Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


пікірін білдіруге мүмкіндік алды ма?



Pdf көрінісі
бет109/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   138
пікірін білдіруге мүмкіндік алды ма?
Бұл материалда басқа Тараптардың ұстанымы жоқ. Мысалы, мұғалім ба-
лалардың қылмыс жасауына оның отбасы да кінәлі дейді, бірақ жасөспірім-
дердің ата-аналарының атынан, мысалы, білім сапасы, білім беру жүйесі 
және тәрбие мәселелері туралы айта алатын адамдардың сұхбаты жоқ. 
Жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкелетін басқа факторлар тура-
лы айтқан психологтың сұхбаты жоқ. Ақпарат оқиға туралы берілген – 
жасөспірімдер жүргізушіні өз көлігінің жүк салғышына салып жүрген.
Мұғалімдерге арналған бағыттаушы сұрақтар: балалар қылмысы тура-
лы толық ақпарат берілген бе? Аталған оқиғадан басқа балалар қылмысы 
туралы басқа фактілер берілген бе? Балалар қылмысында қандай үрдіс 
орын алғандығы туралы фактілер бар ма (зерттеу немесе статистика бо-
луы мүмкін)? Кәмелетке толмағандар неге қылмыс жасайды деген сұраққа 
толық жауаптар берілген бе? Ғаламтордағы ойындар балалар қылмысы-
ның жалғыз себебі ме? Сюжетте балалар қылмысының басқа да себептері 
туралы ақпарат бар ма?
СЛАЙД № 7
4.Оқиғаны толық анықтау үшін тағы кім осы материалға сұхбат бере 
алады? Болған оқиғаның толық бейнесін жасау үшін тағы қандай 
ақпарат қосу керек?
Бұл материалда клуб әкімшісінің сұхбатын қолдануға болады, ол сол бала-
лардың ойын ойнауға қаншалықты жиі келетінін айта алады; психологтың 
интернет-ойындардың жасөспірімдерді қалай агрессивті ететінін айтқан-
сұхбатын беруге болады. Жасөспірімдердің психикасына әсер ететін және 
кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне басқа факторлар 
туралы ақпарат жеткіліксіз.Материалда жасөспірімдер арасындағы қылмы-
стың өсу қарқыны туралы айтатын статистикалық ақпарат немесе басқа да 
фактілер жоқ. Мұғалім бұл ата-ананың кінәсі дейді.
Мұғалім үшін бағыттаушы сұрақтар: Ал ата-аналардың өздері осы 
мәселе бойынша ойларын айтуға мүмкіндігі болуы керек пе? Айналы-
сатын кәсібі бойынша ең алдымен жасөспірімдер психикасы туралы кім 
айту керек? Сюжетте психологтың сұхбаты бар ма? Журналист видеодағы 
жасөспірімдер барлық бос уақытын компьютер алдында өткізеді деп сен-
діреді. Клуб жұмысшыларынан сұхбат алу керек пе, олосы жасөспірім-
дердіңклубқа қаншалықты жиі келетінін айта ала ма? Жасөспірім психика-
сына әсер ететін қазіргі проблемалар туралы кім жақсы айта алды? Сіз бұл 
материалда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың толық көрінісін көре 
алдыңыз ба? Сіз материалды көре отырып, оның өсіп келе жатқанын неме-
се керісінше азайғанын, жасөспірімдердің қандай қылмыстарға жиі бараты-
нын біле алдыңыз ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет