді ер шора.

әруағы дұшпанды,

дендетеді ер шора,

Маңайынан алыстап,

ел кетеді ер шора.

Қасиетін әркімге,

тумай жатып бейшара,

көрсетеді ер шора.

келді шора бір жасқа,

бір жаста көңілі бір басқа.

Қайраты қатты болғандай,

ұрынады көк тасқа.

келді шора екіге,

екіде жетіп сертіне.

Адам қайран болғандай,

Аузынан шыққан кебіне.

Адам қарап болмайды

сұрқияның бетіне.

келді шора үшіне,

Үшінде кірді күшіне.

Адам қарап болмайды

Антұрғанның түсіне.

келді шора төртіне,

төртінде жетті сертіне.

Адам қайран болғандай,

3370

3380


3390

3400


164

164


165

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

Жүрегінің өртіне.

келді шора бесіне,

бесінде кірді есіне.

көрінбесе қайраты,

Құр мақталық несіне.

Қазандай қара тастарды,

сақа қылып ойнайды,

көтеріп алып төсіне. 

келді шора алтыға,

Алтыда бала хат танып,

Адамның тартты салтына. 

келді шора жетіге,

Жетісінде ер шора 

Жүреді өзі еркіне.

Адам қарап тұрғандай, 

ер шораның көркіне.

келді шора сегізге,

батырлық істеп негізге.

сырттан біреу келсе егер,

«бұл кімнің ұлы» дегізді.

келді тоғыз, он жасқа,

он жаста көңілі бір басқа.

Қылыш ұрып ойнайды

көлденең жатқан көк тасқа.

нақ түйенің желіндей,

Қасты болып ортадан,

Айырып тастар бір басқа.

тап он бірге жеткенде,

Қызмет қылды жүгіріп,

дүниенің жетті парқына.

тілеп алсаң тәңірден,

әке-шеше қартына

ойдағыдай сый қылып,

Жағымды болды халқына.

Қылған ісі бәрі ұқсар

батырлықтың салтына.

Ал  енді  шора  туған  соң  нәрікбай  белеңдінің  түбінде 

қатері  жам  болып  жата  береді.  періште  әуезін  көтеріп,  шо-

3410

3420


3430

166

бАтырлАр  Жыры

166

167


раны  дүниенің  төрт  бұрышына  жайды.  он  бірге  анық  жеткен 

соң,  ата-анасына  қызмет  қылып,  әдеп  үйреніп,  адам,  жау-

жарақ,  садақтарын  өз-өзінен  түзете  бастайды.  Жүзге  келген 

кісіден  саясат  артық  біледі.  Мәртебесі  жоғары  болды.  тама-

лардан түрікпенге ауысып кеткен мал болса, іздеп алуға жара-

ды.түрікпеннің  тамаларға  ауысып  келген  малы  болса,  арты-

нан іздеп келе алмайды. шора сондай ардақты болды. әммені 

бәлекеттей тітіретті енді. сондай қылып бағушы еді. ерлі-байлы 

екеуі шораны асты-асты қасынан ұзатпады. Жана һәм үйінен 

шығармады, солай қылып бағушы еді.

нәрікбайдың  ойы:  «балам  кемел  ер  жетіп,  балағатқа 

жетер  ме  екен,—деп,—өлгенде  көрген  перзентім  еді,  тірі 

қып  дұшпаннан  кегімді  алып  берер  ме  екен»,—деп,  жана 

тамаларға  айтты:  «Менің  балама  қошемет  қылып,  үйдің 

алдындағы төбеге шығармаңыз, не үшін десеңіз, бала тысқа 

шықса,  әр  тарапқа  қарар,  дүниені  көріп,  көңілі  алағызып, 

жынды  кісідей  болып,  жасы  жетпеген  уағында  бек  әуре 

қылады»,—деді.  содан  күндерде  бір  күн,  белеңнің  төбесіне 

бала  ойнап  жүріп  шықты.  төңірекке  қарап  көрді;  Аққала 

деген қаланы, жалпақ жатқан даланы, кермісін деген жерді 

көрді.  түрікпен  деген  жерге,  түрікпен  деген  елге  баланың 

көңілі желікті. «о, дариға, мұндай ел бар екен,—деп,—атам  

мұндай  елді  маған  көрсетпеді,  не  үшін  үйден  шығармай 

көрбала  қып  сақтады  екен,—деп  баланың  көңілі  желігіп,—

мұның  барлығын  аралап,  көрмесем  болмас  екен»,—деп 

ойлайды.  «Адамның  ата-анасы  мегзеген  іс  еді,  үйге  барып 

ата-анамнан рұқсат алайын, сонан соң шығайын»,—деп үйге 

келді. Ата-анасынан баланың рұқсат сұрап айтқаны:

—Ассалаумағалейкум,

Қыбылагөйім, иә, ата,

бір талап енді мен келдім,

Қолыңды жайып бер бата.

