Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


қалыпты,  прогрессивті,  регрессивті



Pdf көрінісі
бет234/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   284
қалыпты,  прогрессивті,  регрессивті  деп  аталуы  мүмкін.  Ал  тіл 

дамуының мұндай кезеңдері, әрине, сол тілді иемденуші халықтың 

әлеуметтік,  саяси,  мәдени  өмірінде  өтіп  жататын  өзгерістерге, 

қозғалыстарға, дүмпулерге, төңкерістерге тікелей қатысты болады.

Бұл  күндерде,  яғни  өткен  XX  ғасырдың  соңғы  онжылдығынан 

бермен  қарай  қазақ  тілі  айрықша  мәнді  тарихи  кезеңді  басынан 

кешіріп отыр. Ең алдымен, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құры- 

лысының  өзгеріп,  өз  алдына  тәуелсіз  мемлекет  болғанына  және 

соның  нәтижесінде  мәдени-рухани  дүниесінде  үлкен  өзгеріс-жаңа- 

лықтардың  пайда  болғанына  байланысты  қоғам  өміріндегі  өзгеріс- 

тер  тілдің  сөздік  қазынасына  жаңалықтар  әкелді.  Тілге  қатысты  ең 

үлкен әлеуметтік, мәдени үні бар құбылыс – қазақ тілінің мемлекеттік 

тіл  статусын  алуы  болды.  Мемлекеттік  тіл  статусы  тек  оның 

қоғамдағы қызметі жағынан ғана емес, тіл құрылымының дамуы мен 

жетілуі жағынан да атына сай болуын талап етеді.

Тілдің  дамуы  мен  жетілуі  дегендер  –  бір  құбылыс  емес,  бұл 

терминдер  –  сырт  қарағанда,  бір  мағынадағы  синоним  сөздер  бо-

лып  көрінеді.  Ал,  шындығында,  даму  дегеніміз  –  қозғалыс  пен 

уақыт  шеңберіне  қатысты  әрекет  атауы,  сондықтан  даму-уақыт 

жағынан ілгері қарай жылжу. Ал бұл жылжу – тек уақытпен таны-

латын қалыпты жай қозғалыс болуы да мүмкін, сондай-ақ сапалық, 

сандық өзгерістерге ие болатын ілгері, оң (прогрессивті) немесе кері 

(регрессивті)  қозғалыс  болуы  да  мүмкін.  Ілгері,  оң  қозғалысы  жай 

даму емес, жетіле дамуы, жетілуі болып танылады.




340

Тілдің жалпы дамуын да, жетілуін де кезеңдерге қарай сөз ету ке-

рек, яғни қазақ тілінің қозғалысын өткен ғасырдағы, оның ішінде:

а) XIX ғасырға дейінгі;

ә) XIX ғасырдың соңғы ширегіне дейінгі;

б) XIX ғасырдың соңғы 25-30-жылдарындағы;

в) XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы;

г) XX ғасырдың 50-60-жылдарынан 90-жылдарына дейінгі;

д) XX ғасырдың 90-жылдарынан қазіргі кезеңге дейінгі даму си-

паты деп шартты түрде саралап тануды ұсынамыз.  Өткен ғасырлар- 

дағы дамуы, XX ғасырдағы дамуы, қазіргі кезеңдегі дамуы, соңғы 10-

15 жылдан бергі дамуы (жылжуы) деп жалпылап тануға болады.

Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің бүгінгі қозғалысы прогрес- 

сивтік даму – жетіле түсу процесі деп танылса, мұның көп белгісінің 

бірі сөздік қазынасының сұрыпталуы мен толығуы болмақ. Қысқасы, 

бұл  жерде  әңгіме  жібі  қазақ  тілі  лексикасының  жаңа  бірліктермен 

толығуы, яғни қазақ тілінің баюы жайында өрілмек.

Жалпы тіл байлығы дегеніміз не? Әдетте байлық деп бір нәрсенің 

молдығын,  көптігін  айтамыз.  Ал  біртіндеп  санауға,  салмақтап  өл- 

шеуге  көп  келе  бермейтін  құбылыстардың  байлығы  мен  кедейлігін 

қалай  білуге  болады?  Тіл  де  –  қолға  ұстап  санайтын,  безбенге  са-

лып өлшейтін деректі зат емес. Дегенмен оның бір-екі деп санауға 

келетін  құрамды  бөлшектері  де  мүлде  жоқ  емес.  Бұлайша  санауға 

болатындар – сөздер мен оларды құбылтатын кейбір амал-тәсілдер. 

Сондықтан  тіл  байлығы  дегенде  әдетте  ойымызға  бірден  оның  сөз 

қазынасы келеді.

Белгілі  бір  тілдегі  жеке  сөздер  мен  лексикалық  тіркестері  сан 

жағынан неғұрлым көп болса, сол тіл бай тіл деп санаушылық бар. 

Әрине, әр заманға сай барша зат аттары мен барлық дерексіз ұғым 

атауларын білдіретін сөздердің жеткілікті болуын байлық деуге бола-

ды. Бірақ тілге келгенде, бірден-бір байлық – бұл ғана емес. Тіпті сөз 

саны қанша көп болғанымен, ол сөздердің «сүйегін» – шыққан тегін 

(төлтума  немесе  кірме  сөз  екендігін),  тұлғалық  «келбетін»  (табиғи 

немесе  жасанды  екендігін),  жұмсауға  қолайлы,  тыңдауға  жағымды 

(айтпақ ойды дәл, дұрыс беретін) болуын ескергенде, кейбір тілдер 

бір кезеңдерде санға бай болғанымен, сапаға жұтаңдау болуы және 

мүмкін. Дегенмен тілдің лексикалық қабатын молықтыратын фактор-

ларды танудың, танытудың ерекше мәні бар.

Қазақ тілінде сөз қазынасының молаюы соңғы бір ғасыр бойында 

ерекше көзге түсерліктей дәрежеде көрінді. Жоғарыда айтылды, мо-

лаю процесін тек сан жағынан толығу деп түсінуге болмайды. Тілге 

келгенде,  сандық  көрсеткіштің  мәні,  біздіңше,  бірден-бір  шешуші 

рөл атқармайды. Қолданыстағы сөздердің бәрі – сол тілдің түбегейлі 

қазынасы  болмауы  мүмкін.  Айталық,  әр  алуан  себептермен  пай-

да  болып  жататын  лексикалық  варианттар  –  жарыспа  қолданыстар 



341

тілдің сөздік құрамын сан жағынан молайтады, бірақ ол қатарлардың 

барлығы  түгел  нормативтік  (нормалық)  статусқа  ие  болып,  әдеби 

тілден  берік  орын  алмайды,  өйткені  нақты  бір  зат  әдетте  бірнеше 

сөзбен  аталмайды  (бұл  жерде  номинатив,  яғни  нақты  затты  атай-

тын  немесе  денотатив,  яғни  тура,  негізгі  мағынасын  айтып  отыр-

мыз). Сондықтан орыс тілінде каток деп аталатын спорт орны өткен 

ғасырдың 70-90-жылдары айнамұз ~ мұзайдын ~ мұзойнақ ~ каток 

деп аталып жүрді, демек, бір атаудың орнына 3-4 сөз дүниеге келіпті. 

Бұл не? – сөздік қазынаның баюы ма, толығуы ма, дамуы ма әлде тек 

сан жағынан көбеюі ме? Мұндай көбею процесі тілдің ілгері, сапалы 

дамуына жата ма? деген сауалдар өз-өзінен туады.

Дегенмен тілдің сөздік қабатында сандық ұлғаю процесі сандық 

кему процесінен жоғары тұрады: өткен XX ғасыр мен алдағы уақытта 

тіл  тіршілігіне  ішкі-сыртқы  факторлардың  тигізетін  ықпалының 

түрлене түсуіне орай, адамзат қоғамы өмірінде пайда болып жатқан 

өзгерістер мен жаңалықтардың көптігіне және кейде олардың қауырт 

етек  алатын  сипатына  қарай  тілде  лексикалық  (атауыштық)  жаңа 

сөздердің орын алатындығы түсінікті.

Қазақ  лексикасында,  айталық,  XIX  ғасырдың  орта  тұсында 

жарық көрген Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі сөздігіндегі сөзтізбеге 

шығарылған  сөздер  қазіргі  сөздіктегілерден  әлдеқайда  аз  болуы  – 

XIX ғасырда қазақ сөзінің сан жағынан аз болып, қазір орасан өсіп 

кеткендігін  танытпайды:  бұл  айырмашылық  сөздіктердің  сипаты-

на (мақсатына), материалдың жиналу дәрежесіне т.т. қатысты екені 

даусыз,  әйтпесе  қазақ  тілінің  лексикалық  қоржыны  ертеден-ақ  бай 

болған. Осылай дей тұрсақ та, заман өткен сайын сөздік қазынаның 

сан жағынан молая түсу тенденциясын жоққа шығаруға болмайты-

нын мойындау керек.

Фрагментарлық  түрде  немесе  өзге  тақырыпты  зерттеу  үстінде 

жол-жөнекей  сөз  болып  келе  жатқанымен,  бұл  тақырыптар  бойын-

ша өз алдына монографиялық зерттеу еңбектері әлі де жоқ. Ең үлкен 

ғылыми  нысан  (ізденіс)  –  нақты  фактілерді:  жаңа  сөздерді,  жаңа 

тұлғаларды, жаңа қолданыстарды тіркеп, оларды саралап алу болмақ. 

