Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


§ 8. Сөз тудыру тәсілдерінің нормалануы



Pdf көрінісі
бет112/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   180
§ 8. Сөз тудыру тәсілдерінің нормалануы
XIX ғасыр I жартысындағы қазақтың төл әдеби тілінде сөз 
тудырудың ең өнімді тәсілі – бұрынғыдай жұрнақ жалғаушы- 
лық  (аффиксация).  Одан  қалды,  сөз  мағынасын  ауыстыру 
(жаңғырту) амалы едәуір орын алады. Өткен дәуірлермен са- 
лыстырғанда жұрнақ жалғау арқылы сөз жасауда жұрнақтар- 
дың көбейе түскені және кейбір жұрнақтардың беретін мағы- 
наларының түрлене және тұрақтала түскені байқалады.
Бұл кезендегі ең актив жұрнақ – -лық. Оның басты қызметі 
– дерексіз зат есім тудыру. Біз талдап отырған кезең үлгілерін- 
де  -лық  аффиксімен  келген  сөздердің  дені  тілде  бұрыннан 
барлар:  жалғыздық,  жақсылық,  жамандық,  хандық,  ұрлық, 
кәрілік, жастық, кедейлік, жарлылық т.т.
Бұл  жұрнақтың  қолданылуына  қатысты  екі  жағдайға  на-
зар аударуға болады: бірі – онымен келген дерексіз есімдердің  
сан  жағынан  едәуір  көбірек  қолданылғандығы.  Бұрыннан  
тілде  бар  (немесе  болу  мүмкіндігі  бар)  болғанымен,  ептілік, 
даналық, әділдік, адалдық, арамдық, қайырымсыздық, тыныш- 
тық,  жетімдік,  қорқақтық,  шешендік,  сұлулық,  албырттық 
сияқты  сөздер  XIX  ғасыр  әдеби  тілінде  еркін  және  молырақ 
кездесе бастайды.
Бұл қатардағы сөздердің ішінен сол кезеңде жасалғандарын 
кесіп  айту  қиын,  дегенмен  қажылық,  «әкімшілік»  мәніндегі 
төрелік, міндестік, әлеуметтік қарым-қатынасқа байланысты 
мәндегі күндестік, бостандық сияқты бес-он сөзді осы кезеңнің 
өзінде  туған  деп  топшылауға  болар,  өйткені  қазақтардың 
қажыға баруы – негізінен XIX ғасырда басталған болса керек. 
Төрелік тұлғасы бұрыннан төре сөзінің «бидің кесімі, билік» 


224
мағынасынан  туған  дерексіз  ұғымды  білдіретін  болса,  енді 
төре  сөзінің  көбінесе  орыс  әкімшілік  тарапынан  қойылған 
«ел  билеуші  әкім,  начальник»  деген  жаңа  мағынасына  -лық 
жұрнағы қосылып, «әкімдік, начальниктік» ұғымын да берген. 
Сол сияқты «бірін-бірі мінеу, айыптау» мөнінде міндестік, бір 
шаңырақтың  астындағы  әйелдерге  қатысты  «ошақ  басындық 
мәндегі» күндес сөзінен әлеуметтік мәндегі күндестік сөздерін 
қолдану да – тек осы кезең үлгілерінен табылады.
Бір қызығы – бұған дейін тек қана тірлік тұлғасында келген 
сөз енді тіршілік түрінде де кездесе бастайды: «Тіршілік пен 
өлімнің  Ұзақ  дауы  шешілген...»,  «Күнәм  жойқын,  тәубем  аз, 
Тіршіліктен не таптым ?» (Дулат). Сірә -шылық аффиксінің 
қазақ  тілінде  жандана  бастаған  тұсы  XIX  ғасыр  деуге  бола-
ды. Махамбетте ашаршылық сөзі («Ашаршылық жол көрмей) 
бұрынғы аштық дегеннің орнына қолданылған. Дегенмен осы 
күнгі  -шылық  аффиксімен  жұмсалатын  біраз  сөздер  әлі  де 
-лық жұрнағымен келеді: тарлық (таршылық емес), тірлік ва-
рианты әлі де тіршіліктен гөрі жиірек қолданылған: «Тірлікте 
есіңе  ал»  (Шортанбай),  «Алмасын  тірлікте  ердің  бағын» 
(Шернияз).
-лық жұрнағымен келген деректі зат есімдер де жоқ емес. 
Олар:  жаздық  Жаздықтың  талшық  көлі»  –  Махамбет), 
кішілік («әйелі», «жұбайы» мағынасындағы сөз, түбірі кіші – 
көне түркі тілдерінде «әйел» дегенді білдірген; «Алмажан сын-
ды  бейбақты  Кішілікке  алуға»  –  Алмажан),  мұңдық,  жемтік 
сияқты бірен-саран сөздер.
Сөз етіп отырған жұрнақтың қатыстық сын есім жасайтын 
осы күнгі өте актив қызметі де осы кезеңнен басталады. Бұрын 
оның  бұл  қызметі  тек  сан  өлшеміне  байланысты  жерлерде 
ғана  кездесетін:  бес  күндік,  бір  жылдық,  бір  тиындық.  XIX 
ғасырдан  бастап  тілден  тайлық  ақша,  ақындық  қуат,  өмірлік 
жолдас,  бір  қалаштық  тиын  сияқты  қатыстық  сын  есімдер 
көріне бастайды.
-шы жұрнағымен келген сөздер де көбейе түскен: басшы, 
қосшы,  жалғаншы,  өсекші,  өтірікші,  алдамшы,  орманшы, 
егінші, үйші, айраншы. Бұлардың көбірек кездесуі әдебиеттің 
тақырыбына  да  байланысты:  XIX  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті 


225
әлеумет тіршілігін, қоғам мүшелерін көбірек сөз етеді, ал -шы 
жұрнағы  қоғамдағы  адамдарды  әлеуметтік  орнына  (басшы, 
қосшы),  кәсібіне  (орманшы,  егінші,  биеші,  бақыршы),  мінез-
құлық қасиетіне (жалғаншы, өсекші) қарай атайтын сөздерді 
жасайтыны  мәлім  Осы  мотивпен  парсы  тіліндік  -қор, -паз 
жұрнақтары,  әсіресе  алдыңғысы,  қазақ  тілінің  -шыл,  -гіш 
жұрнақтары  активтене  түскен.  Бұл  кезендегі  үлгілер  тілінен 
жемқор, парақор, антқор, дүниеқор, ел бұзғыш, ел бүлдіргіш, 
мақтан күйшіл, жетекшіл сөздерін кездестіреміз.
Актив қолданылған жұрнақтардың қатарынан бұрынғыдай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет