Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет107/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   138
201
6-САБАҚ


СЛАЙД № 2
Қадам 1. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Қадам 2. Оқушылар кестені толтыруға уақыт кетірмеуі үшін «БАҚ материалдарын 
салыстырмалы талдау» кестесін алдын-ала әзірлеп, сабақтың басында таратып 
беру.
Қадам 3. «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» видеосын көру (ОТРК эфирі, 2016 
жылдың 22 қарашасындағы «Ала-Тоо» ақпараттық бағдарламасының қорытынды 
шығарылымы):
https://www.youtube.com/watch?v=bJjsQKnW0jM&t=5s&list=PLeACsCPrcY3CfKK
o75y98FvsUCvv2FDK9&index=2
№ 1 ЖАТТЫҒУ. «ЖАСӨСПІРІМДЕР 
АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС
(ұсыны-
латын 
уақыт 15 
минут)
СЛАЙД № 3
Қадам 4. Бейнетүсірілімді көргеннен кейін сыныпқа сұрақтар қойыңыз:
А. Бұл материалды көру қандай тұжырымдарға әкеледі?
Б. Қырғызстандағы жасөспірімдердің көпшілігі қылмыс жасауға бейім деген әсер 
қалдыра ма?
В. Материалдың басында көрсетілген ойын клубындағы балалары қандай әсер 
қалдырады?
Г. Бұл жасөспірімдер туралы қандай да ой қалыптастыруға не себепші болды?
Қадам 5. Оқушылардың ұтымды жауаптарын тыңдау.
Қадам 6. Сыныппен бірге алғашқы «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» матери-
алына сыни талдау жасау, ОТРК.
202
203
ТАҚЫРЫБЫ: БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ СЫНИ ТАЛДАУЫ
ТАҚЫРЫБЫ: БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ СЫНИ ТАЛДАУЫ


СЛАЙД № 4
 
1.Материал не туралы?
- Материалда қандай оқиға туралы айтылады? (қандай ақпараттық себеп?)
- «Не болды?», «қайда болды?», «қашан болды?», «не үшін олай болды 
(жағдайдың себептері)?», «ары қарай өрбуі туралы мәліметтер бар ма (ресми 
статистика)?» сұрақтарына жауап бар ма?”
Баткен оқушылары жүргізушіні ұрып-соғып, оны ұрлаған сол машиналарының 
жүк салғышына салған. Сюжет барлық сұрақтарға жауап бермейді. Жасөспірім-
дер арасындағы қылмыстың себептері айқын емес. Белгілі бір уақыт аралығын-
да жасөспірімдер арасында қылмыс өсіп келе жатқандығы немесе, керісінше, 
төмендейтіні туралы деректер жоқ. «Неге» деген сұрақтың жалғыз жауабы 
- компьютерлік ойындарға деген құштарлық. Алайда, жауап берген психолог 
емес, журналистің айтуы бойынша бұл оқиғаға ата-ананы кінәлаушы мұғалім. 
Ғаламтордағы ойындар балалар арасында қылмысының өсуінің жалғыз себебі 
емес. Көптеген факторлар болуы және журналист айтқан себеп басты себеп 
болмауы да мүмкін.Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа орай қан-
дай жағдай қалыптасып, өсіп келе жатқаны немесе төмендегені туралы стати-
стика бойынша деректер жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет