Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет5/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

Виноградов В. В. Проблемы литературных языков... - С. 64.


14
мулалар: әртүрлі образдар, ортақ тұстар, негізгі поэтикалық 
үлгілер, композициялық тәсілдер тұрақты болып келеді
22
, ал 
қазақтың ақын-жыраулары тілінде бұлардың болуы – міндетті 
емес. Қайткен күнде де ақын-жыраулардың әрқайсысына тән 
өзіндік сөз қолданыстары бар екендігі хақ. Мысалы, Махамбет 
пен Дулатты, Марғасқа мен Бұхарды, Шернияз бен Шортан-
байды тақырыптары, суреткерлік үндері, стильдері жағынан 
бір-бірімен шатастырмаймыз.
Ал ертеректегі Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуғандардың тілі 
мен қолтаңбалары (көркемдік стильдері) бір-біріне ұқсас 
келіп жатса, мұны олардың өлең-толғауларының идеялық-
мазмұндық жақындықтарынан және, ең бастысы, ертеректен 
ауызша таралып, араласып кеткендіктен көру керек болар.
3. Ақын мен жырау поэзиясында уақыт пен мекенге қарай 
нақтылық, адамның ішкі дүниесін суреттеушілік, лиризм са-
рыны фольклорға қарағанда күшейе түседі. Бұлар – ауыз 
әдебиетіндегі тілдік дәстүрден бірте-бірте қол үздіре бастай-
тын, суреттеудің жаңа амалдарын тудыратын сәттер. Демек, 
бұл – авторлы поэзия тілінің лексика мен грамматика сала-
сында да жалпы поэтикалық мүмкіншіліктері байи түсті деген 
сөз. Ақын-жыраулар тілінің осы белгісі халық ауыз әдебиеті 
тіліндегі біршама қасаңдықты (консервативтікті), дәстүрлік-
тілдік шектеушілікті бұзып, оның құрсауынан босаттырады.
4. Әрбір ақын немесе жыраудың қабілетіне орай өлең-жыр 
шығарушылық ерекшелігі өлең техникасына шым-шымдап 
жаңалықтар, даралықтар қосады, яғни авторлы поэзия ұйқас 
таңдау, синтаксистік және ырғақтық топтарды пайдалану 
сияқты салаларда ауыз әдебиеті тілі шеңберінен шығып кетеді.
Осы көрсетілгендер – бұл екі саланың бір-бірінен ажыра- 
тылуға тиіс айырым белгілері болса, сонымен қатар олардың 
бір-біріне ұқсас ортақ тұстары да айтарлықтай. Олар мыналар:
1. Ең басты ортақ белгі – екеуінің де ауызша таралып, ау-
ызша сақталуында. Осының салдарынан заман озған сайын 
олардың текстері біртіндеп «редакцияланып», там-тұмдап 
жаңғыртылып отыру фактісі бар. Сондықтан бұларда көне 
22
Десницкая А. В. Наддиалектные формы устной речи и их роль в истории языка. 
- Л., 1970. - С. 33-34.


15
тұлға-тәсілдермен қатар, жаңа сөздердің, тіркестердің, бергі 
замандарға тән тәсілдердің орын алуы – заңды. Бірақ (модер-
низация,) біздің байқауымызша, түп-түбегейлі емес. «Ауызша 
баспаның» қолайсыздығынан жеке шумақ-тармақтардың кейде 
тіпті тұтас мәтіндердің иесінен айрылып, «көшіп» жүруі де – 
мүмкін құбылыс. Осындай көшпелі тармақтар мен мәтіндер 
кейбір өлең-толғаулардың авторлығына күмән келтіртіп, 
оларды ауыз әдебиеті нұсқаларына ұқсастырып, кейде тіпті 
көшіртіп жібереді.
2. Қазақ ақын-жыраулары тілінің қайнар көзі мен сөз мүсі- 
нін жасайтын қалыбы – ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті
тілі болғандықтан, кейбір суреттеу құралдары жағынан бұлар 
ұқсас түседі. Оның үстіне ауыз әдебиетінің эпос сияқты қо- 
мақты дүниелерін тудырушылар немесе оларды сақтап тара- 
тушылар, бір жағынан, жыраулар болғандықтан, қазақ сөз 
өнерінің барша көркемдік қоймасы әрдайым олардың жадын- 
да сақталып, ауыздарына оралып тұратындығы да – ақын- 
жыраулар туындылары мен фольклор тілдерін жақындас- 
тыратын себептердің бірінен табылады.
3. Айтыстарда, кейбір тұрмыс-салт жырларында, жырау 
толғауларында орын алатын қолма-қол суырып салмалық 
(импровизация) тәсілі ақын-жыраулар тілін халық поэзиясы
дәстүрімен берік байланыстырады, өйткені импровизация 
табиғаты табан аузында тауып айтуға дайын штамптарды
қол көреді. Бұл да, сөз жоқ, кейбір авторлы айтыстарды, тол- 
ғауларды, бата-тілектерді фольклор дүниесіне немесе өзге 
авторларға ұқсаттырып, жақындық туғызады.
Осындай өзгешеліктері мен ұқсастықтарын есептей оты-
рып, қазақтың авторлы әдебиетін «халық ауыз әдебиеті» деп
емес, профессионал әдебиет деп, ақын-жырауларды «өлең- 
шілер» деп емес, профессионал қаламгерлер деп тану қажет. 
Егер олар тек ауыз әдебиетін жасаушылар және таратушы-
лар ғана болса, онда орыстың сказительдерінің қатарында 
тұрулары керек, ал мұның шындыққа жанаспайтындығын 
жоғарыда көрсетілген «Қазақ әдебиеті тарихының» I томы 
авторларының өздері-ақ мойындауға мәжбүр болып отыр: 
«Қазақ ақындарының өнерінде (шеберлігінде) профессиона-


16
лизм элементтері, орыс сказительдеріне қарағанда, әлдеқайда 
анық сезіледі, қазақ ақыны өткен ғасырда (тек қана өткен 
ғасырда ма екен? – Р.С.) әдебиетке жуық тұрды»
23
дегенді ай-
тады олар. Сөз жоқ, қазақтың ақын-жырауларын мұраттары 
мен міндеттері жағынан сказительдермен шендестіруге тіпті 
де болмайды. Сказительдерге ақын-жыраулар емес, жыршылар 
жуық келсе керек.
Қысқасы, қазақта халық ауыз әдебиетінен өзге, бірақ оған 
едәуір белгілермен ұқсас келетін профессионал әдебиетте өмір 
сүріп келді (тіпті бұлар біздің кездерімізге дейін жетіп отыр), 
оның тілі әдеби тіл санатына кіреді деп табу керек. Бұл тілді, 
бір жағынан, халық ауыз әдебиеті (фольклор) тілінен, екінші 
жағынан, жазба әдеби тілден айырып тану үшін, біз бұрынырақ 
оған «қазақтың (төл) жазба тілі алдындағы әдеби тіл» деген 
термин ұсынған едік
24
. Әрине, дұрысы– «ауызша әдеби тіл» де-
ген атау болар еді, бірақ бұлайша атаудың бір ыңғайсыздығы 
– оның «ауыз әдебиеті тілі» деген ұғыммен шатастыру қаупі 
барлығында, дегенмен осы кітапта қазақ әдеби тілінің бұл 
типін «ауызша әдеби тіл» деп атап отырмыз. Әдебиетшілер 
тарапынан да, тіл мамандары жағынан да құбылыстың өзін 
мойындағанмен, яғни өткен ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулар 
шығармашылығын әдебиет қатарында қарастырғанмен, бұл 
әдебиетті әркім әртүрлі атап жүрген жайлары бар. Мыса-
лы, Қ.Жұмалиев Абайға дейінгі әдебиетті «қазақтың тарихи 
әдебиеті» деп
25
, Қ.Өмірәлиев «қазақтың азаматтық поэзиясы» 
деп
26
, А.Ысқақов пен Е.Жұбанов «жалпыхалықтық әдебиет» 
деп
27
атап кетеді. Ал осы әдебиеттің тіліне бұл ғалымдардың 
ешқайсысы арнайы термин ұсынбайды.
Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысынан басталатын қазақтың 
төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тараған әдеби 
23
История казахской литературы. - Алма-Ата, 1968. - Т. I. - С. 387.
24
Сыздықова Р. Әдеби тілдің статусы // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. - 1979. - № 
96. - 57-б.
25
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының 
тілі. - Алматы, 1960. - 144-б.
26
Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. - Алматы, 1976. - 
20-б.
27
Ысқақов А. Әдеби тіліміздің дамуы //Қазақ әдебиеті. - 1962, 16 ноябрь; Жұбанов 
Е. Қазақ ауыз әдебиеті және әдеби тіл // Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму 
жолдары. - Алматы, 1981. - 149-б.


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет