Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет88/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

жаратпай, таратпай...
Және бір ерекше көрсететін нәрсе – әр шоғырдың ең соңғы 
тармақтары өзара ұйқасып (қылаң ба, ұлан ба, Тұранда, қараңға, 
мұнан да, бұлан да, құлан да, қыран да) өлең тұтастығын жа-
сайды. Бұл – нағыз жазба поэзияның белгісі. Мұның жүйеге 
айналып өте айқын көрінген тұсы – Абайдың өлеңдері. Абай 
шоғырды тек сыртқы көрінісі – ұйқас бірлігі арқылы емес, 
мағыналық- экспрессивтік, яғни модальдық реңкі жағынан өз 
алдына дербестік сипат беру арқылы да жетілдірген (мысалы, 
«Болыс болдым, мінекей» деген өлеңін алыңыз).
Шумақсыз (астрофикалық) дүниелердің мұндай мазмұндық-
композициялық тұтастықтарға
157
ажыратылуы Дулатта едәуір 
кездеседі. «Жау көргенде көздейсің» деген өлеңі – 3 шоғыр, 
олар өз ішінен бір ұйқаспен шоғырланса, әр шоғыр соңғы 
ұйқастары арқылы байланысып, өлең тұтастығын құрап тұр.
Ал бірқатар өлеңдері шоғырларға бөлінгенмен, әр шоғыр- 
дың соңғы жолдары ұйқаспайды, демек, бұл арқылы өлең 
тұтастығы берілмейді (ол – әрине, шарт та емес). Мысалы, 
«Сөзім бар да, көзім жоқ» өлеңі, біздіңше, 4 шоғырдан тұрады. 
«Күнәм жойқын, тәубем аз» деп басталатын жыры 6 жол –
бір шоғыр, әр шоғырдың мағыналық та, ұйқастық та тұтас- 
157
Бұл да – біз ұсынған термин: орыс филологиясында «синтаксическое целое» дегенді 
синтаксистік тұтастық деп, ал жалпы поэзиядағы «целое» деген терминмен аталатын 
категорияларды тұтастық дегенді жөн көреміз.


199
тығын сақтаған. Ақынның «Қылығың қылжақ туысқан» 
өлеңі де 9 шоғырдан тұрады, бұл туындының тақырыптық-
композициялық құрылысы тіпті қызық: алғашқы шоғыр – 
кіріспе: онда, негізгі идея айтылады, ол – өзін қоршаған «бәрі 
тегін жертезек» сияқты қылығы «қылжақ туысқан, қырт пен 
мылжың ағайынның» қайсысын таңдап алайын деген күңі- 
реніс, келесі шоғырлардың әрқайсысы солардың топ-топ- 
тары: «шаруа десе – жиреңдеп, қымыз аңдып қыдырған» ұл, 
«аңдығаны мал болған» бай, «шешесін тыңдамай кеткен қыз», 
содан соң осылар құраған заман сипаты – «қайран талай жыл», 
«шарғы соққан із», «ұлғайып пәле қау басып, зая кеткен дәм 
мен тұз», «ер шөгіп, есер ер жеткен қайран заман». Бұл – 
нағыз профессионалдық сауатты, мәдениетті поэзия үдесінен 
шыққан құрылым. Дулаттың көп өлеңі осылайша жазба поэзия 
үлгісінде туған.
Көркемсөз дүниесіндегі жаңалықтардың бірі – образдар
саласында. Образ тіл элементтері арқылы жасалады. Соны
образ тілдік тұлғалар мен тәсілдерде өзгерістер мен жаңа- 
лықтар әкеледі. Дулат бұл орайда да екі қырынан көрінеді: 
бірі – бұрынғы қазақ поэзиясы қолданып, қазақ әдеби тілінде 
нормаға айналған материалды еркін және орынды (шебер) 
пайдаланған тұста, екіншісі – тың, жаңа сападағы образдарды 
ұсынған сәттерінде.
Бірінші орайда Дулат қара қылды қақ жару, арғымақ аттай 
аңқылдау, қыран құстай саңқылдау, көл қорыған қызғыштай, 
еңбегі еш, тұзы сор, бел шешпей жорту, айдын ала ту алып 
жауға тию немесе ту ұстап тұлпар жарату, азуын айға білеу 
сияқты кәнігі образдарды пайдаланады.
Тіпті кей тармақтарда:
Толғаулы найза қолға алып,
Тұйғын құстай толғанып,
немесе:
Түйені жұтсаң – түгімен
Бәлені жұтсаң – бүгімен...
Алты малта ас қылып,
Сары садақ асынып,


200
Егескен жауды қашырып...
Белін шешіп жатпастан...
Аққудайын таранған,
Өкшесіне қарайған... –
деп, халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі дайын клишелерді 
келтіреді.
Тек поэтикалық образдарды ұсынуда емес, жалпы тұрақты 
тіркестер мен дәстүрлі эпитетпен келген тіркестерді пай-
далануда да Дулат, ең алдымен, өзіне дейінгі қазақ әдеби 
тілінің бай қазынасына иек артады. Оның өлеңдерінде орны-
мен жұмсалған: тұғырдан түсу, шепті бұзу, олжаны ортаға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет