Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


құрама  бірліктердің  де  сөздігін



Pdf көрінісі
бет279/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   284
құрама  бірліктердің  де  сөздігін  түзу  өте  қажет.  Алдымен,  бұлар 

да  –  неологиялық  қазына  және  сан  жағынан  айтарлықтай  мол.  Бір 

ерекшелігі – құрама (аналитикалық) жаңа бірліктерді бірден тауып-

тану  қиындау,  олардың  жаңалық  сипатын  тану  үшін  олар  атайтын 

зат,  ұғым,  құбылыстардың  жаңалығына  назар  аудару  керек.  Зерт-

теп отырған кезеңге дейінгі қолданылған-қолданылмағанын мұқият 

іздестіру  керек.  Аналитикалық  тәсілмен  жасалған  жаңа  бірліктер 

тек зат атауын емес (яғни зат есім ғана емес), қимыл, іс-әрекет ата-

уы да болуы мүмкін, сындық бағалауыштық (сын есім, үстеу) сипат-

ты болуы да мүмкін. Бұл категорияның өзі жақсы зерттелген, таныс 

болғанымен, әр кезеңге қарай жаңалары мен ескілері қайсылар де-

ген  тақырып  –  өз  алдына  жеке  зерттелген  емес.  Алдымен,  зерттеу 

жұмысы  керек,  содан  соң  1970-1990  жылдардағы  және  1990-2010 

жылдардағы жаңа тіркестердің сөздігін түзу – алдағы міндеттердің 

бірі.  Жаңа  тіркес  бірліктер  лексикалық  тіркес  те,  фразеологиялық 

тіркес те, анықтаушы-анықталушы болып келетін тұрақты тіркес те 

болуы  мүмкін.  Осыларды  сүзіп,  тізіп,  хатқа  түсіріп,  сөздігін  түзіп 

ұсынар болсақ, қазақ тілінің сандық байлығы да, сапалық әлеуеті де 

нақты көрінері даусыз.

Аталған сөздіктердің бізде әзірге «жаңа қолданыстар» түрі ғана 

дүниеге келді (бірақ ол да XX ғасырдың 90-жылдарына дейінгі мате-

риалдар бойынша түзілген сөздік болатын). Қалғандары әзірге бізде 

жоқ.

Лексикографияның  өмірден  («тіл  тіршілігінен»)  артта  қалып 



отыратыны белгілі. Бұл – тек қазақ халқы мәдени дүниесінде емес, 

барлық тілдердің тарихында да көрініп келген құбылыс.

Қысқаша қорытсақ, мыналарды айтуға болады:

1.  Бүгінгі  қазақтың  ұлттық  әдеби  тіліндегі  жаңалықтар  деген 

әңгімені (тақырыпты, құбылысты) зерттеу, тану-таныту тұрғысынан 

қозғағанда, тек соңғы 5-10, әрі кеткенде 15-20 жыл барысындағы тіл 

болмысына,  оның  прагматикалық  жай-жапсарына  қарата  жүргізу 

керек. Тілдегі, оның лексикалық қабатындағы ескіліктер мен жаңа- 

лықтар,  әсіресе  жаңа  қолданыстар  (ізденістер)  тек  қана  белгілі  бір 

кезеңдерге қарай сөз етілуі керек.



410

2. Кірме сөз бен интернационалдық сөздер – бір нәрсе емес. Екеуі 

де  –  бөгде  тілдік  бірліктер  болғанмен,  олардың  қабылдаушы  тілде 

қолданылу реттері, ортақтық сипаты, кездесетін орындары бір-бірінен 

өзгеше болып келеді. Дегенмен қазіргі тілдерде халықаралық ортақ 

сөздердің бір алуаны барлық параметрі жағынан кірмелік сипатқа ие 

болып кеткені байқалады. Интерсөздер әдетте соларды пайдаланушы 

тілдің сөздік қазынасынан алшақ тұрса, бүгінгі қоғам өмірінің саяси, 

экономикалық, мәдени, оқу-ағарту салаларында аса жиі қолданылып, 

өзге тілдік баламасын қажет етпейтін сөздер болғандықтан, біз олар-

ды лексикалық кірме қабатына қосқанды жөн көрдік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет