116
дің тұрақты эпитеттері, кейде тіпті жеке образдар бірдей түсіп
отырады. Айталық, «Ер Тарғын» жырының бір өзінде кездесе-
тін
бадана көзді кіреуке, алты аршын ақ болат, төрт қырлаған
көк сүңгі, қозы жауырын қу жебе т.б. «Қобыланды батыр»
жырында бар
толғамалы сүңгі, бадана көзді ақ сауыт, қозы
жауырын жебе дегендерді ақын-жыраулардан ұшыратамыз.
«Қобыландыдағы»
тұлпар мініп, ту алған; жара қатты, жан
тәтті, «Ер Тарғындағы»
оза шауып, олжа алған; ертеңнен
шапса, кешке озған, ылдидан шапса, төске озған тәрізді жеке
тармақтармен берілген образдар біз тілін талдап отырған жы-
раулар үлгілерінде де кездеседі. Тарғынның мертігіп жатқанда
Ақжүніске айтқан монологінің:
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт құрсайды.
Күнді
байқап қарасам,
Күн жауарға ұқсайды...
Көгілдірін ерткен
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам,
Көктен
сұңқар соғылғанға ұқсайды, –
деп келетін жерлері Шалкиіздің Темір өміршісіне айтқан мына
жолдарымен образдас түседі:
Аспанды
бұлт құрсайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде
қулар шулайды,
Көкшіліден ол
айуан
Соққы жегенге ұқсайды...
Ал батырлар жырларының барлығында дерлік үнемі қайта-
лап отыратын
қатуланып, қаттанып, буырқанып, бұрсанып,
мұздай темір құрсанып немесе:
туырлығын тоқым қып,
керегесін отын қып деген штамптар жырауларда да жиі кез-
деседі. Қазірде өзгеше мағынада қолданылатын кейбір сөз-
дердің эпостардағы беретін ұғымдары мен XV-ХVII ғасыр
туындылардағысы бірдей келеді (мысалы,
алаш, қол, аламан,
сой деген сөздерді қараңыз).