УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
С 94
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
аясында шығарылды
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Жауапты шығарушы: филология ғылымдарының докторы О.Жұбаева
Сыздықова Рәбиға
С 94
Сөздер сөйлейді (сөздердің қолданылу тарихынан).
Көптомдық
шығармалар жинағы / Рәбиға Сыздықова / – Алматы: «Ел-шежіре»,
2014.
ISBN 978-601-7317-88-1
Т. 4: – 412 бет.
ISBN 978-601-7317-92-8
Жұртшылық сүйіп оқитын батырлар жыры мен ғашықтық жырлар-
да (лиро-эпоста) ХV-ХІХ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың
шығармаларында, мақал-мәтелдерде, тұрақты тіркестер құрамында
мағынасы күңгірт тартқан немесе архаизмге айналған сөздер кездеседі.
Қазір қолданылып жүрген сөздердің ішінде мағынасы бұлыңғыр
келетіндері тағы бар. Бұл еңбекте осындай сөздердің әуелгі мағынасы
ашылып, олардың мағыналық өзгерістері талданады, қолданылу
уәждері дәлелденеді.
Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту-
денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған.