Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет214/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   284
мақсаты,  бір  қарағанда,  түсінікті  сияқты  болып  көрінеді.  Ол  – 

өмірдегі өзге де құбылыстар сияқты, тілдің де қозғалысын бақылау. 

Бұл ізденіс екі тұрғыдан, екі түрлі мақсатта жүргізіледі. Бірі – ғылыми 

мақсат.  Тіл  білімі  атты  ғылым  саласына  қажет  теориялық  таным, 

талдау  мақсаты  көзделеді.  Екінші  –  прагматикалық  мақсат  көздеу, 

яғни ескіріп, тіл өмірінен ығысып жатқан бірліктердің бір кездердегі 

мағынасын, қызметін білу арқылы халықтың рухани-мәдени тарихы-

на үңілуге мүмкіндік алу. Бұл орайда зерттеулер «Мәдени мұра» атты 

кең ауқымды, саяси мәнді бағдарламаға жанасады, бір жағынан, тіл 

мәдени мұраны жеткізуші құралдардың бірі болса, екінші жағынан, 

сол мұраның көрсеткішінің бірі болып шығады. «Халық белгілі бір 

кезеңдерде  нелерді  қолданды?  Не  үшін  күресті?  Кімдермен  (қай 

жұрттармен)  қарым-қатынаста  болды?  Таным-сенімі,  яғни  рухани 

дүниесі  қандай  болды?»  деген  сауалдарға  ескілік  болып  сақталған 




315

жеке таңбалар (сөздер) мен тіркестер жауап бере алады. Бұл – бүгінгі 

ғылыми-практикалық  мақсат-мұраттарымызға  сәйкес  келетін  іс-

қарекеттердің бірі болып шығады.

Мағыналары көмескі тартқан іргеден шығарып жіберу (ренжіген 

әкенің баласына енші бермеуі), ту түбінде тұру (ұрысқа қатысатын 

сарбаз,  жауынгер  болып  қатарға  ену),  қосалықтап  отау  тігу  (киіз 

үйлерді екі-екіден қатар не бірінің ішіне екіншісін қосарлап, енгізіп 

тігуі),  қазақ  шығу;  қазақ  шығып  кету  (қазақ  болу,  қазақ  болып 

кету), ұран отын жағу (жау әскерінің келе жатқанын хабарлайтын 

белгі беру), қала шығу (сауда-саттық шаруасымен базарға бару) де-

ген тіркестер белгілі бір ұғымдарды ғана емес, сонымен қатар қазақ 

халқының эстетикалық, суреттемелік талғамын да көрсетеді. Қазақ 

бейнелеп, яғни метафоралап, теңеп, әсірелеп, мадақтап не кемсітіп, 

сүйініп не ренжіп білдіретін қимыл-қарекетін атауға өте шебер, бұл 

ретте  бейнелі  фразеологизмдердің  ішінен  ескіліктерді  де  молынан 

табуға болады.

Тілдегі  ескіліктерді  теріп  алып,  жеке-жеке  талдап,  мағынасын, 

түптөркінін, қолданыстағы кезеңін, кейінгі тағдырын сөз ету арқылы 

адамзат тіршілігінде оны қызықтыратын, ойландыратын, әр нәрседен 

хабардар ететін тіл деген феноменге көңілін аударту сияқты мұрат-

мақсаттардың бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Ал бұл ізденіс 

– өте қиын шаруа, көп уақытты, іздемпаздықты, ұқыптылықты, тілге, 

санаға,  танымға  қатысты  ғылыми  теориялық  білімді  қажет  етеді. 

Бұл процестің қиындықтары өз алдына, яғни қазақ тілі сияқты тари-

хы тереңде жатқан, аса бай, мейлінше икемді, біршама таза (өзінің 

архетипін  сақтаған)  тілдегі  көне,  ескі,  ескірген,  ескіре  бастаған, 

ескіру белгілері бар лексика-фразеологиялық бірліктерді жинаймын, 

зерттеймін, талдаймын, танытамын деп алдына мақсат қойғандарға 

қарата бұл айтқандарымыз лексикологиялық, оның ішінде этимоло- 

гиялық-семасиологиялық  ізденістердің  қиындығын  көрсету  үшін 

ғана емес, тақырыптың қызықтығын, өзектілігін, танымдық құнды- 

лығын  ескертуді  көздейді.  Ал  бүгінгі  таңда  ұлттық  барша  құнды- 

лықтарымызды түгендеу, зерттеу методологиясын айқындау, алдағы 

жұмыстарымыздың  бағыт-бағдарын  біршама  белгілеу  сияқты 

мақсаттар тұр деп білеміз.

Сөйтіп,  оқырмандарымыздың  көңілін  бұл  талдауларымыздың 

танымдық-теориялық  негіздеріне  аудара  отырып,  бұған  қосымша 

мынадай түйіндерді айтуға болар еді:

Тілді тарихи лексикология саласында зерттеу а) семасиологиялық: 

сөз мағынасының эволюциясын (қозғалысын, өзгерісін) тану және ә) 

ономосиологиялық:  объект  атауларының  өзгеру  амалдарын  зерттеу 

деп  бөліп  қарастырылады.  Лексикалық  қазынаны  тарихи  тұрғыдан 



316

зерделеу мезгіл факторына қатысты болып келеді, яғни тілдің белгілі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет