Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


§3. Қазақ әдеби тілінің функционалдық



Pdf көрінісі
бет10/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   180
§3. Қазақ әдеби тілінің функционалдық
стильдерге тарамдалуы
Зерттеушілер  әдеби  тілдің  стильдік  тарамдалуына  жанр 
принципін  негіз  етеді.  Соған  орай  көркем  әдебиет  жанры-
на  көркем  әдебиет  стилі,  қоғамдық-публицистика  жанрына 
публицистика стилі, тағы сол сияқты әр жанрға әр стиль сай 
келмек.  Тілдің  функционалдық  стилі  дегеніміз  –  жоғарыда 
көрсетілгендей,  әдебиеттің  белгілі  бір  жанрына  немесе 
әлеуметтік  іс-әрекеттің  белгілі  бір  саласына  (мысалы,  ресми 
стиль,  кеңсе  стилі,  телеграф  стилі  деген  сияқты)  я  болмаса 
қоғам  тіршілігіндегі  белгілі  бір  ситуацияға  (мысалы,  салта-
натты стиль, сыпайы стиль т.т.) сәйкестендіріліп қалыптасқан 
тұлға-тәсілдер  жүйесі,  семантикасы  мен  экспрессиясы 
жағынан  біршама  тұйықталған  (әр  стильге  қарай  іріктелген) 
тілдік құралдар тобы
37
.
Демек,  тілдің  функционалдык,  стильдері  –  ең  алдымен,  
оның  әдебиет  жанрына  қарай  ажыратылған  тарамдары. 
Стильді сөз еткенде, тілдің барлық элементтерін қамтуға тура  
келеді:  «Стиль  ойды  білдіру  құралдарының  жүйесі  ретінде, 
тіл  құрылымының  барлық  элементтерін:  дыбыстарды  
37
 Виноградов В. В. О задачах истории русского литератур ного языка // Известия 
АН СССР. - ОЛЯ, 1946. - Т. V. - Вып. 3. - С. 295.


28
да, грамматикалық тұлғаларды да, сөз қазынасын да, фразео- 
логиялық тіркестерді де және осы салалардың композициялық-
синтаксистік жағынан құрылу тәсілдерін де қамтиды».
38
Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің құрылы- 
сы, саны, сипаты және иерархиялық сатысы (қайсысы басым 
болтаны) барлық дәуірде бірдей болмағаны сөзсіз.
Ауызша  әдеби  тілдің  стильдік  тарамдары  негізінен  екі 
үлкен  топқа  бөлінді.  Олар:  көркем  әдебиет  стилі  мен  ауыз-
ша сөйлеу стилі. Көркем әдебиет стилі поэзия жанрының сөз 
үлгісі  арқылы  дамыды.  Сондай-ақ  шешендік  сөздер  деп  ата-
латын ұйқасты-ырғақты проза және ертегілер болып ауыздан 
ауызға  тарады.  Ал  ауызша  көркем  сөйлеу  стилін  ұрпақтан 
ұрпаққа  ауызша  таратылып  келген  шежірелер  мен  қарасөз 
түріндегі дидактикалық ақыл сөздер танытты. Көркем әдебиет 
стилі ауызша әдеби тілдің басты (доминант) стилі болып келді. 
Ауызша  әдеби  тілдің  айқын  ажыратылған  публицистикалық, 
ғылыми, кеңсе іс-қағаздары стильдері болған жоқ.
Ал  қазақ  жазба  әдеби  тілінің  ұлттық  кезеңіне  дейін  жар-
тылай  ғылыми  әдебиет  стилі,  ресми  іс  қағаздары  стилі  және 
эпистолярлық  (хат-хабарлар)  стильдері  болды.  Жартылай 
ғылыми стиліне жазба шежірелер мен мұсылманша діни әдебиет 
жатса, ресми құжаттар стиліне әр алуан кеңсе қағаздарының, 
үкіметтің  басқару  орындары  тарапынан  берілетін  түрлі 
бұйрық-  жарлықтар,  ережелердің  тілі  жатады.  Эпистолярлық 
стильді  хаттар  немесе  біреуге  арналып  жіберілген  жазбалар 
(послания)  тілі  танытады.  Бұлардан  басқа  өткен  соңғы  екі 
ғасыр ішінде қазақ топырағында (қазақ тілінде) діни әдебиет 
үлгілері болды. Олардың дені мұсылман дінін, біразы христи-
ан  дінін  уағыздайтын,  түсіндіретін,  баяндайтын  шығармалар 
түрінде көрінді. Діни тақырыптағы әдебиеттің басым көпшілігі 
(«Шариғат ул-ислам», христиан дінін уағыздайтын кітапшалар 
т.б.)  проза  жанрында  болса,  кейбіреулері  поэзия  түрінде 
кездеседі. Сөз жоқ, қазақша теологиялық әдебиеттің де өзіне 
хас стильдік белгілері болғанын айту керек. 
Қазақ  тілінің  осы  күнгі  стильдік  тарамдалуының  басы 
XIX  ғасырдың  II  жартысына  тура  келеді.  Бұл  тұста  қазақ 
38  
Сонда, 230-б.


29
тілінде мерзімді баспасөз пайда болды, соған орай әдебиеттің 
қоғамдық-публицистикалық  жанрының  іргетасы  қалана  ба-
стады. Бұл жанр қазақша публицистикалық стильдің алғашқы 
үлгілерін туғызды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарынан 
бастап,  қазақ  тілінде  көпшілікке  арналған  жартылай  ғылыми 
әдебиет  жанры  жанданды.  Мысалы,  сол  кездегі  қазақ 
қауымында  жиі  кездесетін  адам  мен  малдың  ауру-індеттері, 
қазақ қоғамының экономикасы (мысалы, кейбір кәсіптер тура-
лы), мәдениеті т.б. жайында жарық көрген кітапшалар – қазақ 
тіліндегі  ғылыми-көпшілік  әдебиеттің  алғашқы  көріністері 
(«Трахома деген жаман көз ауру», «Жамандату, күйдіргі тура-
сында», «Егіншінің қызмет аты жайында» т.б.). Бұл стильдің 
едәуір етек жая бастаған тұсы – ХX ғасырдың басы, ал нағыз 
өркендеген, айқындалған дәуірі – қазіргі кезең.
Сондай-ақ  көркем  әдебиет  стилінің  де  проза  жанрын 
қамтып, әлдеқайда дами түсуі XIX ғасырдың орта тұсынан ба-
сталады. Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен себепші 
болды.  XX  ғасырдың  басы  –  қазақ  көркем  әдеби  стилінің 
бірсыпыра күшейген, өз ішінен тарамдалған тұсы. Осы кезеңде 
проза, драматургия жанрларына сай белгілер пайда болып, әрі 
қарай  дамыды,  стильдер  жігі  айқындала  түсті.  Сөйтіп,  XIX 
ғасырдың  II  жартысында  қазақтың  ұлттық  әдеби  тілінің  мы-
надай функционалдық стильдері болды: көркем әдебиет стилі, 
публицистикалық  стиль,  жартылай  ғылыми  стиль,  ресми  іс-
қағаздары стилі, эпистолярлық стиль.


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет