244
Досына
жан жолдасы сөз салады,
Жалғаннан өлмей-өтпей кім қалады? –
деген жолдар үш шумақ бойы қайталап келеді. Сол сияқты
мұндағы қыздардың жар-жары кәнігі «Жар-жар» моделін
толық сақтайды.
Малы
жоқтың жаны жоқ,
Төсегі жоқ, жар-жар!
Жары жоқтың жаны жоқ,
Меселі жоқ, жар-жар!
Тақырыбы мен сюжеті шығыс әдебиетіндік болғанмен,
қиссаларда осы әдебиетке тән образдар аса көп кездеспейді,
дегенмен мүлде жоқ та емес. Мысалы:
Бұлбұл құс тас
қапастан сайрайды енді; жаралған саф алтыннан сүйектері;
жүрекке ғашық оты тиді; шекердей шырындығы; қолыма
хат жазарға алдым қалам сияқты образдар – әрине, қазақтық
емес. Абайдың «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз, Мұнда
жоқ алтын иек сары ала қыз» дегені, бір жағынан, ақын мен
ақындыққа, көркемсөзге келгендегі өз талғамын көрсетіп,
Көкбай, Әріп сияқты қисса жазған ақындарды сынаса
174
, екінші
жағынан, қиссашылардың осыңдай «алтын иек сары ала қыз»,
«саф алтын сүйек», «лебі лағыл» тәрізді шығыс поэзиясынан
алынған образдарға иек арту бағытына сын көзімен қараған
деп ойлаймыз.
Дегенмен XIX ғасырдағы, әсіресе XX ғасырдың бас
кезіндегі нағыз қиссалар қазақ әдеби тілінің дамуында белгілі
рөл атқарды: «қоғамның мәдени-рухани өмірі мен діни ұғым-
дарға қатысты толып жатқан сөздер әкелді», «сол замандағы
сөйлеу тілін, оның ерекціеліктерін хатқа түсіріп, алуан түрлі
сөздермен байытып отырды» (Ә.Құрышжанов) және қазақ
тіліне көркем шығыс поэзиясының кейбір қонымды образда-
рын қосты, сол образдар арқылы жеке сөздер мен түлғалар
енгізді
(бақта бұлбұл сайрау, қызыл гүл, дүлдүл, саф алтын,
гауһар, маржандай тіс, інжу-маржан, ғибрат, ғанибет, ау-
зынан дүр шашу, сахарадай кең, жер-жиһан, қаһарман т.т.
сияқты).
174
Әуезов М. Әр жылдар ойлары.
- Алматы, 1959. 113-114-б.