рұқсат алмай кетпейін,

Жолым болар бір қата.

бұл не деген жеріңіз,

Жалтырап жатқан көліңіз.

көл жағалай көрінді, 

Қисабы жоқ еліңіз.

3440


166

166


167

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

соның бәрін көрмекке,

кетті біздің көңліміз.

тамаша қылып келейін,

Қол жайып бата беріңіз.

сол уақытта нәрікбай:

—Алтыннан соққан тұяғым,

күмістен соққан қияғым,

білесің бе, шоражан,

«Қубас» деген қу сөзден

сен туған соң құтылған

Мен сорлының құлағым.

Атқа мінер болған жоқ

әлі сенің уағың.

әкең отыр зарланып,

шешең отыр зарланып,

көре алмаған көп дұшпан

сыртымнан жүр қамданып.

Өлмек болған кемпір-шал,

сен кеткен соң не болам,

тұрамын кімге алданып.

омыртқаң сенің өскен жоқ,

Қабырғаң сенің қатқан жоқ. 

Қазір жауап бермейін,

Асықпай тұр, шырағым.

сонда шора сөйлейді:

—Қой, атеке, тұрмаймын,

сөзіңді қабыл қылмаймын.

көңілімді қайрама,

тоқтатпастан бер жауап,

сақтағушы Құдайым.

Қапа болып нәрікбай,

Қайтерін білмей еңірейді.

әлібиден қорыққаннан,

балаға жауап бермейді.

тоқтайтұғын бала жоқ,

Қайраты тасып кернейді.

Өсітсем бала қояр деп,

3450


3460

3470


3480

168

бАтырлАр  Жыры

168

169


кейіген болып сөйлейді:

—екі сөзге келместен

Қайтарасың сөзімді.

Аңдып жүрген дұшпан көп

Аламын деп өзіңді.

Мен рұқсат бермеймін,

дұшпан ойса не етерсің,

Асыққанмен көзіңді.

Мен де сендей тасушы ем,

Қазан деген жерімде,

Жан көрінбей көзіме, 

Жиырманың кезінде,

ешкімді ілмей көңліме.

көмек берер адам жоқ,

Құдайдан басқа панаң жоқ.

күн үшін қоңсы боп жүріп,

Қайрақты[ны]ң ішінде 

Қазанға барып хан болып, 

тұрмысың қазақ елінде.

бүгін айдың нешесі,

Ай қараңғы кешесі.

патшадан кем емес,

ер шораның мүшесі.

нәрікбайдың даусын есітіп,

Жетіп келді күлқаныс.

Қызыр көрген шеше еді,

Жетіп келсе бәйбіше, 

нәрікбай тұр зар жылап,

Жанында алтын кесесі.

сол уақытта нәрікке,

бәйбішенің сөзі бұл:

—Ақылы кеткен, нәрікбай,

Өкпе, бауыр, жалыңмен,

күн көруші елің шалықты-ай.

бір күн болмай ұмыт болып, 

сөз шығардың шалықтай.

неге бата бермейсің,

шырағыма тарытпай?

3490

3500


3510

3520


168

168


169

ҚиссА  нәрікбАй – шорА

тәңірі берген баласын,

Қызығын неге көрмейсің?

балаң бата сұраса,

тарығып неге еңірейсің?

Мен айтайын, тамалар,

Атқан оғын баланың,

біреуің алып келмейсің.

шырағыма бата бер,

батаңды бер де, жата бер.

бағатұғын балаңды

сенен басқа адам бар

Қасиетті кемеңгер.

не қыларын білмейді,

—Қатын, бала билеген

болды маған күн,—деді.

Жаратқан жалғыз Құдай-а,

дегеніңе бас ұрдым.

сөзді сөзге ап келіп,

күйгенімнен жасырдым.

ұйқы мен тамақ жерінде,

баратұғын жері жоқ,

Қуаныш қылар елі жоқ,

далада шығар жері жоқ,

ішім оттай жанады.

Ақылымнан адастым,

еш дәрменім қалмады,

Мен білмеймін бұл жолды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет