УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
С 94
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
аясында шығарылды
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Жауапты шығарушы: филология ғылымдарының докторы О.Жұбаева
Сыздықова Рәбиға
С94 Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-ХІХ ғасырлар): Көптомдық
шығармалар жинағы /Рәбиға Сыздықова / – Алматы: «Ел-шежіре»,
2014.
ISBN 978-601-7317-88-1
Т. 3: – 352 бет.
ISBN 978-601-7317-91-1
Оқулықта қазақ әдеби тілінің ХV-ХІХ ғасырлардағы тарихы
белгілі бір бағдарламамен жүйелі түрде баяндалады. Қазақтың әдеби
тілін танытатын үлгілер мен олардың тілдік-көркемдік белгілері
сипатгалады. Санғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамдарға
қызмет етіп отырған, мемлекетгік тіл статусына ие болған қазақ тілі
сияқты ірі тілдің бірнеше ғасырлық тарихын тану үшін бұл кітап – тек
студенттер қауымы ғана емес, өз ана тілін қадірлейтін әр адам үшін
пайдалы еңбек.
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
ISBN 978-601-7317-91-1 (Т.3) © Сыздықова Р., 2014
ISBN 978-601-7317-88-1 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014
3
АВТОРДАН
Қазақ қауымының ру-тайпалық кезеңдерінен бастап,
оның халық болып құралған дәуіріндегі және ұлттық дамуы
тұсындағы тілінің жалпы тарихын зерттеу де, оның әдеби
түрінің даму барысын танып-білу де соңғы 40-50 жылдың
ішінде ғана қолға алына бастады. Бұл салада ғылыми негізде
жазылып, жүйелі түрде баяндалған тұтас курстар кейінгі
10-15 жылда пайда бола бастағанымен, бұған дейін де қазақ тілі
тарихының жеке проблемалары, белгілі бір кезең-дәуірлердегі
күй-қалпы, Абай, Ыбырай сияқты қалам иелерінің әдеби тілді
дамытудағы қызметі мен орны тәрізді мәселелер ғылыми
ізденістердің, нақты талдаулардың объектісі болып келді.
Әсіресе қазақ тілінің соңғы екі-үш ғасыр барысындағы күй-
қалпы (статикасы) мен даму барысын (динамикасын) танып-
білуде Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Қ.Жұмалиев,
А.Ысқақов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, Ә.Құрыш-
жанов, Қ.Өмірәлиев, Ш.Ш.Сарыбаев, С.Исаев, Е.Жанпейісов,
М.Томанов, С.Хасанова, Ғ.Қалиев, Е.Жұбанов, Б.Әбілқасым-
овтардың еңбектері елеулі үлес қосып отыр.
Ана тілінің тарихын білу әркімге де қажет. Әсіресе «Қазақ
әдеби тілі тарихы» атты курс өтілетін университеттер мен
педагогикалық институттардың мұғалімдері мен студенттері
қазақтың жалпыхалықтық тілінің және әдеби тілінің даму та-
рихын баяндайтын жұмыстарға өте-мөте зәру.
Санғасырлық тарихы бар, миллиондаған адамға қызмет
етіп отырған, мемлекеттік тіл статусына ие болған қазақ тілі
сияқты ірі тілдің тұтас тарихын таныту үшін, оның белгілі
бір кезеңдердегі күй-қалпын сипаттау, жеке ескерткіштердің
тілін талдау, функционалдық стильдерінің пайда болып, әрі
4
қарай қалыптасуын зерттеу, жеке қаламгерлердің үлесі мен
рөлін көрсету сияқты жұмыстардан бастап, әдеби тілдің
өзінің статусын айқындау, даму кезеңдерін дәуірлерге бөлу,
әр кезеңдегі даму принциптері мен бағыттарын дұрыс табу
тәрізді қыруар мәселелерді шешіп алу керек болады. Осы
мақсатпен бірсыпыра жұмыстар жүргізіліп келеді. Солардың
бірі ретінде осы еңбек толықтырылып, ұсынылып отыр. Мұнда
қазақ әдеби тілінің XV-ХIX ғасырлардағы тарихы белгілі бір
бағдарламамен жүйелі түрде баяндалады.
Ең алдымен, ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілін та-
нытатын үлгілер мен олардың тілдік-көркемдік белгілері си-
патталады. Қ.Өмірәлиевтің «XV-ХIX ғасырлардағы қазақ поэ-
зиясының тілі» атты арнайы зерттеуінде ілгергі ғасырлар-
дағы қазақ көркемсөзінің тілі поэтика тұрғысынан талданған
болатын, бұл кітапта қазақ поэзиясы жанрларының тууы тари-
хи дамуы жағынан сөз болды. Ал осы ғасырлардың барысын-
дағы қазақ поэзиясы үлгілерінің таза әдеби тіл тарихы курсы-
ның материалы ретінде талданып, баяндалуы осы оқулықта
тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Қазақ әдеби тілінің даму жолы қазақтың көркем әдебиеті
тарихымен ұштасып жатқандығы, оның көптеген мәселелері
қазақ поэзиясы тарихын танып-білумен шешілетіндігі мәлім.
Сондықтан біз бұл жұмысымызда қазақ әдебиетшілерінің
еңбектерін бірден-бір тірек еттік. Бұл ретте М.Әуезов,
Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсембаев, Қ.Мұхаметханов,
М.Мағауин, М.Жолдасбеков, Х.Сүйінішәлиев, Ә.Дербісалин,
Қ.Сыдиықов т.б. сияқты ғалымдардың талдаулары мен тұжы-
рымдарына сүйендік. Сондай-ақ жоғарыда аталған тіл маман-
дарының да пікірлері мен нақты зерттеулері осы кітаптың
жазылуына, ондағы көптеген жайттардың толығырақ баян-
далып, дәлірек сипатталуына зор көмегін тигізді. Ал Абай-
дың қазақ әдеби тілінің даму барысындағы орны мен қыз-
метін танытуда үстіміздегі ғасырдың ең басында жазылған
Әлихан Бөкейхановтың мақаласынан бастап, Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың, Ахмет Байтұрсыновтың (екеуі де 1913
жылы жазылып жарияланған) көлемді мақалалары және ұлы
5
ақынның дүние салғанына 30 жыл толуын атаған 1934 жылы
арнайы жазылып, жарияланған Мұхтар Әуезовтің, Құдайбер-
ген Жұбановтың, Ілияс Жансүгіровтің, Зейін Шашкиннің,
Есмағамбет Ысмайыловтың, Темірғали Нұртазиннің аса
құнды ғылыми еңбектері (мақалалары) бізге үлкен негіз бол-
ды, пікір тізгінін ұстатты. Ал осы кітаптың теориялық сәттері
мен методикалық тәсілдерінде отандық тіл білімінің, оның
ішінде орыс лингвистикасының қағидалары негізге алынды.
Бұл жұмыс – біздің бірнеше жыл бойындағы ізденістеріміз-
дің жемісі. Осы еңбектің басты-басты нәтижелері өзге автор-
лармен (М.Балақаев, Е.Жанпейісов) бірлесіп жазған «Қазақ
әдеби тілінің тарихы» атты кітапта (1968 жылы шыққан) және
журналдар мен жинақтарда әр кез жарияланып келген ғылыми
мақалаларымызда жұртшылық талқысына ұсынылған бола-
тын. Нәтижесінде 1984 жылы «XVIII-ХIX ғғ. қазақ әдеби
тілінің тарихы» деген атпен жоғары оқу орындарының филоло-
гия факультеттеріне арналған оқулық ретінде жеке кітап жарық
көрді. Бұл басылым – осы кітаптың едәуір толықтырылған,
XV-ХIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы кеңірек
баяндалған нұсқасы.
Жұмыста талданған, мысалға келтірілген материалдар XIX
ғасырдың екінші жартысы мен Қазан революциясына дейін
қазақ тілінде жарық көрген кітаптар мен хрестоматиялар-
дан, XIX ғасырдағы қазақ баспасөзі мен лексикографиясынан
(сөздіктерінен) және кеңес дәуірінде шыққан кітаптар мен
жинақтардан алынды. Араб жазуымен келген мәтіндер қазір-
гі қазақ графикасына көшіріліп берілді, олар мүмкіндігінше
араб әрпімен берілген тұлғасына жуықтатылып жазылды.
XIX ғасырда кейбір қазақ жазбалары үшін қолданылған орыс
графикасының айрықша таңбаларын сол күйінде көрсету
мүмкіндігі болмады.
Кітап, бір жағынан, жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінің пайдалануына арналғандықтан, «Қазақ әдеби
тілі тарихының» бағдарламасына сәйкестендіріле жазылды.
Автор бұл еңбекте қазақ тілінің бес ғасырлық тарихының
барлық қыр-сыры түгел ашылып, толық зерттелді деген ой-
6
дан аулақ. Бірқатар тақырыптар әлі де толықтыра түсуді, тал-
дай түсуді талап етеді. Кейбір жеке тақырыптардың әлі де
жан-жақты зерттелмей келе жатқандығы, лингвистикалық
нұсқалардың (көздердің) біразының күні бүгінге дейін қазақ
зерттеушісінің қаламына ілікпей отырғандығы және едәуір
жайттарға қатысты пікір таласышың орын алуы – осылардың
баршасы ана тіліміздің өткен кезеңдердегі жай-күйін дәл,
толық түрде сипаттауға мүмкіндік бере бермейтіндігін де мой-
ындаймыз. Сондықтан қазақ әдеби тілі тарихының курсын
әлде де жақсарта беру ниетімен пікір айтатын ғалымдар мен
оқытушыларға және басқа да оқырмандарға автор алдын ала
алғысын білдіреді.
7
Достарыңызбен бөлісу: |