Бұл ретте соңғы 20-30 жыл барысында нақты жұмыс жүргізіле ба-

стады: 1973-1983 жылдарындағы қазақ баспасөзі беттерінде, ішінара 

өзге де әдебиеттерде қолданылатын жаңа сөздер немесе жаңа мағына 

үстелген  байырғы  сөздер,  қысқасы,  жаңа  ұғым  атаулары  жинасты-

рылып,  түсініктерімен,  мысалдарымен,  орыс  тіліндегі  баламала-

рымен  тіркелген  «Қазақ  лексикасындағы  жаңа  қолданыстар»  де-

ген  басылымның  алғашқы  кітабы  1985  жылы  жарық  көрсе,  оның 

толықтырылған, яғни кейінгі жылдарда орын алған жаңа сөз бірліктер 

жиналған 2 және 3-басылымдары 1990, 1992 жылдары көпшілік на-

зарына ұсынылды.




342

Бұл  басылымдардың  «жаңа  сөздер»  деп  емес,  «жаңа  қолданыс- 

тар»  деп  берілуінің  мәні  бар.  «Қазақ  лексикасының  жаңа  сөздері» 

деп аталуы үшін олар әдеби тіл нормасына сай келіп, жазба әдебиет 

үлгілері  мен  ауызша  жұмсалатын  әдеби  тілімізде  жалпыға  ортақ 

түрінде айналымға (қолданысқа) түсуі керек. Ал баспасөз беттері мен 

радио, теледидар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында, әр алу-

ан оқулықтар мен көпшілікқолды ғылыми әдебиетте көріне бастаған 

жаңа  тұлғалардың  бәрі  сол  күйінде  сіңісіп  кетпейді.  Бұған  жаңа 

атаулардың екі-үш (кейде одан да көп) варианттары қатар түзілетіні 

де  себепкер  болады,  яғни  жаңа  ұғымның  немесе  бұрыннан  бар 

ұғымның жаңаша аталуының, әсіресе бұрын қолданып келген орыс 

сөздерін  қазақшалаудың  бірнеше  варианты  болды.  Ол  варианттар 

біраз  уақыт  әр  жерде  қатарласа  қолданыла  береді.  Мысалы,  бұрын 

«некролог» деп келген сөзді қазақшалап, бір жерде «азанама», тағы 

бірде «қазанама», келесі бір жерде «мынақып», тағы бір орындарда 

«некролог» деп осы күнге дейін қатарласа аталып келеді. Сол сияқты 

«овощъ» дегенді «жасылша», «көгеріс», «көкөніс» деп атап жүрміз.

Ал  енді  бірқатар  сөздің  варианттары  жоқ  болғанмен,  аса  сәтті 

еместігі оларды «жаңа сөз» деп тануға болмайтындығы байқалады. 

Мысалы, «газет» дегенді «үнқағаз», «стюардесса»-ны «аспансерік», 

«пассажир»  дегенді  «жүрісші»,  «включатель»  дегенді  «шыртет-

пе»  деп  жаңаша  атаудың  қаншалақты  сәтті  екенін  айту  қиын.  Сол 

сияқты «робот»-ты «құлтемір» (тіпті «көктемір» деген варианты да 

кездесіп қалды) деп жаңаша атау да – сәтті емес. Роботтар – жалаң 

темірден жасалатын «дене» емес және олардың қызметі құлдық емес, 

әдетте жаңа атау жасап тұрған сөздердің түпкі номинатив мағынасын 

сақтауы  –  шарт  емес,  дегенмен  жаңа  атау  мүмкіндігінше  беретін 

ұғымды сипаттайтындай, дұрыс танытатындай болуы керек.

Жаңа қолданыстарды өзге де тілдер тәжірибесіндегідей: мысалы, 

орыс  тіліндегідей:  «Новые  слова  и  значения»  (Словарь-справочник 

по материалам прессы и литературы 60-х годов. - М., 1971); «Новые в 

русской лексике» (Словарные материалы-77. - М., 1980, 1981, 1982); 

«Новые слова значения» (Словарь-справочник по материалам прес-

сы и литературы 70-х годов. - М., 1984) сияқты басылымдардағыдай, 

қазақ  дүниесінде  де  жаңа  қолданыстарды  тіркеп,  түсіндіріп,  мы-

салдарын  келтіріп  ұсынып  отыруды  бастағанымыз  да,  әрі  қарай 

жүргізіле беретіндігі де – құптарлық іс. Және жаңа сөздер мен жаңа 

мағыналарды  жинастыруды  кезеңдерге  орай,  айталық,  әрбір  10-15 

жыл  барысындағы  лексикалық  жаңалықтар  деп  жүргізген  тиімді. 

Мұндайда  ең  соңғы  жаңа  бірліктермен  қатар,  мұның  алдындағы 

онжылдықтарда пайда болғандарының орнығу немесе ығысу процесі 

көрінетін  болады,  бұрын  сәтсіз  шыққандарының  алмастырылғаны, 

кысқасы, «қозғалыс» сипаты айқындала түседі.




343



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет